Жер қойнауын пайдалануға қатысты заңды міндетті түрде қайта қарап шығу керек

Жер қойнауын пайдалануға қатысты заңды міндетті түрде қайта қарап шығу керек

Әділхан Байбатша, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі:

– Әлемдегі дамыған мықты 50 елдің қа­­тарына қосылу туралы мақсаты бар мем­­лекетіміз соңғы кездері ғылымға бө­лі­нетін қаржыны көбейте бастады. Бұл ара­да геология саласына жүктелген мін­дет қандай? Ол қаншалықты дең­гей­де жү­зеге асырылып жатыр?
– Қазір ел экономикасының негізі – ми­не­­ралдық шикізат. Статистикалық де­рек­тер­дің негіздемесі бойынша, оның жалпы эко­но­ми­кадағы үлесі 80 пайыз ша­ма­сын­да, мы­­салы, бір адам 100 мың теңге айлық ала­ды десек, соның 80 мыңы минералдық ши­кі­заттан түскен табыс болып табылады. Егер ми­нералдық шикізатымыз болмаса, әлгі 100 мың айлық алатын адам 20 мың теңгені қа­на­ғат етер еді. Сондықтан бұл бай­лық түрін иге­руді тоқтату ел эконо­ми­ка­сын белгілі бір дең­гейде тоқырауға ұшы­р­атары анық.
Осыған дейін біз минералдық шикі­зат­тың қа­жеттілігін сезінген жоқпыз, жер қой­науын пай­даланушылар қазба байлықты еш­қандай шек­теусіз өндіріп келді. Расында, олар өндіріп жат­қан кеніштердегі қор Кеңес Одағы ыды­ра­ған кезеңде мол еді. Бірақ содан бері 20 жыл­дан астам уақыт өтті, жерасты қоры тү­ге­сіле бастады.
Тәуелсіздік алған жылдары кейбір ме­тал­лур­гия зауыттары және кеніштері өзге са­лалар се­кілді өз жұмысын біраз уақыт тоқ­татуға мәж­бүр болды. Өйткені кеңестік рес­пу­бл­и­ка­лар­дың өндіріс ошақтары бір-бірімен тығыз байланыста дамыды. Осы бай­ланыс үзілген соң, әр өнеркәсіптің өзд­ігінен жұмыс істеуі қиындады. Соның салдарынан сырттағы ірі тұтынушылары­мыз­дан айырылып қалдық. Салада тоқырау орын алды. Кейін көптеген ке­ліс­сөзді жүр­гізе отырып, шетелдік ин­вес­тор­ларды тарт­тық, өз ішімізден де тұ­ты­ну­шы­лар табылды. Сөй­тіп, кенішті аймақтардың тір­шілігіне жан бітті. Жыл сайын өндіріс кө­ле­мін арт­тыр­масақ, оны азайтып жатқанымыз жоқ. Демек, ондағы қордың сарқылу процесі де жеделдеп жатыр. Мысалы, Жезқазғанды ала­лық. Мұнда кен-металлургия саласына тар­тылған жұмыскерлер саны 40 мыңдай еді. Бұл – 150 мыңдай тұрғыны бар қала мен қала ма­ңы үшін өте жоғары көрсеткіш. Қазір сол Жез­қазғанда белгілі кен орын­да­рының қоры тау­сылу алдында тұр. Қаншама жұ­мыс орны тоқ­тап қалайын деп тұрғанын ен­ді есептей бе­ріңіз. Яғни ол арада кен тү­гесілсе, бүтін бір қа­ланың тіршілігі тоқ­тайды...
– Мұндай жағдайда Елбасының мо­но­қа­лашықтарды дамыту туралы тап­сыр­ма­сы бойынша қабылданған бағ­дарлама кө­мекке келе ала ма?..
– Әрине. Елбасы, әсіресе, кенішті ай­мақ­тың қазба байлығы бітсе, қандай күйге тү­се­ті­нін алдын ала бажайлап отыр. Сон­дық­тан да бүгіндері моноқалашықтарды да­­мыту мә­се­лесін күн тәртібіне қойды. Елі­мізде тіршілігі бір өнеркәсіпке байланған ша­ғын қалалар же­терлік. Ондай өңірді та­быс әкелуші бір са­ла­ға байламас үшін Үкі­мет арнайы бағ­дар­ла­ма қабылдап, жұмыс орындарын диверси­фи­кациялауға ба­сым­дық берді. Көптеп ша­ғын және орта кәсіп­кер­лік нысандарын ашу­ға жол ашылды. Осы мақсатта рес­пу­бли­ка­лық бюджеттен қаражат бөлініп жатыр. Бұл – қоғам қолдайтын, дұрыс нәрсе.
Бұл арадағы біздің мақсатымыз – кенішті өңір­дің жұмысын тоқтатпау. Ол үшін  гео­ло­гия­лық барлау жұмыстарын жетелдете қолға алып, оларды қарқынды жүргізіп, жаңа кен қо­рын табу қажет.
Бәз-баяғыдан геологтерге жаңа кен орын­ды мүмкіндігінше өнеркәсіптік игер­ліген жер­ден ашу міндеттеледі. Өйткені ол ара­да көлік қа­тынасы, технология мен тех­ника, жұмысшы қо­лы дайын тұр. Сонда кен­ді игеруде шығын аз болады. Мәселен, Алатауда Маяковский де­ген шың бар, биік­тігі – 3,5 мың метрден аса­ды. Шың басында молибден деген бағалы кен бар. Бірақ тау басынан кен өндіру өте тиім­сіз, шығыны көп. Сол себепті ол жаққа аяқ баспай отыр­мыз. Ал Қостанайдан 50-60 ша­қырым жерде Валерьянов деген гео­ло­гия­лық құрылымдық аймақ орналасқан. Ол ара­да алтын, түсті металдар кенбілімдері бар деп бол­жанып отыр. Сол секілді Жезқазғанның ба­тысы мен солтүстігінде Қарсақбай, Ұлытау де­ген аудандар бар. Бұл аймақта да зерттеу жұ­мыстары тиянақты жүргізілмеген, жал­пы­лай болмаса, ал қазір осы аталған өңір­лерді зерт­теуге жол ашылып отыр. Тіптен шілде айын­да екі магистрант пен бір инженерді алып, Ұлытау жаққа ат басын бұруды ой­лас­ты­рып отырмыз. Алдымен жер қыртысының тиіс­ті жерлерінен сынама алып, зерттейміз. Ла­бораториялық зерттеу нәтижесі көңілден шы­ғатындай болып жатса, онда кейінгі жұ­мыс­тарға жол ашы­лады. Нақтырақ айтқанда, кө­лемді кен қо­ры барын нақтылау үшін ірі мас­штабты гео­логиялық бағалау, содан кейін гео­­ло­гия­лық барлау жұмыстарын жүргізу үшін. Сол еңбектің нәтижесінде жаңа кен орын ашу жұмыстарының жобасы дайын­да­ла­ды. Ісіміз сәтті болып жатса, кенішті шағын қа­лаларда орын алуы ықтимал дағдарысқа нүк­те қойылатындығына сенімдіміз.
– Елбасы металл секілді пайдалы қаз­ба­лар, соның ішінде алтын өндірісі кө­ле­мін 2015 жылға дейін екі есеге арттыру туралы міндет қойып отыр. Сіздіңше, бұл қаншалықты мүмкін нәрсе?
– Негізі, пайдалы қазбаларды іздеу, оның қо­ры мен сапасын және орналасу жағ­дайын анық­тау деген оңай шаруа емес. Бұл про­цес­тер­ді жүзеге асырудың өзіндік нормативтері мен уақыт мөлшері бар. Мәселен, бір жаңа кен орнын тауып, оны барлап, іске қосу үшін кем дегенде 15-20 жыл қажет болады. Жұ­мыс­ты мамандар бұлайша әдейі созып жүріп ал­майды, геология табиғатының заңдылығы сон­дай. Мы­салы, ет екі сағатсыз піспейді. Бұл да сол секілді. Геологтерге 2-3 жылда кен ор­нын тауып, оны іске қос деу – етті ыстық су­ға батырып алғанмен бірдей дүние. Ақы­рын­да, айналып келгенде, әлгі шала дүниені қай­тадан гео­ло­гия­лық зерттеу қажет болады. Есе­сіне, біз қан­ша есеге шығындаламыз. Сон­дықтан осы­лай­ша шығын көп орын ал­мас үшін түрлі дең­гей­дегі талқылауларда ға­лымдар өз ес­кер­ту­ле­рін айтып отырады. Де­генмен қазіргі ғы­лымның, техника мен тех­нологиялардың да­мыған кезінде гео­ло­гиялық жұмыстарды қыс­қа мерзімде ат­қа­руға қол жеткізуге, жо­ға­рыда айтылған уа­қытты қысқартуға болады. Соңғы кездері салалық жұмысқа жауапты ве­домс­тво­лар бұл мәселенің түпкі мәнісін тү­сініп, ға­лымдар қауымдастығымен өзара ын­ты­мақтастықта жұмыс істеуге бейімделе бас­та­ды. Мұны біз жақсы үрдіс деп баға­лай­мыз. Өйт­кені еліміз инновациялық даму бағытын ұс­танған екен, онда ғалымдарсыз жұ­мыс өн­бей­тіні анық. Сол секілді қара­жат­қа сусап отыр­ған ғалымдар да жоғарыға жалтақтайды. Ға­лым ашқан жаңалық қан­ша жерден мықты бол­сын, оны мемле­кет қолдамаса, ол іске ас­пай­ды да, одан пайда болмайды. Сондықтан Үкіметтің ғылымға жылы қабақ танытуы біз үшін ауадай қажет. Биз­нес ғылымның спе­ци­фи­калық себеп­те­рін көтере алмайды. Қазіргі биз­нес қысқа мер­зімде пайда табуға ба­ғыт­талған. Мы­салы, жаңа кен орнын ашу үшін ең кем де­генде бес-алты жыл қажет десек, осын­ша мер­зім тосуға бизнестің уақыты да, мүм­кін­дігі де жетпейді.
Егер қазір біз қолымызға алып жатқан жа­ңа кен орны болуы мүмкін жерді болжауға 20-50 млн теңге қажет десек, ал ол табылған ара­да жан-жақты геологиялық барлау жұ­мыс­тарын жүргізуге – 200 млн, тіпті 1 млрд тең­ге кетеді. Өйткені ғылыми ізденісіміздің ке­л­есі сатысында техникалар тартылады. Мә­се­лен, бұрғылап, жер қыр­ты­сын ұңғылаудың әр метрі жүздеген дол­лар тұрады. Сырттай қарағанда геоло­гия­лық барлау жұмыстарына көп қаржы кете­тін сияқты көрінеді. Өнер­кә­сіп­тік кен қо­ры табылған жағдайда бұл шығындар сол қордың құнына салыстыруға кел­мейтін аз мөлшерде болып шығады. Қа­лай деген­мен де, геологиялық барлау жұ­мыс­тарына кет­кен шығын табылған заттың құнына шақ­­қанда еселеп қайтады. Минералдық ши­кі­зат қорын тек геологтер ғана табады. Сон­дықтан қазір геологиялық жұмыстарды жүр­гі­зуден тартынбау керек. Тартынып қалсақ, өзіміз аш қаламыз.
– Алтын өндірісі көлемі бойынша бү­гін­ге дейін біз көрші қырғыз бен өз­бек аға­йындардан біршама артта қалып қо­йыппыз. Оның себебі неде?
– Осыған дейін еліміздің кен істері са­ла­сындағы негізгі өндірісі түсті металдар болды. Сон­дықтан осы металдарды игеруге айрықша ба­сымдық берілді. Мәселен, бізде есепке алынған 237 алтын кен орны бар. Соның 122-сі дербес алтын кен орны болса, ал 81-і – комплексті. Яғни бұл арада кен­ді түсті ме­тал­дар алу үшін игереді де, ал ал­тынды ілеспе ме­талл ретінде ала берді. Яғни осыған дейін алтынды тек ілеспе жолмен өндірдік, Ақбақай секілді төрт-бес дербес алтынды кен орнын санамағанда. Сол себепті де елімізде өн­ді­ріл­ген алтын көлемі аз болды. Ал көрші мем­ле­кет­тер алтын алумен тікелей шұғылданды. Есе­сіне, жоспарлы түрде өндірілгендіктен, бү­гін­дері қырғыз бен өзбекте алтын көлемі шек­те­ліп келеді. Бұл ретте біздің әлеуетіміз олардан жоғары.
Былтырғы есеп бойынша, елімізде иге­ріл­ген алтын көлемі 20-25 тоннаны құ­рай­ды екен. Мемлекет басшысы мамандар ал­дына осы көлемді екі есеге арттырып, 50-60 тонна ал­тын алуды міндеттеп отыр.
Елімізде белгілі 237 алтынды кен орнының сыр­тында 360-тай кенбілімдері бар. Біз ши­кі­зат­тың өнеркәсіптік қоры жет­кі­лікті, одан ме­талл айырып алу жолы бел­гілі әрі тиімді бол­са, оны кен орны дейміз. Ал кен бар, бірақ оның өнеркәсіптік мәні жә­не кенді өңдеу тех­но­логиясы белгісіз немесе әлі жеткіліксіз зерт­тел­гендерін кенбілімдер деп атаймыз. Сонда елі­міздегі барлық алтын ресурсын есептесек, 10 мың тоннадай алтын алуға мүмкіндік бар екен. Бірақ ол үшін өте ауқымды геологиялық жұмыстар жүгізуге тура келеді.
Шынымен де, былтырға дейін біз алтын өн­­дірісіне онша көңіл бөлген жоқпыз. Ақ­ба­қай, Бестөбе, Васильковка (Алтынтау) се­кілді ірі кен орындарын алтын өндірушілер игер­ді. Кен орындарының көбісі шетелдік ин­вес­тор­дың қолында. Мәселен, Бақыршықты ал­а­йық. Ол осыдан 20 жылдай бұрын ше­тел­дік­тер­ге берілген. Бұл кен орнында 300 тон­надай ал­тын бар. Бірақ ол арадан әлі күнге дейін ал­тын өндірілген жоқ. Есесіне, ол қолдан қолға өтіп, қожайындары бұл кенішті сары майдай сақ­тап отыр. Ал басқа жағынан, оның тағы бір себебі бар: мұнда алтын өндіру технологиясы өте күрделі.
Табиғат алтынды бос және жасырулы кү­йін­де жаратқан. Бос кездесетін алтынды айы­рып алу технологиясы – бір басқа, жа­сыр­улы ал­тынды айырып алу технологиясы бір басқа бо­лып келеді. Жасырулы алтын­ның зиянды қос­палары болады, мысалы кү­шәла секілді. Сон­дықтан алтынмен бірге ондағы қос­па­лар­ды да бірге өндіруге тура келеді. Онсыз тағы бол­майды. Мәселен, 1 тонна кенде бірнеше грамм алтын ғана болуы мүмкін. Яғни ал­тын­ды алу үшін 1 тон­на жерасты таужынысын ұн құ­сатып әбден майдалау керек. 1 грамм ал­тын бір жер­де шоғырланбайды, ол көбіне ми­к­рос­коп­­пен ғана көрінетіндей, өте ұсақ бөл­­шек­тер ретінде шашырап жатады. Онда да ол та­за алтын бола бермейді. Бұл металл әр­түр­лі минералдың ішіне кіріп кетеді: пи­рит­тің, құ­рамында күшәла бар арсенопириттің іші­не де­гендей. Алтынды айырып алатын­дар егер ол бос күйде болса көреді, ал ол пи­риттің не­ме­се күшәла минералының ішінде болса, алтынды байқамай қалуы ықтимал. Жасырулы алтын дегеніміз осы. Көбіне солай болады. Сөйтіп, алтын қалдық таужыныстардың ішінде кетеді де тектен-текке ысырап болып, шы­ға­рып тасталады. Мұндай жағдайда алтын айы­рып алу тиім­ділігі 40-60 пайызды ғана құ­рай­ды. Әлгі қалдық кенді де бізде ешкім қа­был­дамайды. Концентрат, яғни байытылған кү­йінде дайындап бермесең. Мәселен, Ба­қыр­­шық­тағы алтынды өндірсе, оның қо­жа­йындары 100 тонна алтын алуы мүмкін, ал қал­ған 200 тоннасы қалдықтардың арасында ке­те береді. Өйткені бүгінгі қолда бар техно­ло­гияның шамасы осындай өндіріске қана же­теді. Сол себепті қазір ғалымдар Елбасы ал­ға қойған тапсырманы орындау үшін жаңа ал­тын кен орындарын ашумен қатар, оны тиім­ді игерудің жаңа технологиясын іздестіріп жа­тыр.
– «Жер қойнауы және жер қойнауын пай­далану туралы» Заңда геологиялық бар­лау жұмыстарын жүргізуге қан­ша­лық­ты еркіндік берілген?
– Жалпы, бұл заңды міндетті түрде қай­та­дан қарап шығу керек. Өйткені онда нақ­ты­лай­тын жерлер өте көп. Әйтпесе қолданыстағы заң геологиялық барлау жұмыстарына еркіндік береді деп айта алмаймыз.
Қазақстан жері – кең-байтақ. Аумағы 2,72 млн шаршы шақырымнан асатыны бел­гілі. Қазір соның кез келген жерінде кен іздеу жұ­мысын жүргізуге болады. Бірақ сол жерге ба­ру жағы екіталай болып тұр. Өйткені жер ту­ралы заң шыққанан бері барлық жер са­ты­лып кетті, оның әр телімінің өз қожайыны бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын өз бетімізбен алтын кенін зерттейік, мүмкін болса, өндіріс ашайық деп талпыныс жасап көрдік. Сонда Қазақстан аумағын шарлап, бір бос жерді таба алмадық. Бәрі-бәрі лицензияланып қойылған. Олардың көбінде жерасты байлығы игерілмей жатыр. Қайда барсаң да әлгі жердің қожайыны: «Бұл – менің жерім, барлау-марлау дегеніңді ұқ­пай­мын, шық», – деп қарап тұрады. Еркіндік ту­ралы бұл арада сөз жоқ.
Жалпы, кен өндіру саласы солай. Ше­тел­дік­тер де, өзіміздің инвесторлар да өткен ға­сыр­дың 90-жылдарынан бастап 2000 жылға дейін кен бар-ау деген жерді пайдалы қазбасымен бірге бөліп, баяғыда меншіктеп алған. Бізде лиценцияланған аумақтар картасы деген бар. Сонда бәрі сайрап тұр, қай жер кімнің меншігінде екендігі.
Бәрінен өкініштісі, меншік иелерінің көбісі жерастындағы қазба байлықты өндірмейді, қожайындары қорадағы малы сияқты ұстап отыра береді. Ал бұл кезде мемлекет шикізат қо­рына сусап отыр. Біз сол жерлерде гео­логиялық барлау жұмыстарын жүргізейік де­сек, аяқ бастырмайды. Себебі заң – сол жер­дің қожайыны жағында. Сондықтан бұл мә­селеге Үкімет ден қойып, араласуы қажет. Заң­да: «Мынау кен болуы ықтимал жер, егер оны бір-екі жыл көлемінде игермесең, әлде оны игеруге зауқың соқпаса, онда жерді қай­тар, ғалымдарға зерттеуге бер» деп көрсетсе, бұл талап еліміздің шикізат қорын молайтуға, гео­логтердің жұмысын жандандыруға серпін бе­ретін игі іс болар еді. Бұл – біріншіден.
Екіншіден, тиісті органдар жер қазба бай­лық­тарына қатысты келісімшартты қайтадан қа­растыруы керек. Ол үшін қазір ауыл ша­руашылығы жерлерін инвентаризациялап жат­қан секілді, жер қойнауын пайдалану­шы­лар ие­лігіндегі қазба байлықты қайтадан есептен өт­кізу керек. Мәселен, полиметалл кен орнын ала­йық, мұнда негізгі үш компонент бар: мыс, мы­рыш, қорғасын. Оның сыртында кен құра­мында алтын, күміс, рений, осмий және басқа құн­ды элементтер болуы мүмкін. Шетелдік ин­весторлар келіп: «Біз осы арадан мыс не­месе мырыш, қорғасын өндіреміз», – деп жалға ала­ды. Ал басқа элементтер келі­сім­­шарт­та көр­сетілмей қалатын жағдайлар бола­ды. Қа­зір 1 грамм алтынның құны 50 АҚШ дол­лары ша­масында болса, таза ос­мий­дің 1 гра­мы 100 мың доллардан асады. Де­мек, әлгі мыс ке­нішінен мыстан бірнеше есе қымбат табыс бар. Көбісі, осындай жасырып қалған эле­­мент­­терді көзден таса қып өндіріп алып ке­туге ты­рысады. Осы жағынан алғанда, гео­­лог­тер мем­лекетке кен орындарында қан­дай эле­менттер барын нақтылап көрсетіп бе­руі ке­рек: «Мы­нау мыс кен орны, оның құра­мында тағы 15 элемент бар» деген сияқты. Одан кейін мем­лекет шетелдік инвестормен ке­лі­сім­шартқа отыр­ғанда осы мәліметтің бар­лы­ғын тіркетіп, есе­бін жүргізеді. Ал келісім­шарт­­та мыс көр­сетіліп, басқасы есепке алын­ба­са, ше­тел­дік ин­весторлар мыс бойынша са­лық тө­леп, қал­ға­н­ын қалтасына басып қала бе­реді. Біз­де кен ор­нын жалға алған инвес­тор­лардың кө­бісінің ке­лісімшарты осылай асы­ғыс жа­сал­ған. Ке­зінде әлі дұрыс ашылып зерттелмеген, бі­рақ бел­гілі бір кен барын білген билік оның құра­­мын­да тағы басқа қандай қымбат эле­мент­тер барын пайым­да­мас­тан шетелдіктерге жалға беріп жіберді. Тә­уелсіздік алған кезеңде қа­ра­жат болмаған соң, жоғары деңгейде гео­ло­гиялық жұмыстар жүр­гізуге мүмкіндік бол­ма­ған шығар. Бірақ қа­зір осы шалалықты пы­сықтауға қауқарымыз жеткілікті.
– Геолог ретінде осы саладағы инно­ва­­ция деп нені айтар едіңіз?
– Еліміздің геология саласында ашылып жат­қан жаңалықтар жеткілікті. Кен орындарын табу, оны игерушілерге технологиясы жағынан қол ұшын беру бағытында, тіптен кең-байтақ же­рімізде бар және болуы ықтимал қазба бай­лықтардың нүктесін бүгінгі ақпараттық тех­нология тілінде сайрату секілді өзіндік ғы­лыми ізденістеріміз бар. Мәселен, осының соң­ғысына тоқталсақ.
Біздің институт (Қ.Тұрысов атындағы гео­ло­гиялық барлау және мұнай-газ ісі инс­ти­ту­ты) Томскінің политехникалық универ­си­те­ті­мен бірлесіп, цифрлық жаңа геологиялық кар­та әзірлеуге кірісті. Онда еліміздегі бар әрі бо­луы ықтимал мыс, қорғасын, мырыш, ал­тын секілді кен орындарын болжауға мүм­кін­дік берілген. Бұл картадағы мәліметтер ға­рыш­тан суретке түсіріліп алынған. Яғни жер­ден жоғарыға қарай қашықтық артқан са­­йын, мұндағы терең жерасты бай­лықта­ры­нан сәуле бөліне бастайды. Біз солардың әр­қай­сысын жекелей суретке түсіріп, зерттеу жүргіземіз. Жалпы, ғарыштан жерасты бай­лы­ғын зерттеу жұмысын бізде осыған дейін еш­кім жүргізген емес. Сондықтан да ол ин­но­ва­циялық ғылыми жоба болып табылады.
Цифрлық карта қазіргі технологияға не­гіз­делген. Бұрын даланы барлап, көргенімізді қа­ғазға түсіріп, оны кейін картаға қолмен сы­за­тынбыз. Қазір осы карталардың барлығын ком­пьютер дайындайды. Әрі картада бел­гі­лен­ген әр нүкте бойынша лезде мағлұмат алу­­ға болады. Бұл цифрлық карта табылған кен орны мен кенбілімдер туралы еліміздегі то­­лық ақпаратты қамтиды. Цифрлық кар­та­ның мүмкіндігі – толық ақпарат бе­ре­тін­ді­гін­де. Электрондық мәліметтер болмаса, кар­та­да­ғы ақпаратты білу, алу қиынға түсері сөз­сіз. Яғ­ни көп қағазды ақтарып, қандай да бір құ­жат­ты қарауға рұқсат алып, уақыт ке­тіресіз.
Бірақ сол ақпараттың бәрін компьютерге тү­сіру – басқа мәселе. Яғни ақпаратты енгізу үшін үлкен ғылыми жұмыстар жүргізіліп, гео­ло­гиялық барлаудың нәтижелері болуы керек. Мі­не, осы саладағы ғылыми ізденістер бо­йын­ша мәліметтерді жинақтап, ғарыштың да мүм­кіндігін пайдаланып, біз жаңа болжамдық кар­та әзірлеудеміз. Мемлекет үшін де, ин­вес­тор үшін де бұл қолайлы карта болады. Яғни ком­пьютердің тетігін басып қалып, бір сәтте елі­міздің қазба байлықтары бойынша мә­лі­мет­ті біле аламыз. Егер мемлекет бұл ғылыми жұ­мысымызды қолдап, қаражат бөлуге мұ­рын­дық болса, осы бағыттағы жұмыс­та­ры­мыз­ды жалғастыруға мүмкіндік алар едік. Бұл шикізат қорын іздеп, оны ашуда таптырмайтын жаңа инновациялық тәсіл деп білеміз.
Сонымен қатар қазір біз құрамында алтын бар геологиялық және техногендік кен деп ата­латын өнеркәсіп қалдықтарын да арнайы ми­кроминералогиялық және наноминера­ло­гия­лық зерттеумен айналысып жүрміз. Та­бы­сы­мыз да нәтижелі. Мәселен, бұл зерттеулер кө­рінбейтін микроскоптық алтын есебінен оның табиғи ресурсын арттыруға, ал зерт­ха­налық эксперименттер алтын айырып алу деңгейін 95 пайызға дейін көтеретін техно­ло­гия­лар жасауға қол жеткізуге негіз болады. Жұ­мыс нәтижесі шағын монографиямызда си­патталған. Бұл да инновация.
– Бұл цифрлық жаңа карта жобасын жа­сауға қолдау білдірушілер болмады ма?
– Қазір ғылыми жұмыстарға жиі бәйге жа­рияланып тұрады. Соған да бірнеше жо­ба­мызды ұсынып қойғанбыз. Оның нәтижесі келесі жылы белгілі болады.
– Жаңа бұл ғылыми жұмысты Томск по­литехникалық университетімен әзір­ле­дік дедіңіз. Өндірістік тыңшылық деген бар. Олар сіздер ойлап тапқан ғылыми жа­ңалықты ұрлап қояды деп қорықпайсыз ба?
– Негізі, әлем бойынша Қазақстан гео­лог­те­рі мықты болып саналады. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап «Қазақстан жер қой­на­уының геологиялық құрылысы ерекше, осы­ны білетін геологтердің жұмысы бізде де нә­тижелі болады» деп, біздің ғалым-ма­ман­дар­ды шетелдіктер шақыра бастады. Осы фак­тінің өзі академик Қаныш Сәтбаев негізін қа­лаған біздің геологияның мықты мектеп еке­нін білдіреді. Бірақ Кеңес Одағы ыдыраған соң көп ғалым шетелге, бизнеске кетіп қалды. Ре­сей қанша жерден әлсіресе де алып ел, бо­йын тез түзеп алады. Ал бізде бір ғалым кетсе, орны ойсырап қалады.
Жалпы, Ресей ғалымдарымен бірге жұмыс істеу экономиканың басқа салаларындағыдай гео­логия үшін де өте тиімді. Өйткені Кеңес Ода­ғы құрамында болғалы бері негізгі ба­ғыт­тағы геологиялық жұмыстарды солар атқарып ке­л­ді: Мәскеудің, Ленинградтың, Но­во­сі­бір­дің, Томскінің ғылыми-зерттеу институттары жә­не ғалымдары дегендей. Сондықтан Ре­сей­дің қолында бізге қатысты шоғырланған ма­териалдар өте көп, олар аса құнды. Ол кез­де бізде жасалған жұмыс нәтижелерінің бар­лы­ғы есепнама, монография түрінде орта­лық­та, яғни Мәскеуде шоғырланды, сондағы мұ­рағаттарға тіркелді. Қазірдің өзінде қазба бай­лық бойынша өзімізде жоқ мәліметті Ре­сей­ден тауып алуға болады. Осы жағынан ал­ғанда, «Ресеймен жұмыс істеудің қажеті жоқ, олар бәрін біліп қояды» деген – ақылға қон­байтын нәрсе. Біз олардан ғылыми жа­ғынан аларымыз болмаса, береріміз жоқ. Қа­зіргі практикалық немесе теориялық ғылыми жұ­мыстар болсын, жаңа технология жағынан орыс­тар бізден әлдеқайда алда. Себебі бізде бір саланы жетік білетін мықты бір ғалым бол­са, оларда мұндай ғалымдардың он шақтысы бар.
– Тұшымды әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста