Тұйықсу мұздығы түгел ерісе, бүкіл Алматыны сел шайып кетеді

Тұйықсу мұздығы түгел ерісе, бүкіл Алматыны сел шайып кетеді

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

– Мэлс мырза, Көксарай суқоймасын салу арқылы қызылордалықтардың жыл сайынғы проблемасын шештік деп жүргенімізде, су тасқыны еліміздің өзге де аймақтарынан орын алып, үлкен шығындарға әкеп соғып отыр. Сіздерде апаттан бұрын Алматы облысындағы дамба туралы қандай да бір мәліметтер, зерттеулер болды ма?

– Алматы облысында орын алған жағдайды естіп отырмыз. Қайғылы оқиға орын алды. Дәл осы бөгет  туралы  нақты  деректеріміз жоқ. Су бөгеттерін ешкім де зерттемейді. Сондықтан біздің  қолымызда нақты мәліметтер жоқ. Жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, осы мәселелердің барлығын айттым. Өзім бұрыннан көтеріп келе жатқан Сорбұлақ проблемасын да айтуға мүмкіндік туды. Елбасының қабылдауында болғанымда, еліміздің өзге де тұрғындары өміріне қауіпті аймақтар туралы баяндадым. Жоғары жақтағылар ақпаратты дұрыс жеткізбейтін болуы керек, осы мәселелерді айтқаным сол еді, Елбасы Төтенше жағдайлар мен Қоршаған ортаны қорғау министрліктеріне Сорбұлақты қолға алу туралы арнайы тапсырма берді. Біз де адам айтқысыз оқиғалардың алдын алуға бар күшімізді саламыз. «Табиғат» экологиялық одағы осыған байланысты өзінің зерттеулерін ұсынбақ. Мұны Сорбұлақ проблемасын көп жылдар бойы көтеруімнің жемісі деп есептеймін. Құдай бетін ары қылсын, Сорбұлақтағы суды ұстап тұрған екі дамба бір жерінен шеті шытынап кетсе, сонан кейін сол лакум түгел құйылады. Кешегі Алматы облысындағы 40 млн куб метр судың өзі үлкен шығынға батырды. Бәрінен де адам шығынына жол беруіміз өкінішті болды. Ал Сорбұлақта 1 миллиард куб метр су бар екенін естен шығармауымыз қажет. Қайталап айтайын, егер 7 балдық жер сілкінсе немесе бөгет шытынап кетсе, Ақши, Күрті деген екі ауданды тұтас су алып кетеді. Және Балқаш ауданы түгел шайылып кетеді. Зерттеулер бұл жердегі 50 мыңға жуық адамның су астында қалу қаупі бар екенін көрсетіп отыр.

Алматы облысының Іле ауданында орналасқан Сорбұлақ 36 жылдан астам уақыттан бері қолданыста болғандықтан, оңтүстік астана мен оның төңірегінен биологиялық тазартылған қалдық су келіп түсетін тұйық шұңқыры бар. Сорбұлаққа жиналған қалдық судың деңгейі артқаны байқалып отыр. Басты себеп – қалдық суды дер кезінде қайта өңдеп, кәдеге асыру жұмысының тоқтап қалуы, сондай-ақ 17 стансының 7-еуінен ғана суды тартып шығаруы болып отыр. Мұндай жағдай қалдық судың Сорбұлақ көліне шамадан тыс толып кетуіне әкелуі мүмкін.

– Сорбұлақ мәселесін реттеуге қандай ұсыныс айтасыз?

– Менің бұған қатысты екі ұсынысым бар. Біріншісі – сала мамандарын қатыстыру арқылы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу. Екіншісі – каналдар салу арқылы судың деңгейін төмендету. Бұл екі ұсынысты уақыт оздырмай қазірден бастап қолға алу керек.

– Оқиға аяқталғаннан кейін шауып келетін үнді киноларындағы полицейлер сияқты біздің төтенше жағдайларды қадағалайтын ведомство оқиғаның болары болып, бояуы сіңгеннен кейін қимылдап жатады. Жалпы, бізде қандай да бір алдын алу жұмыстары жүргізіле ме?

– Біздегі суқоймалардың барлығы кезінде жекеменшікке берілгендіктен, мемлекеттік органдар ол жерлерге толығымен бақылау жасай алмайды. Су бөгеттеріне белгілі бір мөлшерде қаржы қажет болып отырады. Кешегі су тасқыны  болған ауылда плотинаның жағдайын бақылап отыратын арнайы қызмет болды дегенге өз басым сенбеймін. Ал, негізінде, суқоймаларында алдын ала мәліметтер беріп отыратын арнайы мамандар, күзетшілер болуы керек. Жекеменшік болғаннан кейін мемлекет суқоймаларға қаржы бөліп, жаңарту жұмыстарын жүргізбейді. Сондықтан барлық суқоймаларды мемлекет меншігіне қайтару керек. Мұны Президент те айтып отыр. Мемлекетке қайтару шындап қолға алынса, бір-ақ күнде бітетін шаруа. Сонда ғана мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыра аламыз. Дегенмен жекеменшік екен деп мүлде назар аудармай қоюға тағы болмайды. Бір адамның меншігіндегі суқоймадағы ақаудың кесірінен жазықсыз жандар жапа шегіп, мемлекетті шығынға батырды. Бізде су тапшы болғаннан кейін суды жинайтын қоймалар еліміздің таулы аймақтарында көп. Қызылағаш ауылындағы жағдай үлкен сабақ болады деп ойлаймын. Жергілікті әкімшіліктердің де бұл мәселеге жүрдім-бардым қарағандығынан орын алып жатқан жағдай. Мемлекет бәрін қолға алып, бұл мәселеге көп көңіл бөлу қажет. Себебі ғаламдық жылыну байқалып келеді. Желтоқсан айында Копенгаген қаласында халықаралық жиынға қатысып қайттым. Сонда белгілі болғандай, әлемде жарты градус жылыну байқалған. Мен осы табиғи апаттарды соның салдарынан ба деп ойлаймын.

– Жасыратыны жоқ, көктем келсе, тұрғындарды үрей билейтін болды. Су тасқыны, қар көшкіні сияқты апатты жағдайлар жиілеп кетті. Жаман айтпай жақсы жоқ, дәл қазір республикамызда тұрғындарға қауіп төндіріп тұрған жерлер туралы айтып өтсеңіз.

– Жоғарыда айтып өттім ғой, біздің елімізде қауіпті аймақтар, қауіпті орындар өте көп. Солардың көпшілігі осы Алматы облысының территориясында екен. Бір ғана Алматының өзінде бірнеше проблема бар. Сейсмикалық жағдайынан бөлек, Алматының жоғарғы жағындағы Тұйықсу мұздығы еріп жатыр. Ал ол жерлерге адамдар үй салып тастаған. Бұл енді масқаралық қой. Әкімдіктер қайда қарап отыр? Мұздықтардың 40 пайызы еріді. Егер түгел ерісе, бүкіл Алматыны сел шайып кетеді. Жалпы, Алматы қаласы 700 мың адамға арналған. Қазір бұл көрсеткіштен екі еседен көп халық бар. Тұрғындар тіпті апатты жағдайлар орын алуы мүмкін орындарға шоғырланып алған. Шығыс Қазақстан облысында да осындай мәселе күйіп тұр. Биыл ол жаққа үш жылдың қары жауды. Шығыс Қазақстан облысында биыл қар көлемі қалыпты мөлшерден 6 есе көп түскен. Егер күн райы күрт жылынса, көптеген елді мекендерді тасқын су алып кету қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде осыдан он шақты күн бұрын «Өскемен қаласына қарасты Жаңа Согра шағынауданындағы үйлерді су ала бастады» деген ақпарат тарады. Сол жақтағы Безымянный өзені арнасынан асып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Өскеменді қақ ортасынан кесіп ағатын осындай бес шағын өзен бар. Биыл олардың көбісін қоқыс араласқан мұз құрсаулап қалған. Осыған дейін шағын екі өзеннің арнасы тазаланды. Төтенше жағдайлар мамандары күн күрт жылынса, Үлбі өзені де арнасынан тасуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Қаңтар мен ақпанда қатқан мұзға қазір қар суы қосылып, Ертіс пен Үлбі өзендеріндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Бірақ та мамандар Ертіс өзенінен қалаға қауіп жоқ деп отыр. Күн әне-міне жылынайын деп тұрғанда, алдын алу шараларын күшейте беруіміз қажет. Шығыс Қазақстандағы қалың қар жауған елді мекендерге көмір шашу туралы ұсынысыммен Үкіметке шығайын деп отырған жайым бар. Күннің көзі жылт етсе, көмір себілген жерлердегі қарлар еріп, тез сіңеді. Күрті суқоймасы да біраз жыл қараусыз қалды. Жалпы, биыл қар көп жауғандықтан, су көп болатыны анық. Сондықтан суқоймалардағы жиналған суды ауық-ауық жіберіп тұру керек. Өйтпесе еліміздің көп жерінде осындай қайғылы жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы 6-дан 8 балға дейін жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық күш белсенділігі жоғары аймақта орналасқан. Оңтүстік өңірде таулы жерлерге іргелес жатқан жоталарда қарқынды геодинамикалық процестер болып жатыр. Құрамында уран бар шикізаттың облысымызда өндірілуі бұл ахуалды шиеленістіріп отыр және ол кей жағдайда айтарлықтай қарқынды техногендік оқиғалардың орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін. Оңтүстіктегі Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бөген, Сайрамсу өзендері облыс аумағындағы негізгі жерүсті су көздері болып табылады. Облыста ұзындығы 10-нан 200 шаршы шақырым құрайтын барлығы 118 кіші өзен, 28 суқоймасы және 25 көл бар. Күзгі-көктемгі тасқын кезінде бұл өзендер бейбіт тұрғындар үшін қатер тудырады. Өйткені барлық өзендер таулы жерден бастау алады және олардың жылдамдығы жаңбыр немесе еріген қар суы ағынымен толысқан кезде күшейе түсіп, жылдан-жылға жол-жөнекей өзен жағаларын шайып, үйлер мен өзге де нысандарды зақымдауда.

01276

– Су тасқыны, қар көшкіні қаупі төніп тұрған аймақтарға алдын ала төтенше жағдай жариялаған дұрыс па?

– Әрине, қауіп төніп тұрған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек. Ол үшін, алдымен, жергілікті жерлерде зерттеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет. Егер алдын ала төтенше жағдай жарияланбаса, қосымша қаржыны, құтқаруға қажетті техникаларды дер кезінде алу мүмкін емес. «Суға кеткен тал қармайдының» кебін кимес үшін ертерек қамдану керек. Негізінде, қауіпті аймақтардың барлығы жылдың қай мезгілі болсын жергілікті атқарушы органдардың назарында болуы шарт. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын жандандыру керек. Және тиісінше ведомствоның жұмысын қатаң қадағалау қажет.

– Біздегі суқоймалардың сапасы сын көтермейтінін көз көрді. Суқоймалардың маңындағы елді мекендерді жырақтауды қолға алу керек шығар...

– Әрине, егер біздің мемлекетке адам өмірі Конституцияда жазылғандай, қымбат екені рас болса, суқоймалардың іргесіндегі ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға қазірден бастап көшіруді қолға алған дұрыс. «Аузы күйген  үрлеп ішеді» дегендей, мына оқиғадан кейін мұндай мәселелер күн тәртібіне шығатын шығар.

– Қазақстанның экологиялық картасы жасалған ба? Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?

– Арнайы экологиялық карта жасалған жоқ. Экология мәселесі күнде өзгереді. Сондықтан үнемі жағдайды жіті қадағалап, мониторинг жүргізіп отыру керек деп есептеймін.

– Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, алдымен, қандай шаруаларды қолға алу керек?

– Біріншіден, суларға қалдықтарды тастап жатқан азаматтарды жауапқа тарту керек. Екіншіден, Үлкен Алматы өзенінің бөгеттерін тексеріп, арнайы зерттеу жүргізілсе, дұрыс болар еді. Себебі тау қарының еруі кезінде қаланы селден қорғайтын бөгеттердің барлығы сақадай сай болып тұруы керек қой.

– Медеу, Шымбұлақ сияқты демалыс орындарының маңында қар көшкіні қаупі жоқ па?

– Неге жоқ? Биылғы қыс ерекше болды. Күн жылынса, қар босап, соңы үлкен көшкінге ұласуы да ғажап емес. Бұл мәселені мен айтқаннан не өзгереді дейсіз. Қар көшкіні қаупі төніп тұрған орындарды қалалық төтенше жағдайлар басқармасы да біліп отыр. Тек халыққа алдын ала ескертіп, уақытында құлақтандырып отыру керек.

– Әңгімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста