Қазақстандағы қара малдың бес пайызы ғана асыл тұқымды

Қазақстандағы қара малдың бес пайызы ғана асыл тұқымды

Қанат МЫҢЖАСОВ, академик, ветеринария ғылымының докторы, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

– Қазақстанның алдына мал шаруа­шы­лығының экспорттық әлеуетін арт­тыру міндеті қойылып отыр. Бірақ мың­ғырған қой мен сиырымыз же­ке­шелендіру кезінде талан-таражға түсіп, қораларымыз бос қалғаны шын­дық. Кеден одағы құрылып, қазақ ша­руа­лары үшін ет экспорттауға зор мүм­кіндік ашылып отыр. Мал баққан ағайын сол мүмкіндікті қаншалықты пай­далана алады?
– Бүгінгі таңда мал шаруашылығын да­мы­ту өте маңызды, оған ет экспортына деген сұраныс да өзіндік себеп болып тұр. Бір ғана мысал, Солтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның өзі былтыр он мыңдай сиыр сатып алды, биыл да бұл меже он екі мыңның ша­масында. Шағын шаруа қожалықтары да, ірі шаруашылықтар да қолдарындағы мал басын көбейтіп жатыр. Асыл тұқымды сиырлардың дені шетелдерден әкелінуде, оның ішінде, Еуропа пен Америка құр­лық­та­рынан жеткізіліп жатыр. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы министрінің тап­сыр­ма­сымен мал сатып алу ісіне ғалымдар ара­ласып, шетелдерге шыға бастады. Біздің Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­ты­ның ғалымдары да өзіндік үлестерін қосып жатыр. Өңірлік бағдарламаны даярлауда біздің бес ғылым докторы, 20-дан астам кандидаты жұмыс жүргізді.
Менің ойымша, Зеңгі баба тұқымын шеттен сатып алып жатқанымыз өте орынды. Себебі Қазақстандағы қара мал­дың тек 5 пайызы ғана асыл тұқымды. Ал жаңағы мен айтып отырған шет мем­ле­кет­терде бұл көрсеткіш 60, кейде 80 пайызға дейін жетеді екен. Демек, қазақ сиыр­ла­ры­ның тұқымын жақсарту, яғни селекциялық үрдіс үшін бұл өте маңызды және міндетті іс. Сондықтан үкіметтің мал шаруашылығын дамыту туралы бағдарламасын ғалымдар құптап отырмыз. Мәселе шетке ет сатудағы мүмкіндіктер туралы болып отыр, демек, біз сапаға жұмыс істеуіміз керек, малы­мыз­ды асылдандырып алған жөн.
– Бүгінгі таңда қазақтың қорасында қанша малы бар?
– Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда шамамен 18 миллион ірі қара мал болған-ды. Ал 90-жылдардың басындағы жеке­ше­лен­діру кезінде талан-таражға түсіп, азайып кетті. Қазір орташа есеппен 8 мил­лиондай сиыр бар. Егер мемлекет тара­пы­нан бүгін­гідей қолдау көрсетіле берсе, мал басы ертең-ақ көбейіп шыға келеді. Себебі біздің елдің мүмкіншіліктері өте зор.
– Асыл тұқымды мал тек 5 пайызды ғана құрайтынын айттыңыз. Шеттен сиыр сатып алу – қазақ сиырларының тұқымын жаңартудың бірден-бір жолы ма?
Иә, біріншіден, тұқымы мықты қара малды шеттен сатып алып жатырмыз. Қайталап айтамын, ол жақтан тек асыл тұқымды сиырлар ғана әкелінуде. Негізі­нен, элиталы, бірінші және екінші класқа жататын ангус пен герефорд тұқымдары әкелінуде. Бұдан кейінгі жол – асыл тұ­қым­ды бұқалардың ұрығын алып өзге сиыр­ларға саламыз. Бұл шаруа облыста «Асыл түлік» шаруашылығында жақсы жүзеге асырылуда. Үшіншіден, жергілікті ға­лым­дар эмбриондарды трансплантациялау әдісін қолдануда. Бұл – мал басын асыл­дан­ды­рудағы озық әдістердің бірі, кеңірек тоқтала кетейін, бұл қарапайым қара малдан асыл тұқымды донорлар арқылы етті төл алу жолы. Немесе бұны сурагаттық анамен салыстыруға болады. Ал алатын төліміз асыл тұқымды болып шығады. Бұлай ұрықтандыру арзанырақ әрі тиімді. Бізде құны 200 долларды құрап отыр, ал шетелден бір төлді әкелсеңіз, оған ақшаңыз еселеп кетеді. Өзіңіз есептей беріңіз. Үш шаруашылықта бұл тәжірибені жүргізіп көрдік. Былтыр бес бірдей төл алдық. Алғаш­қы нәтижелер жаман емес.
– Соңғы кезде шетелден сиыр сатып әкелу сәнге айналып кеткен жоқ па? Қашанға дейін сырттан тасимыз? Олар өз құнын қаншалықты ақтап жатыр?
– Шетелден әкелген сиырларға сол елдегідей жағдай жасау керек. Бірінші кезекте жем-азық қорына назар аударған жөн. Және технологияны сақтау керек. Шетелге көп шықтық, ол жақта жемнің құра­мына неше түрлі дәрумендер қосып беретінін көз көрді. Соның бәрін бізде де істемесек жылына 10 мың тонна сүт береді деп әкелген сиырымыз 5 мыңнан аспай қалуы мүмкін. Қазақстанға алғашқылардың бірі болып Канададан сиыр әкелген «Зенченко және К» командиттік серіктестігі бүгінде бір сиырдан орташа 7-8 мың тонна сүт саууда. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш – бір сиырдан жылына 2,4 мың тонна сүт қана.
Ал қашанға дейін шеттен тасимыз дегенге келсек, біздің республикада асыл тұқымды мал 5 пайыз ғана екенін айттым, алдымен осы көрсеткішті көтеріп алу керек. Біз өмір бақи шетелге қол жайып отыр­маймыз ғой. Сондықтан шеттен төлдерді әкелудегі бір мақсат – олардың техно­ло­гиясын үйрену. Өзіміздің ғалымдардың жұмысын одан ары жандандыру керек.
– Шеттен әкелініп жатқан сиырлардың құны қанша осы?
 Мен өзім сатып алып көрген жоқпын, бірақ шаруалардың айтуынша, барлық шығындарды қосып есептегенде бір ірі қараға 5 мың АҚШ доллары жұмсалады екен. Бұл сома самолетке кеткен шығынды, бәрін қосқанда шығады.
– Мал шаруашылығын дамыту үшін жем-азық шаруашылығын дамыту қажеттігі дау туғызбайды. Жем-азық мәселесі қалай шешілуде?
– Бізде ақсап тұрған осы жем-шөп қой. Баяғы сол жайылымдар. Жылда бір жерге көктем келе шығарып, қыс түскенше жая береміз. Шөпті де жаңарту керек, бір жылдық, көп жылдық шөптерді егу қажет. Мысалы, Аргентинада болдық, әрбір екі жүз бас сиырға екі жүз гектар жер қарас­тырылған. Шөбі сәл сұйылса болды, басқа жайылымға ауыстырылады.
Жемге неше түрлі микроэлементтер қосып беріледі. Бізде де «Зенченко және К» командиттік серіктестігі мен «Тайынша-Астық» серіктестіктері жем-азық дайын­дауда шетел технологиясын пайдалануда. Біздің елде ірі шаруашылықтарды дамыту керек, себебі оларда заманауи техно­логияларды пайдалануға мүмкіндік бар. Қымбат аппараттар сатып ала алады. Ал 15-20 бас сиыры бар ұсақ шаруашылықтар не істей алады дейсіз.
– Бүгінде қазақстандық бренд төңі­регінде көп әңгіме айтылып жүр. Осы тұрғыда қазақтың ақ бас сиыры бренд бола ала ма деген сауал туындайды? Ірі қараның осы тұқымы жайында айта кетіңізші.
– Бұл, біріншіден, өзіміздің ғалым­дар­дың еңбегі. Екіншіден, жергілікті табиғатқа, осы жердің жем-шөбіне бейімделген. Оның лақап аты – «комбайн». Сабан бол­сын, шөп болсын, не берсең де жей береді. Біздің облыста «Алабота» тұқым шаруа­шылығында қазақтың ақ бас сиырының 6 мың басы өсіп-өнуде. Ақ бас сиырдың төлі бір тәулікте 1000 грамға, яғни бір келіге дейін салмақ қоса алады. Бұқалардың салмағы бір тоннаға дейін жетеді. Еті мрамор сияқты, бір май бір еттен келіп отырады. Біз бұны шетелге ұялмай шығара аламыз. Нағыз брент өнім болар еді. Жұрт қазақтың ақ бас сиырының неге мүйізі жоқ деп жатады. Бұл арнайы жасалған. Олар етті тұқым ғой, салмақтары өте жоғары. Тамаққа келген кезде бірін-бірі сүзіп, жа­рып тастауы мүмкін болғандықтан ға­лым­дар тұқыл қылуды ұйғарған. Екін­шіден, мүйіздің өсуіне де энергия жұмсалады.
– Ғылым өндірістен көп алшақтап кетті. Қай саланы алсаңыз да, сол. Дегенмен сіз басқаратын ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары біраз жұмыстың басын қайтарып жатқанын айтып қалдыңыз.
– Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты еліміздің солтүстігіндегі бес облысқа қыз­мет көрсетеді. Жалпы, Қазақстан бойын­ша мал шаруашылығымен айна­лысатын 3 ғылыми-зерттеу институты ғана бар. Мал ша­руашылығын дамыту бағдар­ла­ма­ла­рының барлығы бізде жасалады. Шаруа­шы­лықтарға әдістемелік көмек көрсетеміз. Жем-азыққа байланысты да ақыл-кеңес беріледі. Жақында фермерлерді оқытатын өңірлік орталық ашылды. Оқуға кететін шығынды ауыл шаруашылығы министрлігі береді, ал шаруалардан еш шығын шық­пайды. Ғалымдар оларға мал шаруа­шы­лы­ғын­дағы жаңашылдықтарды үйретіп оты­ратын болады.
– Институт қабырғасынан ашылған «Қызылжар» орталығы туралы толық айта кетсеңіз. Фермерлерді инновацияларға үйрету қаншалықты тиімді?
– Мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының жанынан ашыл­ған білім тарату орталығын «Қызыл­жар» деп атадық. Онда ауыл еңбеккерлері шаруа­шылығын тиімді жүргізудің тәсіл­дерін үйренетін болады. Орталық маман­дары дәріс берумен қатар аудандарға шығып, агроқұрылымдарға заманауи техно­логияларды ендіруге көмек жасайды. Мақсат ғылым мен тәжірибені ұштастырып, шаруашылықты ұтымды жүргізудің тәсіл­де­ріне машықтау, заманауи техно­ло­гия­лар­ды ендіру арқылы өндіріс тиімділігін арт­тыру. Бұл елімізде ашылып отырған 9-шы орталық. Оның инфроқұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жасақтауға республикалық қазынадан 15 миллион теңге қаржы жұмсалды. Жыл соңына дейін мұнда 8 семинар-кеңесте заман талабына сай дәріс беру жос­пар­ланып отыр. Ол үшін орталықта тәжірибелі ғалымдар да, ақпараттық құралдар да жеткілікті. 5 ғылым докторы, 30 ғылым кан­дидаты бар. Тыңдаушыларға солар дәріс оқиды. Семинар-кеңес соңында ар­найы сертификат тапсырылады. 5 күн ішінде 40 сағаттық сабақ беріледі.
Шалғайдағы агроқұрылымдарға та­ным­дық сабақтарды онлайн режимінде өткізу қарастырылған. Сондай-ақ маман­дар аудандарға шығып, тікелей шаруа­шы­лық басында кеңестерін беретін болады. Кәсібін дөңгелетемін дегендер өздеріне тиімді ұсыныстарды қоңырау шалып, теле­фон арқылы алу мүмкіндігіне де ие.
– Сіз бастаған ғалымдар бірнеше шетелге шығып, ол жақтағы мал шаруашылығымен таныстыңыздар. Не ой түйдіңіздер?
– Жапонияда, Германияда тағы да басқа елдерде болып, олардағы мал шаруашылығындағы жаңашылдықтармен таныстық. Біз көп артта қалып қойға­ны­мызды аңғаруға болады. Жапония сияқты елдерде роботтар жұмыс істеп жүр. Адам жоқ десе де болады. Сиыр келеді, жемі автоматты түрде беріледі, өзі сауылады. Міне, біз неге үйренуіміз керек.
Қазақ ежелден мал баққан халық қой. Бірақ қазір заман өзгерді, бұрынғыдай таңер­тең айдап жіберіп, кешке сауып ала­тын күн өтті. Мол өнім алғымыз келсе, бар­лық жағдайын жасауымыз керек. Мысалы, Америкада сүтті сиырдың сүтін ала­ды, ал етін жемейді. Еті мен сүйегі ұн жасауға диір­менге жөнелтіледі. Ал біз бір сиырдан ет те, сүт те және төл де алғымыз ке­леді. Бір мақ­сат, бір бағыт болу керек. Сүтті сиыр бол­са сүт, ал етті болса ет алатын­дай жағ­дай жасау керек.
– Институт қабырғасында халық­аралық конференция өтіп жатыр. Бұл конференцияға кімдер келді? Мақсаты не?
– Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Бол­гария елдері ғалымдарының қаты­суы­мен конференция өткізу дәстүрге айналған. Биыл Белоруссия, Украина мен Тәжікстан қатысуға ниет білдірді. 1997 жылдан бері конференция өтіп келе жатыр. Осы жолы Қызылжарда өткізу шешілді. Бұл бірінші кезекте әр елдің ауыл шаруашылығындағы ұстанған бағыттарының дұрыс-бұрыстығын тексеруге қажет. Ғылым үшін тағы бір керек дүние, ол – тәжірибе алмасу. Биыл 100 шақты ғалым жиналды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста