Елімізде балалар дәрігерін дайындайтын жеке педиатрия институтын ашу қажет

Елімізде балалар дәрігерін дайындайтын жеке педиатрия институтын ашу қажет

Уәлихан Жұмашев, медицина ғылымының докторы, профессор:

– Ресейде кейінгі жылдары ашылған Дмитрий Рогачев атындағы балалар ге­­матологиясы, онкология және им­му­но­логия федералды клиникалық ор­та­лығы күдер үзе бастаған талайдың үмі­тін жалғап, жұртшылықтың ақ ба­тасына ие болуда. Ал біздің ба­ла­ла­рымыз шетелде емделу үшін  квота ке­зе­гін күтіп телміруде. Бәрінің бірдей жо­лы бола бермейді де. Оның үстіне қыр­уар қаржы төлеуге тура келеді. Ол адам­дардың өз қалтасынан болсын, үкі­меттің қоржынынан болсын, мейлі, әй­теуір көп шығын. Сөз болып отыр­ған­дай орталықты біздің елде де ашса дейміз.
– Әрине, жақсы-ақ болар еді. Бірақ он­дай орталықты аша салу оңай шаруа емес. Оған үлкен дайындық керек. Қазір он­ко­ло­гия­лық аурулардың алдын алу күшейтіліп, оған қарсы күрес кешенді түрде қолға алы­нуда.  Осының өзі біздің елде де қатерлі ісік­ке шалдыққандарды емдейтін орындар са­ны арта түседі деген сенімімді ақтай тү­сетін сияқты. Айта кету керек, алдағы уа­қыт­та еліміздің бес өңірінде радиациялық он­кологияның жоғары технологияларымен жаб­дықталған орталықтарын құру жос­пар­лануда. Бұл туралы осыдан бірнеше ай бұ­рын Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақ­тау министрі Салидат Қайырбекова мә­лімдеген болатын. Министрдің  ай­туынша, аталған орталықтар Астана, Ал­ма­ты, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қа­ла­ла­рындағы қазіргі кездегі қолданыстағы ем­­деу мекемелерінің  базасында ор­на­лас­ты­рылмақ. Онда науқастарға, яғни тұр­ғы­лықты мекенжайлары бойынша, жоғары ма­мандандырылған емдеу шаралары мен әдіс­тері жүргізілмек.
Тағы бір жақсы жаңалық: Елбасының Жар­лығымен 2011 жыл – онкология жылы бо­лып жарияланған болатын. Сол жылдың қыр­күйек айында Астана қаласында ТМД ел­дерінің онколог, радиологтарының VII съезі өтті. Сол жиында ҚР Президенті Н.На­зар­баев алдағы жылдары Астана қа­ласында Ұлттық онкология орталығының са­лынатындығын және оған қомақты қар­жы­ның қарастырылып қойғанын да мә­лім­деді.
Өздеріңіз білесіздер, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын даяр­лап, ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бе­кітілген еді. Бағдарламаның басты мақсаты – қа­терлі ісік ауруларынан болатын өлім-жі­тімді азайту. Ол үшін не істеу керек? Не­гізгі міндеттер мынандай: онкологиялық ау­рулардың профилактикасын жетілдіру, скри­нингтерді дамыту, емдеу мен диаг­нос­тика әдістерінде жоғары технологияларға қол­жетімділікті арттыру, сондай-ақ қазіргі за­манғы медициналық құрал-жаб­дық­тар­мен жетілдірілген оңалту орындарын көптеп ашу қарастырылған.
Негізі, Қазақстан Республикасында он­ко­логиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы 2012 жылдың  наурыз айында бекітілген бо­латын. Оған Мемлекет басшысының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту – Қазақстан дамуының басты ба­ғыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы түрт­кі болды. Бағдарламаны жүзеге асы­рудың жолдары төмендегідей:
1. Орталық атқарушы органдар, облыс­тар­дың, Астана және Алматы қалаларының әкім­діктері:
а) бағдарламада көзделген іс-ша­ра­лардың тиісінше және уақтылы орын­далуын қамтамасыз етсін;
б) олар бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жыл сайын 10 қаңтарға дейін ұсынсын;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға карай Қазақстан Республикасының Үкі­ме­тіне бағдарламада көзделген іс-ша­ра­лардың Іске асырылу барысы туралы жиын­тық ақпарат ұсынсын.
Сіздер айтып отырған Москвадағы Дми­трий Рогачев атындағы балалар гема­то­логиясы, онкология және иммунология фе­дералдық клиникалық орталығының ашы­луына лейкоз ауруына шалдыққан  пермьдік бес жасар Дмитрий Рогачев есім­ді баланың Ресей президенті В.В.Путинмен кездесуі түрткі болған. Мұндай орталық біздің де балаларға өте қажет-ақ.
– Білуімізше, балаларда кездесетін қа­терлі ісіктерді емдейтін және ата-ана­ларға кеңес беретін онко­ло­гиялық мекеме Алматы және Астана қалала­рын­да ғана бар. Неге барлық облыс орта­лықтарында ашып тастамасқа? Өйт­кені балалар арасындағы қатерлі ісік барған сайын дендеп барады. Өт­кен жылы Қазақстанда осындай дерт­терді анықтау үшін еліміз бойынша дә­рігерлер онкүндік шара өткізіп, өңір­лер­дегі жағдайдың мәз еместігіне көз ­жет­кізген-ді. Болмаса осындай шара­лар­ды жиі өткізіп тұру керек қой.
– Шынында да, науқастар мен ме­ди­ци­налық көмек көрсету орындарының саны бар­ған сайын алшақтап бара жатыр. Алай­да тұралап қалған бұл мәселе оң шешімін тап­қандай болды.  Алматы қаласындағы Қа­зақ онкология және радиология ғы­лы­ми-зерттеу институты құрамында 55 орын­дық балалар онкологиясы бөлімшесі, нақ­ты­рақ айтсам, солидті ісіктерді емдейтін рес­публикадағы жалғыз балалар орталығы жұ­мыс істесе, педиатрия және балалар хи­рургиясы ғылыми-зерттеу орталығында 60-70  орындық онкогематология бөлім­ше­сі бар. Онда балалардағы қан ісігін, яғни лей­козды емдейді. Сонымен қатар 2010 жы­лы Астана қаласындағы «Ана мен ба­ланың денсаулығын қорғау орталығында» он­когемотология бөлімі ашылған болатын.
Енді біраз өзгерістер орын алмақшы. Ден­саулық сақтау министрлігінің шеші­мі­мен, осы жылдың 1 ақпанынан бастап Қа­зақ онкология және радиология ҒЗИ ба­лалар онкологиясы бөлімшесі екіге бө­лініп, олар жұмыстарын Алматыдағы Пе­диатрия және балалар хирургиясы ғылыми зерт­теу, сондай-ақ Астана қаласындағы «Ана мен баланы қорғау орталықтарында» жал­ғастырмақ. Түсіндіре кетейін, еліміздің оң­түстік және батыс өңірінен келетін науқас ба­лаларды Педиатрия және балалар хи­рургиясы ғылыми-зерттеу орталығы қ­а­был­даса, Астана қаласындағы «Ана мен ба­ланы қорғау орталығы» солтүстік пен шы­ғыс аймақтарды қамтымақ. Әрине, қатерлі ісік дертіне шалдыққан балала­ры­мызды  тұрғылықты мекенжайында емде­ген жақсы-ақ болар еді... Десек те, жағдай бұ­рынғыға қарағанда, біршама түзелетін бол­ды. Себебі балалар онкологиясы – ге­ма­тологиямен бірігіп, балаларға  арналған клиникалық орталықтарға (балалар ауру­ха­насына) орналастырылады.
Онкүндік шараға қатысты айтсам, ол осы­дан бір жылдай бұрын өткізілген бола­тын. Науқан жүзінде қалып қоймай, жиі-жиі өткізіліп тұрса деп тілейсің. Өйткені шалғай ауылдарда тұратын ағайын дә­рі­герге дер кезінде қаралмай, ауруларын ас­қындырып алады. Бұл – балаларға да қа­тыс­ты проблема. Қатерлі ісік ауруларын ал­ғашқы сатыларында анықтау және ерте ем тәсілдерін қолдану науқастың толық айығуына мүмкіндік береді. Өкінішке қа­рай, балалардың көпшілігі (60-70 пайызы) ма­мандандырылған ауруханаларға ісіктің ІІІ-ІV сатыларында келіп түседі. Дәрігерге ау­рудың І сатысында қаралатын балалар са­ны барлық науқастардың шамамен 10 па­йыздайы ғана.  Аурудың І сатысында ем тәсілдері уақытылы әрі дұрыс қолданылса, баланың толық жазылып кетуіне 100 пайыз ке­пілдік те бар. Сонымен қатар қатерлі ісік­тің І сатысында қолданылатын емнің ба­ғасы да арзандау, ІІ сатыдағы ауруды емдеу – 4, ІІІ сатысында – 6 есе, ІV сатысында 10 және одан да көп мөлшерде көбейіп, дә­рілер құны да шарықтай түспек. Бұл мем­­лекет үшін ауыр. Онкологиялық дерт те­гін емделгенмен, қазына қыруар шы­ғын­ға батады.
– «Батпандап кіріп, мысқалдап шы­ға­тын» ауруды асқындырмай, алдын алу үшін әрбір облыста жалпы онко­ло­гиялық, яғни диспансерлік есеппен, ба­қы­лаумен айналысатын балалар он­ко­ка­бинеттерін ашу керек шығар?
– Әрине, қажет! Осындай бағдарлама жа­салуда. Елімізде бір ғана Онкология жә­не радиология ҒЗИ бар. Ал әр облыс орта­лықтарында ересектерге арналған он­кологиялық диспансерлер жұмыс істейді. Алай­да сөз болып отырған  дис­пан­серлердің еш бірінде балалар бөлімі жоқ. Тек бесеуінде ғана балалар онкологы шта­ты бар, оның өзі толық емес.
Енді, жоғарыда айтқанымдай, егер ба­лалар онкологиясынан бағдарлама қа­былданса, әр облыстық ауруханаларда балалар онколог-гематологтарын да­йын­дап, өзіңіз айтқандай онкокабинеттер ашылмақ.
– Балалар арасындағы онкология­лық аурулар турасындағы статистикаға тоқтала кетсеңіз.
– Өздеріңіз білесіздер, бұл проблема бү­кіл жер бетін алаңдатуда. Еуропа ел­де­рінде балалар қатерлі ісіктерінің кездесуі 100 мың балаға шаққанда орта есеппен – 15-16, Ресейде – 10-12, Түркияда – 11-12, ал Қазақстанда 7-8 балада кездеседі.
Қа­­зақстандағы халық саны 16 мил­лион­нан асады десек,  солардың үштен бір бө­лігі – балалар, яғни 18 жасқа дейінгілер са­ны 5 миллионнан астам. Жылына соның 600-700-дейі түрлі онкологиялық ау­руларға шалдығады. Жыл сайын олардың 30 пайыздайынан айрылып қаламыз, яғни кей­де медицинаның өзі дәрменсіз. Елімізде ба­лалардың қатерлі ісікпен ауыру жиілігі 1992 – 2007 жылдар аралығында үш есе өс­кен әрі өсу үстінде екені белгілі. Ал жо­ға­ры­дағы көрсеткішті әр облыстарға жекелей бө­ліп, 100 мың балаға шағып көрсетер бол­сақ: Қызылорда облысында 15,4 ба­лада кездессе, Павлодар облысында – 14,4, ал Батыс Қазақстанда  – 10,1,  Шығыс Қазақстанда – 9,9,  Қарағанды облысында – 9,8 және Ақтөбе облысында 8,7 баланың бойын қатерлі ісік дендеген. Бұл айтылған облыстардағы ауру көрсеткіштері респу­бли­калық көрсеткіштен жоғары. Ста­тис­ти­каға сүйенсек, қатерлі ісікке шалдыққан ба­лалар саны мен аталмыш дерттен бо­латын өлім-жітім жеткіншектер  арасындағы жал­пы аурулар қатарында бірінші орында тұр. Сондықтан балалардың қатерлі ісік­те­рімен күресу және оның алдын алу, сақ­тан­дыру  кезек күттірмейтін өзекті мәселе­лер­дің бірі екені даусыз.
– Қатерлі ісікке шалдыққан бала­лар­­ды емдейтін мамандар тапшы, бол­­ғанның өзінде «бәрі бірдей тә­жі­ри­белі емес» деген базынаны көп естиміз. Осы қаншалықты рас? Аталмыш про­бле­маны шешу үшін не істеу керек деп ой­лайсыз? Қандай ұсыныстарыңыз бар?
– Балалар онкологиясы – медицинаның жас әрі қиын да күрделі саласының бірі. Ол – барлық дәрігерлерден, әсіресе ем­ха­налық-амбулаториялық сала мен жалпы ем­деу жүйесіндегілерден  үлкен жа­уап­кер­шілік талап ететін, сол арқылы онколо­гиялық ауруларды дер кезінде анықтауды және мамандандырылған дәрігерлік көмекті  уақытында көрсетуді қажет ететін мамандық. Балалар онкологы елімізде жоқтың қасы, себебі оларды дайындайтын оқу курсы тек С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазМУ-да ғана. Қалған  алты  медициналық жоғары оқу орындарының ешқайсысында да жоқ. «Балон жүйесіне» өтуімізге бай­ланысты, педиатрия факультеті жабылып, бал­алар онкологын дайындау мәселесінің басы ашық күйінде қалды.
Қатерлі ісіктердің кеш анықталуының не­гізгі себептеріне үңілсек: біріншіден –  жал­пы  емдеу жүйесінде жұмыс істеп жүр­ген балалар дәрігерлерінің  ісік аурулары жө­нінде тәжірибесінің төмендігі, екіншіден – ба­лаларда кездесетін ісік ауруларының не­гізгі және көмескі белгілері көпке дейін ба­лаға да, ата-анасына да білдірмей қо­зуы; үшіншіден – республикамызда ба­ла­лар ісіктерін талдап жазған  оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқ­тығы. Осы айтылған кемшіліктерді түзету үшін еліміздегі дәрігерлер дайындайтын  ме­дициналық оқу орындарының бар­лы­ғында балалар онкологиясы бойынша бі­лім беру жүйесін мейлінше дамыту керек.
Тығырықтан шығудың жолын іздеумен жүрмін десем, мақтанғаным емес. Басы-қа­сында жүрген соң көп нәрсеге жете қа­нық­пын. Орын алып отырған жағдай кім-кімді де бейжай қалдырмас еді. 2006-2011 жылдар арасында «Қазақстандағы балалар онкологиясы қызметін заманауи жақ­сарту жолдары» деген тақырыпта ғы­лы­ми еңбек жазып, «Балалар онко­ло­гия­сынан бағдарлама» жасап шықтым. Сол бағ­дарламада балалар онкологиясына қа­тысты ахуал жан-жақты талқыланып, ба­ғыт-бағдарын белгілеп шықтым. Ма­ман­дар тарапынан қолдау табуын тапты-ау, ен­ді оған құзырлы министрлік қы­зы­ғу­шы­лық танытса...
– Сіздің  көп жылдардан бері А.С.Ас­фен­дияров атындағы Қазақ ұлттық ме­дицина университетінде ба­лалар он­кологиясынан дәріс оқып, са­бақ берумен қатар, практикалық ем­деу ісі­мен айналысатыныңызды бі­леміз. «Ба­лалар онкологиясы» атты оқу­лық­тың авторы екеніңізден де ха­бар­дар­мыз. Естуімізше, бұл еңбегіңіз елі­міз­дегі балалар онкологиясынан жа­­зылған, оның ішінде мемлекеттік тіл­­дегі тұңғыш кітап.
– Иә, ол рас, яғни қазақ тіліндегі ал­ғаш­қы кітап. Аз да болса, септігім тисін деген ой­мен, ізденумен жазылған оқулық. Кез кел­ген проблеманы алыңыз, барлығы тә­жі­рибелі маманның аздығынан басталады. Бү­гінге дейін студенттер орыс тілінде жа­зыл­ған Ресейдің балалар онкологиясының ата­сы  Л.Дурновтың оқулықтарын пай­да­ла­нуда. Онда Қазақстан Республикасында кез­десетін балалардың қатерлі ісіктері ту­ралы деректер мүлде көрсетілмеген. Бір сөз­бен айтқанда, Қазақ ұлттық ме­ди­ци­на университетінде ғана берілетін осы ба­лалар онкологиясы пәнінің жас ма­ман­дардың білімін ұштауға қауқары шамалы. Се­бебі елімізде тағы да алты жоғары ме­дициналық оқу орындары бар емес пе. Бұл пәнді оларға да енгізу керек. Қорыта айт­қанда, маман дайындауды әрі студенттерді қа­жет оқу-құралдармен қамту мәселелерін  ен­дігі мемлекет деңгейінде шешпесе бол­майды.
– Педиатрия мамандығына балалар он­кологиясы бойынша қосымша меди­ци­налық білім беруді енгізіп,  маман­дық­ты жетілдірудің курстарында қыс­қа мерзім ішінде базалық он­­­ко­­логиялық білім бойынша алғашқы ме­дициналық-санитарлық қызмет буындарын өткізу мәселесі Парламент қа­бырғасында сөз болған еді.  Сіз ма­ман­сыз. Осы мәселеге сіздің көзқа­ра­сы­ңыз?
– Бұл – балалар онкологиясы про­бле­ма­сы мен Қазақстанда осындай ауруға шал­дыққан балалардың ресми ста­тис­ти­ка­сы­ның жоқтығына алаңдаушылық біл­дір­ген Мәжіліс депутаты Светлана Ферхоның бұ­рынғы  Премьер-министр Кәрім Мә­сі­мов­ке депутаттық сауал арқылы жолдаған ұсы­нысы. «Кез келген аурудың алғашқы са­тысын анықтау медициналық-са­ни­тар­лық қызмет, яғни учаскелік қызмет болып та­былатындықтан, учаскелік педиатрдың ба­залық онкологиялық білімі болуы, қа­уіпті дерттің ерекшеліктері мен дамуы ту­ра­лы білуі тиіс», – дейді ол. Ауруды ерте анық­таған жағдайда одан сауығып кетудің мүм­кіндігінің мол екендігін жоғарыда ай­тып өткенмін. Депутаттың ұсыныстары бо­йынша Үкімет  Денсаулық министрлігіне бір­неше мәселені қарастыруды тапсырған да болатын. Қандай шешім шығады, оны уа­қыт көрсете жатар.
Ал, менің ойымша, елімізге балалар дәрігерін дайындайтын өз алдына жеке педиатрия институты, яғни жоғары оқу орны қажет. Сонда жеткіншектерге қатысты барлық түйінді түйткілдер, соның ішінде балалар онкологиясына қатысты қор­даланып қалған барлық өзекті мәселелер де өз шешімін табар еді.
– Мойындау керек, қағаз жүзінде бәрі жақсы, яғни қатерлі ісікпен ауыр­ған­дарға мемлекет тарапынан барлық жағ­дай жасалуы керек. Алайда қа­тер­лі дерт­ке шалдыққандардың аяқтан шала­тын кемшіліктерді айтып шырыл­да­ғандарын талай естігеніміз бар. Көп­ші­ліктің дәрігерлер этикасына кө­ңіл­дері толмай жатады. Тіпті барған сайын өз алдына үлкен мәселеге айналып ба­рады емес пе?
– Бұл тұрғыда да жөнге келмей тұрған кем-кетіктер бар, мойындаймын. Бірақ қа­ра түнекті төндіре беруге болмайды деп ой­лаймын. Білімді әрі білікті мамандар мүл­де жоқ емес. Ең бастысы, бюрократтық пен жемқорлыққа жол бермеуіміз қажет. Осы екі жаман әдеттен қорғанудың им­му­ни­тетін күшейтсек, көп нәтижеге қол жет­кі­зуге болатынына сенімдімін.
Сонымен қатар отандық медицинаға се­німсіздік танытып, кемсіте беруді қою ке­рек. Әйтпесе бізде қалай, қит етсе болды, ше­­тел медицинасын мадақтап шыға ке­ле­міз. Әрине, олардан үйренеріміз көп. Алай­да отандық медицинаны тым тұқырта бе­руге тағы болмас.
Алдыңғы қатарлы елдер ісіктің алдын алу шаралары мен оларды палиативті (науқастың жағдайын жақсарту) емдеу жол­­дарын жасаумен, оны жақсартумен шұ­ғылдануда. Мұндағы негізгі мақсат – он­ко­логиялық агрессивті ем тәсілдерін ал­ған­нан кейін, науқастарды реа­би­ли­та­ция­дан өткізу, олардың өмір жасын ұзарту.
Паллиативтік көмек дегеніміз – халі на­шар науқастарға, әсіресе қатерлі ісікпен ауыр­ған, сонымен қатар мүгедектікке алып ке­летін созылмалы, гендік т.б ауру түр­ле­рімен күресіп жүргендерге жан-жақты қол­дау көрсететін (паллиативті - хирургия­лық, им­мундық, химиотерапиялық ем түр­лерін жасайтын, ауруды жеңілдететін, нау­қас­тар­ға керек кеңес беретін және бала, оның ата-анасына да психологиялық,  діни кө­мек көрсететін т.б) орталық.
Осы тұрғыда, 2011 жылы Алматы қа­ла­сында орталық Азияда алғаш рет «Са­ла­мат­ты Азия» қоры мен Алматы әкімдігінің қол­дауымен тоғыз орындық «Он­ко­ло­гия­лық науқас балаларды қолдау пал­лиа­тив­тік орталығы» ашылып,  ол табысты жұмыс іс­теуде. Оған тек Алматы қаласынан ғана емес, республиканың барлық аймақ­та­рынан келе алады. Алдағы уақытта оны 15 орынға жеткізу көзделіп отыр.
Иә, Үкімет шама-шарқынша жағдай жа­­сауға тырысуда. Дегенмен әлі де арқаны кең­ге салуға болмайды. Өйткені тасада қа­лып қойып жатқан проблемалар шаш етек­тен.
– Мектеп жасындағы қыз балаларға жа­тыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы вак­цина жасалған-ды. Соған бай­ла­ныс­ты қоғамда үлкен пікірталас туын­да­ды. Сіздің пікіріңіз?
– Мұндай вакцина жасауға түрткі бол­ған жағдай – статистика. Әйелдер ара­сында жатыр мойнының қатерлі ісігі қазір жиі кездесуде әрі бұл ауру барған сайын жа­сарып барады. Соның салдарынан әйел­дер арасындағы өлім де көбейіп кетті. Сол себепті Асфендияров атындағы Қазақ ұлт­тық медицина университетінің онкология жә­не эпидемиология кафедраларының ғы­лыми жобалары негізінде мектеп жа­сын­дағы қыз балалардан бастап, барлық әйелдерге өз еріктерімен жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында вакцина егу шарасы қолға алынды. Өз басым ол шараны құптаймын. Оны ойлап тапқан біз емес, барлық елдердің тәжі­рибесінде бұрыннан бар. Оған бола алаңдамай-ақ қойсақ та болады, қорқатын да дәнеңе жоқ.
– Әңгімеңізге рақмет!

Керек кеңес
Қатерлі ісікпен күресу дәрігердің білім-білігін және ерен еңбегін талап етеді. Себебі бұл кеселді емдеудің жолдары өте күрделі (үлкен хирургиялық амалдар – ампутация, экзоартикуляция, нефроэктомия т.с.с; химиотерапия және сәулемен емдеу түрлері),  былайша айтқанда, ол ем-домның дұрыс қолданылуы және оның мөлшері мен уақытын, қалай берілуін анықтау дәрігерден тек тәжірибені ғана емес, төзімділікті, адамгершілікті талап етеді. Тіпті қатерлі ісіктің құрбанына айналған баланың тілін тауып, оның ата-анасының көңілінен шығу арқылы бірлесіп жұмыс істеудің өзі үлкен ыждаһаттылық пен дипломатиялық шеберлікті керек етеді. Ал науқас баланың күрделі емді қабылдау кезіндегі басынан өткен қиындықтарын, оның ата-анасының уайым-қайғысы мен күш-жігерін дәрігер теңдей бөлісуі тиіс. Соның өзімен де науқастың емделуге талпынысын арттыруға әбден болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста