Авторлар өз құқықтарын білмегендігінің салдарынан алдауға түсіп жатыр

Авторлар өз құқықтарын білмегендігінің салдарынан алдауға түсіп жатыр

Марал Ысқақбай, Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы:

– Осыдан бірер жыл бұрын біздің қо­ғамда авторлыққа қатысты көзқарас мүлдем басқа болатын. Авторлар бұл мә­селеге бейжай қарайтын, тіпті өзінің жаз­ған шығармасын бір орталыққа тір­кеу керек екенін де білмейтін ав­тор­лар қаншама еді. Соңғы екі-үш жыл кө­ле­мінде жағдай 180 градусқа өзгеріп, қауымдастықтар көбейіп, авторларға та­лас басталды. Жалпы, осы не үрдіс, жағдайдың осылай кенет төңкеріліп түскені қалай?
– Мәселенің дуылдап, шулатып жат­қан се­бебі қазір біздің авторлық құқық са­ла­сын­да бізден басқа тағы үш қоғам пай­да бол­ды. Бірақ ол қоғамдардың өз құ­қық­та­ры жоқтың қасы. Соған қарамастан, бү­­кіл автордың ақшасын жинап, қинап жатыр. Құқығы жоқтың қасы дейтін се­­бебіміз, біздің, 15 жылға жуық жұмыс іс­теп отырған мекеменің 1700-дей мүшесі бар және дүниежүзінің 124 елінің автор­ла­ры­ның құқығын екіжақты келісім бойынша қор­ғайды. Демек, өте үлкен құқығы бар ме­­кемеміз деп айта аламыз. Бізбен бә­секелесіп жұмыс істеуге кіріскен бір қо­ғам­ның, (атын айтпай-ақ қояйық) сайтын ашып қарасақ, өздерінің 200-дей мүшесі бар деп көрсетіпті. Бірақ олардың ішінде қай­сысы шын мүше, қайсысы «өлі жандар» еке­нін біз білеміз. Шындап келгенде, сол мү­шелердің 100 шақтысы шынайы да, қал­ғаны – ешқандай жерде ешбір мәліметі жоқ адамдар. «Өлі жандар» деп, міне, соларды айтып отырмын.
Авторлық құқық туралы заңның 43-бап деген бабы бар, оның мазмұнында «ав­тор­лардың құқығын қорғайтын мекеме ав­торлардың өзімен тікелей келісімге оты­рып, қол қояды, олардың құқығын қор­­ғай­ды, ал шетелдік авторлардың құ­қы­ғын сол ел­дің өзі іспеттес қоғамымен екі­жақ­ты ке­лісімге келе отырып қорғайды» де­лінген. Біз 124 ел авторларының құ­қы­ғын, заңда көр­се­тілгендей, екіжақты ке­лі­сімге сүйене оты­рып қорғаймыз. Ал енді біз­ден басқа бү­гінде пайда болған ав­тор­лық қоғамдарда мұн­дай мүмкіндік жоқ. Атап айтсақ, ешбір ел­мен келісімшарты жоқ. Оған көз жеткізген соң айтып отырмын. Мы­салы, Шымкентте САП, яғни орысшадан ал­ғанда, Союз ав­то­ров песен деген қоғам құ­рылыпты. Олар өз­деріне 300-дей ав­тор­ды тіркеп қойған екен, ал олардың барлығы – бізбен бұ­рын­нан біте қайнасып жұмыс іс­теп, тиесілі қа­ла­ма­қысын алып жүрген ав­тор­лар. Сон­дықтан біз олардың ісін заңсыз деп тауып, Ас­танадағы зияткерлік меншік ж­ө­ніндегі ко­миссияға арнайы хат жол­дадық. Неге заң­сыз? Себебі заң бойынша, қандай да бір автор басқа бір қоғамға мүше болуы үшін бұрын өзі құрамында болып келген қо­ға­м­мен арадағы шартты бұзып, ол жерден шығып кетуі керек.
– Жалпы, автор санатына кімдер кі­реді, сіздер нақты кімдердің құқығын қорғай­сыз­дар?
– Композитор, ақын, драматург, хорео­граф, фотограф – осылардың барлығы ав­тор­­лар санатына кіреді. Сондай-ақ бұл топ­қа әнжинақ, күй, жалпы жинақтар шы­­­ға­­румен айналысатын дыбыс жазу сту­дия­лары да жатады. Олардың құқығы пай­да болатын себебі, әрбір жинақты жасау үшін әлгілер сазгердің әуенін, ақынның сө­зін, әншінің дауысын біріктіру барысында өз тараптарынан біршама шығын шы­ға­рады. Біріншіден, оларға қаламақы төлеуі ке­рек, екіншіден, таспаның дизайнын жа­сай­ды, сол сияқты жұмыстары бар. Сондай-ақ радиотолқындар мен телеарналар да осы санатқа кіреді. Олар да өз бағдар­ла­ма­лары арқылы түрлі туындыларды на­си­хат­тайды, сондай-ақ авторлық бағдарла­ма­лар жасайды, солардың құқығын қорғап, ақысын біз айырып береміз.
– Қызық, радио, телеарналарға ав­тор­лық қауымдастықтан белгілі мөл­шер­де ақша бөлінеді екен, алайда олар орын­даушылардан да эфирдің әр се­кун­дына қаншама ақша талап етіп, қал­таларын томпайтып жатыр емес пе?! Сонда қалай болғаны? Заң осыған рұқсат ете ме?
– Бұл туралы мен талай жылдан бері ай­тумен шаршадым. Әрине, ешбір заңға сый­майтын, керісінше құбылыс. Әйтпесе Ма­донна, тіпті қайтыс болып кетсе де, Майкл Джексон да миллионер былай тұр­сын, миллиардерлер қатарына жатады. Со­лар немен байыды? Олардың әр әніне сту­диялардан, телеарна, радиолардан, қай жер­де орындалады, сол жердің бар­лы­ғынан ақша құйылады. Ал бізде бәрі кері кет­кен, орындаушы өзі әнді сатып алады, оны өз жанынан шығын шығарып жаз­ды­рады және соны тарату үшін тіпті әннің ба­ғасынан бірнеше есе асып түсетін қаржыны ар­наларға төлейді. Ақыр соңы түгі қалмауға ай­налады. Бұл – әрине, әділетсіздік. Бұлай бол­мауға тиіс. Алайда біз осы ретте басқа мәселеге ойысып кетіп жатырмыз, яғни са­бақтас құқықтар деген мәселеге, ол бізде дұ­рыс жолға қойылмаған.
– Авторларға берілетін қаламақы мөл­шері қандай талаптарға сай бел­гі­ленеді? Оны кім анықтайды?
 – Оның барлығы – бізде қашаннан анық­талып, бүгінде қалыптасқан нәрсе. Қа­зақстан Авторлар қауымдастығы жи­на­лысы бекіткен арнайы құжаттар бар, яғ­ни көпшілік алдында жария орындалған және те­ле-радио арналарында берілген кезде тө­ле­не­тін сыйақы мөлшері деп аталады. Со­ны­мен қатар Үкіметтің бекітіп берген ең тө­мен­гі мөлшері бар, яғни одан төмен бол­мауы керек, ал жоғарылатуға шек қо­йы­л­майды. Біз соған сүйене отырып, ше­шім шығарғанбыз. Демек, ешбір автордың құ­қығына қол сұғып, ақысын жемейміз, заң­ды ақысын төлеп отырамыз.
– Сонда әр шығарманың бір рет орындалуына төленетін ең төменгі мөлшер шамамен қанша?
– Мысалы, ән концертте орындалса, мүмкін, мейрамханада да, сол жерден түскен табыстың 4 пайызы. Біз тұтыну­шы­лармен, яғни ол санатқа әлгі телерадио, мейрамхана – барлығы да кіреді, солармен келісім жасағанда «сіздер бізге тек ақша аудармайсыздар, сол өздеріңізде орын­далған шығарма туралы толық мағлұмат бе­руге тиіссіздер» деп талап етеміз. Ол – бір. Екіншіден, ол шығармалардың қанша рет орындалғанын көрсетуге тиіс. Айталық, филармонияда Шәмшінің әндері күнде орындалып жатса, менің әнім айына бір немесе жарты жылда бір рет орындалса, әрине, ондай жағдайда Шәмші әніне көп мөлшерде ақша түседі.
– Ал осы тұста тұтынушылар ақшаны аз төлеу үшін әннің орындалуын кемітіп көрсетсе ше? Әлде оны болдырмайтын қандай да бір жолдары қарастырылған ба?
– Әуел баста тұтынушылармен жасала­тын екіжақты келісімшартта біз олардың шығарма жайлы мәліметтерінің ақиқат екені жайлы жауапкершілікті өз мойнына алатынын көрсетіп, соған сай біз де олар­дың төлейтін ақшасын ешбір қиянатсыз ав­торға жеткізуді өз жауапкершілігімізге ала­мыз. Ал енді олар жалған мәлімет беруі мүм­кін бе деген мәселеге келсек, оның да өз жағдайлары бар. Телеарна, радиолардан тү­сетін мәліметтерде ондай жағдай бол­майды, себебі олар күнделікті жасайтын бағ­дарламалары туралы мәліметті базаға сол сәтте енгізіп, сол сәтте бізге өткізіп оты­рады. Ол жерде күнделікті орындалған шы­ғарма туралы мәлімет көрініп тұрады, со­нымен оның орындалу санын біз өзіміз-ақ есептеп, мәліметтерді салыстыра ала­мыз. Ал енді концерттік ұйымдардың да әр концерт сайын сценарийі жазылады ғой, соны олар папкаларға тігіп қойып, бізге соларды өткізеді. Авторлардың өздері де ба­қылайтын кездері болады. Айталық, кон­цертке барды делік, сол жерде өзінің шығармасы орындалғанын көреді, сосын бізге қоңырау шалып: «Бәлен деген жерде бә­лен күні менің шығармам орындалды, оның қаламақысы түсті ме», – дейді. Біз өзі­мізге келіп түскен мәліметтен қараймыз, жоқ болса, талап етеміз. Яғни авторлардың да бақылау жасауға қақысы бар, тіпті солай етуі керек те.
– Көзі тірі авторлар бақылай алады ғой, ал енді бұ дүниелік емес, бірақ ар­тын­­да талай мұра қалдырған авторлар ең­­бегі ше? «Өзі жоқтың – көзі жоқ» деп, со­ларға талай қиянат жасалып жат­­­қан жоқ па? Сол сияқты халық ән­де­­рінің қа­ламақысы деген мәселе қа­лай ше­шілген?
– Халық әндерінің авторлық құқығы қорғалмайды, олар – жалпы халықтың пайдалануына болатын ортақ игіліктер, олар жалпыға ортақ материалдық емес мүлікке саналады. Ал енді авторлардың құқығы өзі бұл дүниеден кеткенше және көзі кеткеннен кейін 70 жылға дейін қор­ға­лады. Мысалы, Шәмшінің құқығы қор­ғалады, әндеріне қаламақысы жазылады, оны мұрагерлері алады. Демек, «өлді, кет­ті» деп, оны кім көрінгеннің сұраусыз ием­дене салуына жол берілмейді.
– Қайтыс болғанынан кейін 70 жыл­ға дейін қорғалады дедіңіз. Демек, Абай әндері бұл қорғаудан шығып қалды ғой?
– Заң бойынша – солай.
– Қазіргі кезде әрбір бесінші әншінің де­сек, өтірік болмас, шетелдік автор­лар­­дың шығармаларын, нақты айт­қанда, музыкасына басқа сөз жазып, орын­дау үрдісі дарып кеткен. Ол үшін ше­телдік композитордан не ақыннан рұқ­сат алғанына күмән зор. Бір нем­құ­рай­дылық бар ғой бізде, «ей, қой­шы, кім біліп жатыр» деген қазақбайшылық бар, шыны керек. Ал осы нем­құ­рай­ды­лық, бейжайлық қаншалықты қауіпке ұластыруы мүмкін?
– Жалпы, қай кезде де, қандай жағ­дай­да да шығармашылықта адалдық, тазалық де­ген нәрсе болуы керек. Әр орындаушы өз арының алдында адал болуы үшін ав­тор­ға қиянат жасамай, қандай да бір ав­тор­дың еңбегін орта жолдан ұрлап пай­да­лануды өзіне ар санауы керек. Осы тұста ай­тарым, жекелеген арамдар болуы мүм­кін, бірақ жалпы жұрт ұры болмауға тиіс қой. Себебі басында да айттым, шы­ғар­ма­шылық – тазалықты талап ететін сала. Бір қиянатқа барған адам кейін өз арын ақ­тай алмай, түбі соның зардабын тартады. Сон­дықтан да ондай жағдай орын алса, бір кү­ні болмаса, бір күні көзге түсіп, анық­талады. Осыған мысал, еліміздегі орыстілді ра­диолардың бірі бір кездері «Титаник» хит болып жатқан тұста фильмнің саундтрегін эфирден берген. Ол жайлы сонау мұхиттың ар жағында жатса да, авторлары естіген, сөйтіп, әлгі радиоға хат жолдап, онда: «Ти­таниктің» әнін беріпсіздер, маған неге қа­ла­мақы төленбеген?» – деп сұрақты көл­денең тартқан. Ондай жағдаймен бұ­­рын-соңды ұшырасып көрмеген радио бас­шысы (әйел адам) жаны қалмай, маған жү­гіріп келді, бірден: «Біз сіздерге ақша тө­леп отырмыз, неге сіздер төлемегенсіздер?» – деп. Олар өте қомақты мөлшерде қа­ламақы талап еткен ғой. Мен сабырлы түр­де өзімдегі сол радио берген есеп бойынша мағлұматтарды ашып қарасам, дәл сол саундтрек жайлы ақпарат жоқ болып шық­ты. Сосын олар ондай мәліметті кезінде біз­ге берген мәліметтері барысында жа­сыр­ғаны үшін өздері айыппұл төлеуге мәж­бүр болды. Мұнымен айтпағым, ерте ме, кеш пе, ұрлық, өтірік айқындалады, сон­дық­тан орындаушылар, телеарна, радио қыз­меткерлері, басшылары әр мәліметке абайлап, автор құқығы деген мәселеге жүр­дім-бардым қарамауы керек. Егер қазір бізде, расында, шетелдік әуендер жайлы әлгіндей жағдайлар болып жатса, онда қорқыныш, қауіп дегендер әлі алда деген сөз. Ал дер кезінде автордың ақысын тө­ле­меген адам уақыты өткен соң оны жа­сыр­ғаны үшін одан бірнеше есе көп айыппұл өтеу­ге мәжбүр болады. Сондықтан автор құ­қығымен ойнауға болмайтынын ескертер едім. Бірақ осы тұста бір айта кетерлігі, біз­дің міндетіміз әлгіндей орындаушылардың ұр­лық-қарлығын бақылау емес! Біз ав­тор­лардың мүліктік құқығын қорғаймыз. Ал әлгіндей нәрселер мүліктік емес құқықтарға жатады. Оны заң бойынша автордың өзі, өзі жоқ болса, мұрагері бақылайды. Біздің за­ңымызда ол турасында егер автор да, мұ­рагері де жоқ болса, мемлекет бақы­лай­тын­дығын анық жазып қойған. Ал біздің мін­дет – түсінікті тілмен айтқанда, автор­лар­дың сыйақысын кезінде айырып беріп отыру.
– Әңгімеміздің әуеніне әу бастан өзек болғандай, бүгінде авторлардың құ­қығын қорғайтын ұйымдардың ке­нет­тен көбейіп кетуінің сыры неде? Әл­де осы саладан түсетін табыс мөлшері кө­бейді ме?
– Біздің заңымызға 2009 жылы 46-1 өз­геріс енгізілді. Онда, егер құрылған қо­ғам Зияткерлік меншік комитетінен тір­кеуден өтетін болса, оның өзіне қол қойып, құ­қығын берген авторлардың ақшасымен қатар, өз құқығын бермеген авторлардың ақ­шасын да жинауға қақысы бар деп жа­зыл­ған. Неге олай делінген? Себебі бі­рін­шіден, бұл бап Ресейдің авторлық туралы за­ңынан көшіріле салған. Ал орыстар ол бапты неге енгізген? Себебі Ресей – бізді он орап алатын халқы бар ел, 160 млн халқы бар. Ол елде автордың құқығын қорғайтын мекеме саңырауқұлақша қаптаған. Тіпті интернет бойынша да лицензия беріліп, сондай бір бақылаудан шығып кеткен хаос ор­наған. Ол – әлгі бап енгізілмей тұр­ған­да­ғы жағдай. Ал әлгі бапты енгізген соң, олар РАО деген қоғамды ғана тіркеуден өт­кі­зіп, лицензия берген, қалған ешқайсысына ли­цензия бермеген. Осылайша ол жақтағы жағдай бірден реттелген. Ал ол жайды біз­де байыбына бармай қабылдаған да, со­лай­ша қоғамдар көбейді. Әрине, автор­лардың ақшасы ғой бұл жерде қызықтырып тұр­ғаны. Осылайша бізде мей­рам­ха­на­лар­дың есігін біресе бір авторлар қо­ғамы, ке­лесі күні тағы бірі барып қағып, со­лайша олар­дың өздері де кімге сенерін біл­мей, дал болуда. Кейбіреулер олардың ал­да­уына түсіп те қалған. Алдау деп отыр­ған се­бебімізді былай түсіндірейік. Ай­та­лық, әл­гіндей қоғам бір мейрамханаға ба­рады. Сөй­теді де, қолындағы аккре­дитациядан өт­кен лицензиясын көр­се­тіп, өздерінің де то­лыққанды осы іспен айналысатынын ай­тады. Мейрамханалар өздерінің осы ретте біз­дің қоғамға ай сайын төлеп тұратын ақы­сын айтады, ал әлгілер біз одан әлде­қай­да арзан аламыз деп қызықтырады. Ар­зан алады, бірақ бұл жерде авторларға қиянат жасалады ғой.
– Сонда бұл құқықтық сауатсыздық қой?
 – Мейрамхана, кафе қожайындарының құқықтық сауатсыздығы еш нәрсе емес, біз­дегі осы құқықты жөнге салуға тиісті адамдардың жіберіп отырған кемшілігінен. Сөзім дәлелді болу үшін сізге мен қо­лымдағы құжатты көрсетейін. Мінеки, мына жерде әлгі авторлық қоғамдардың мейрамханалардан алатын ақысы айына 2000 теңге деп көрсетіліпті. Ал бұл Үкімет бел­гілеген ең төменгі мөлшердегі сый­ақы­дан да төмен. Тіпті 1000 теңге дегені де бар. Ал енді ол соманы авторларға бөл­ген­де қанша тиыннан келетінін есептейік. Орта есеппен алғанда, бір мейрамханада ша­ма­мен 20 ән орындалады десек, онда айына 600 орындалу болады, әр әннің екі авторы бо­лады. Сонда жаңағы 1000 теңгені 1200 ав­торға бөлуге тура келеді, сонда әр ав­торға айына 0,83 тиыннан түседі. Бұл мас­қа­ра ғой! Әрі-беріден соң ол авторларды ма­зақ ету емес пе?! Авторды басыну, қал­тасына түсу деген сөз. Ал әлгі қоғамның со­ңына ілесіп отырған адамдар өздерін-өздері тонап отырғанын ұқпай отыр. Мейлі, 1000 емес, 3000 теңге-ақ төлей қойсын. Ал сол кафе не мейрамхана өздеріне келіп, тап­сырыс берген әр тапсырысшыдан кемі 300 теңгеден 500 теңгеге дейін музыкалық қыз­мет үшін деп төлемақы алады. Сонда, өзі­ңіз ойлаңыз, мейрамхана айына төлейтін ақ­шасын бір күнде бес-алты не 10-ақ тап­сы­рыстан тауып алады. Сонда әлгі авторлар құ­қығын қорғайтын болып көрінген қо­ғам­дар, шындап келгенде, кімнің мүддесін қор­ғайтын болып шықты? Авторлар құ­қығын қорғағаны былай тұрсын, оларды жем қылып отырғанын осы қарапайым арифметикамен-ақ анықтау қиын емес. Қазіргі уақытта соттасуымызға себеп болып отырған – осы жағдай. Сондай-ақ автор­лар­ды тіркеуін тіркеп алып, бір жарым жыл ақы­сын төлемей жүргендегі заңсыздықты қай­да қоясыз? Енді қазір соттаса баста­ған­нан кейін біз олардың авторлардың үйіне ба­рып тұрып, ақша тастап кетіп жатқанын ес­тіп, біліп жатырмыз. Куәлеріміз бар бұл сөз­ге. Бірақ ол ақшаның қайдан келгені жө­нін­де мәлімет, құжат жоқ, сондықтан заң­сыз емес пе?! Ал біз әр авторға ақша ғана емес, қай жерде қай әні орындалып, сол ақ­шаның қалай түскенін тиынына дейін есе­бін қоса береміз. Ең жаманы сол, бізге мү­ше болып жүрген авторлардың арасынан ба­сқа қоғамға мүше боп кетіп жатқандар да бар, солардың біріне қоңырау шалып, «неліктен бұлай еттіңіз?» деп сұрадық. Сөй­тіп едім, ақшаны көбірек төлегенін айт­ты. «Ал ол ақша қалай, қайдан төленетіні жай­лы сұрадыңыз ба?» десек, «білмеймін, ма­ған ақша төлесе болды» деген жауап алып, қар­нымыз ашты. Зиялы деп жүрген адам­­дарымыз ақша көрсе, осылай жолдан тай­ған соң, не дерсіз? Алайда ол авторлар­ы­мыз­ өзі­нің алдауға түсіп отырғанын ұқ­пай отыр ғой. Мәселе – осында. Оларға кө­­бірек ақ­ша төлесе, ол – шетелдік ав­тор­лар­ға тө­лен­бей жатқан заңсыз ақшаның есе­бінен. Ал олар да ақымақ емес, бір күні өз ақшаларын талап ет­се, сонда кім кім­нің ал­дында не деп жауап бермек? Де­мек, бұдан шы­ғатын қорытынды, әлеуметтік жа­ғынан көп тапшылық тартып отырған соң ба, әлде ақ­шаны жақсы көре ме, адам­дар ертеңін ой­ламайтын болып барады. Ав­торлардың пен­дешілігі де бар, одан бұ­рын алданып отыр. Мысалы, бір кабельдік те­леарна бізге айына 13 млн теңге ақша тө­лейтін, ал әлгі жаңадан құрылған қо­ғам­дар­дың бірі сол арнаға барып, 6 млн тең­геге келіскен, яғни 50 пайыздан да аса мөл­шерде демпинг жа­саған. Демпинг жа­сау – заңбұзушылық, се­бебі мемлекет бел­гілеген сома бар ғой. Одан кем болса, ол жерде автордың ақысы азая­ды деген сөз. Айына кез келген туы­н­дыны жариялаудан түскен табыстың үш па­йы­зын телеарна авторлардың есепшотына ау­даруға тиіс. Осы мөлшерден төмендетуге еш­кімнің құқығы жоқ, бірақ әлгілер тө­мен­детіп отыр. Сайып келгенде, бұл жерде ұты­лып жатқан кім? Авторлар тағы да! Ал ұтып жатқан кім? Өнерге, әдебиетке еш­қан­дай қатысы жоқ пысықай әлдекімдер. Қа­рынды аштыратын жағдай осы! Сол пы­сықайлардың құрығына түсіп отырғандар – аңқау, білімсіз біреулер емес, кәдімгі білімді, дәрежесі бар деген шенеуніктер, себебі заңнан сауаты аз.

Алашқа айтар датым...
Қазақтың бүгінгі таңда қай шетін түртіп қалсаң да, толған проблема. Соның ішінен «мына біреуі шешімін тапты» деп мен айта алмаймын, себебі ондайды көріп отырған жоқпын. Бір ғана тәуба дерлігі – елдің тыныштығы, қарнымыздың тоқтығы. Ал қалғанының барлығы – бір-біріне шырмалған мәселелер. Үңіліп келіп қарасаңыз, қоғамның қай саласында болсын, проблеманың тууына себеп болып отырған – меніңше, қу құлқынның қамын ел мүддесінен, кісі ақысынан жоғары қою, сыбайлас жемқорлық. Егер әр адам адалдықты ойласа, бізде ешқандай мәселе туындамас та еді. Онда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болар еді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста