Алаш арыстарының іргетасы, темірқазығы – Ұлы Абай

Алаш арыстарының іргетасы, темірқазығы – Ұлы Абай

Ерлан САЙЛАУБАЙ, тарих ғылымының кандидаты:

– Ерлан мырза, сіз Шығыс Алашорданы зерттедіңіз. Жалпы, Шығыстағы алашордашылардың жүргізген қызметтері жолындағы қиыншылықтары мен өзіндік ерекшеліктерінен бастасаңыз.

– 1918 жылдың маусым айында Алаш автономиясының Уақытша ұлттық кеңесі «Алашорда» үкіметі ресми түрде өз қызметін бастады. Шын мәнінде, бұл Алашорда қызметінің жылдың қаңтар-мамыр айлары арасында большевиктер тарапынан тоқтатылған қызметінің заңды түрдегі жалғасуы болып табылады. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда Алашорданың тарихта географиялық орналасуына орай Шығыс бөлімі деп аталып кеткен, нақтысында Орталық және Семей облыстық комитеті қызметі негізінде Қазақстанды бір үлкен орталыққа біріктіру және ағымдық сипаттағы экономикалық әлеуметтік және рухани өрістеріне қатысты салалық мәселелерді түбегейлі шешуді, сондай-ақ мемлекетке тән өмірді қамтамасыз етуді басты мақсат етті. Қазақ өлкесінде 1918-1919 жылдары елеулі түрде саяси рөл атқарған Алашорда үкіметінің тарихи қызметі бұрынғы Ресей империясы кеңістігінде пайда болған барлық саяси күштермен қарым-қатынас жасаудан түзілді.

Сонымен қатар өлкедегі ішкі жағдайлардан туындаған мәселелерді шешуге бағытталды. Өзгермелі қоғамдық-саяси өмірде Алашорда қайраткерлері саяси тарих сахнасынан бірінен соң бірі көтерілген Сібір облыстық совет (Сібір автономиясы, желтоқсан 1917 ж.), Самара құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (Комуч, маусым-тамыз, 1918), Сібір уақытша үкіметі (мамыр-қазан, 1918), Уфа директориясы (қыркүйек-қараша, 1918 ж.), Колчак үкіметі (қараша 1918 ж.-желтоқсан 1919 ж.), Кеңес үкіметі (наурыз-мамыр, 1918 - сәуір 1919 - наурыз 1920 ж.) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуды бірінші кезектегі міндет етіп алды. Екінші кезекте соғыс жағдайындағы уақытта әскери құрылым – милиция жасағын құру және оның ұйымдастырылуы іс-әрекетін бірлескен ресейлік әскери күштермен үйлестіру міндетін шешу тұрды. Кейінгі кезекте алғашқы саяси міндеттің шешілуіне қарай жергілікті басқару жүйесін қалыптастыру және оның қызметін басқа да жергілікті саяси күштермен үйлестіру арқылы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ретке келтіру міндеті тұрды. Кеңес үкіметі тұсында күшпен таратылған қоғамдық-саяси ұйымдар мен бұрынғы Уақытша үкімет тұсындағы басқармалар мен комитеттер өз жұмыстарын қайтадан бастады. Семей облыстық земство басқармасы төрағасы Р.Мәрсеков, мүшелері: К.Ляшкевич, Х.Ғаббасов, Д.Троицкий және Ә.Сәтбаевтар өз жұмысын 1918 жылдың 27 маусымында бастады. Қалалық Дума да өз жұмысын бастап кетті. Облыс уездерінде халық жиналыстары да жұмыстарына кірісіп жатты. Халық жиналыстары Сібір уақытша үкіметіне қолдау  көрсетті  және оның демократиялық қадамдарын құптайтындықтарын білдірді. Семей облыстық земствосы өлкедегі барлық саяси іс-шараларға белсенді түрде араласып отырған. Осы басқарма атынан Семей округтік сотының тергеу комиссарына Әбікей Сәтбаевты мүше ретінде ұсынған. Облыстық жер комитетіне Алашорда қайраткері Халел Ғаббасов төраға болып сайланды. Алашорда қайраткерлерінің белсенді қоғамдық-саяси қызметі оның өлкедегі ықпалын арттыруға және оны баянды етуге бағытталып отырған. Семей облыстық земствосы Алашорданың барлық деңгейдегі комитеттерімен тығыз байланыста болды.

Алашорда уездік комитеттермен бірлесе қызмет атқарды. Жаңа саяси билік жағдайында Шығыс Алашорда қайраткерлері Семей облысының орталығы мен уездерінде, барынша билік орындарында қызмет иелері болуға ұмтылып отырды. Бұл Алашорданың жергілікті жердегі ықпалын қамтамасыз етуде тиімді болды. Шығыс Алашорданың өлкедегі беделі мен билігі жөнінде Қарқаралы уезіне қатысты деректерден көруге болады. Бұл арада Қарқаралы уезі Шығыс Алашорданың Семей уезімен бірге негізгі тірегі болған аймақ екенін ескереміз. Қарқаралы земство жиналысында Алашорда мүшесі Ж.Ақпаев пен Алашорда өкілі  И.Әлімбеков қатысып, сөз сөйледі. Бірінші мәселеде қазақ автономиясын тұрақтандыруға көңіл бөлінді. Екінші мәселеде қазақ сотының жағдайын анықтау қарастырылды. Қазақ автономиясында қазақ сотының шешімдері ғана жүретіндігі баса айтылды. Шығыс Алашорданың Қарқаралы уездік земствосымен байланысы жақсы жолға қойылды. Оның Қарқаралы уездік земствосына жіберген хатында милиция жасағын құруға байланысты мәселелер көтерілді. Уездік земство Алашордаға байланысты туындаған әскер жасақтау ісін бүкіл Қарқаралы көлемінде іске асыруға белсене араласқан. Енді қиындықтарына келетін болсақ, Шығыс Алашорда өзінің аймақтық бөлімдері қызметтерін қалыптастырудан кейін де көптеген қиыншылықтарға кездескені белгілі. Өйткені аймақтық бөлімдердің жұмысын бір орталықтан тыңғылықты ұйымдастыруға, біріншіден, азамат соғысының Қазақстанға жайылып кетуі, екіншіден, жергілікті Сібір уақытша үкіметі, Уфа директориясы, Самара Комучы органдарының мақсатты бөгет жасаулары кедергі болды.

– Алашордашылардың жеке әскері құрылғаны туралы айтылып жатады. Алаш әскерінің саны туралы нақты деректер таба алдыңыз ба?

– Нақты саны әлі де белгісіз. Орынборда өткен екінші жалпықазақтық съезде әскери құрылымы қала жасағы – милиция деген атаумен құрылған. Семейде құрылған І Алаш далалық атты әскер полкінің жауынгерлік істерін сөз етсек, алғашқы қазақ отрядын бар-жоғы 52 қазақ жауынгері және 21 орыс офицері құрады. Кейінгі жасақталған Алашорда әскері 700 қазақ жігітінен тұрған және 21 орыс офицері болған. Алашорда әскерінің жауынгерлері қарапайым әскери марш әндері арқылы елі мен жері үшін тек күреске дайын екендіктерін анық жеткізгені туралы мәліметтер жоқ емес. Батыс Қазақстан облысына қарасты Жымпиты елді мекенінде, Торғай мен Қостанайда да алашордашылардың әскері құрылды. Ал арнайы жаттығуларды өткізіп тұратын кәсіби әскер Семейде жасақталды.

– Қазақ комитеті мен земство ұйымдарының тарихи қызметі туралы да айта өтсеңіз.

– 1917 жыл Алаш қозғалысы тарихында ең бір мазмұнды әрі шешуші жыл болып табылады. Алдымен ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлерінің ресми билік иесі Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 5 наурыздағы жергілікті үкімет органдарын құру қаулысына сәйкес өлкедегі әкімшілік жүйесіне қызметке тартылуының маңызы зор болды. 1917 жылдың наурыз және сәуір айларында бұрынғы патшалық әкімшілік жүйелері жойылып, оның орнына үкіметтік жаңа әкімшілік жүйесі орнай бастады. Яғни ескі тәртіптегі губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылды. Енді Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейдегі азаматтық комитеттері және олардың атқару органдары құрылымдары қалыптаса бастайды. Халық өкілдерінің жаңа сипаттағы мемлекеттік құрылысқа көптеп тартылуы және олардың Қазақстанның әр аймағында нақты жағдайлар туғызған келеңсіздіктер мен қиыншылықтарды жою, оған байланысты тиісті қадамдарды жасауы, бір сөзбен айтқанда, қазақ ұлты мұң-мұқтажы тұрғысынан кез келген мәселені шешудегі табандылықтары жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Лауазымды қызметтегі халық өкілдерінің жарқын істері оларға деген халықтың сенімін арттыра түскені даусыз. Ұлт мүддесін көздеген халық қалаулыларының көбейе түсуі қазақ қоғамының саяси санасын оятты. Бұл жағдай өлке халқына оң әсер еткендігі сөзсіз.

Жалпы алғанда, Уақытша үкіметтің өлкедегі әкімшілік органдарын қалыптастыру істері кедергісіз өтті деуге болмайды. Ел ішінде әлі де болса жаңа режимге мойынсынбаған жергілікті бұрынғы қызметшілер қарсылық көрсетіп отырды. Соған қарамастан, Уақытша үкіметтің әкімшілік органдары 1917 жылдың көктем және жаз айларында қалыптасу фазасынан өтіп, қалыпты жұмыс жасауын жалғастырды. Міне, осындай әкімшілік-ұйымдастыру ісіне қазақтардың тікелей араласуы олардың саяси қабілеттілігін арттыра түсті. Бұл дегеніміз – 1917 жылдың күз айларында шақырылуы тиіс Ресей халықтарының Құрылтай жиналысында құруға үміттенген болашақ автономиялық құрылымға бір есептен ұлт мамандарын даярлау мектебі ретінде қарастырылған. Қазақстанда Уақытша үкіметтің әкімшілік-мемлекеттік құрылымдары және алғашқы ұлттық қоғамдық-саяси ұйым – Қазақ комитеттері қатар құрыла бастады. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Түпкі мақсаты – ұлттық мақсат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастырылған Қазақ комитеттері Алаш қозғалысы қайраткерлерінің және қазақ қоғамының бас көтерер азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылды. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында құрылған. Тек Астрахань губерниясына қарасты Бөкей ордасында жөне Торғай облысында ғана құрылған жоқ. Қазақ комитетінің Торғай облысында құрылмауының өзіндік ерекшелігі бар. Мұны Торғай облысындағы жетекші мемлекеттік қызметтерде, соның ішінде облыстық, уездік және болыстық деңгейде қазақ өкілдерінің көптеп болуымен, яғни олардың аймақтағы қазақтардың мәселелерін белгілі бір деңгейде шешіп отыруымен байланыстырамыз. Ұлттық комитеттердің тез арада құрылуына әсер еткен фактордың бірі – Уақытша үкіметтің басқару органына жататын Азаматтық комитеттердің пайда болуы. Азаматтық комитетке мүшелікке өту жолында түрлі топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей, өздері-ақ белсенділік таныта білді. Қазақ жұртшылығы да сайланбалы азаматтық комитетке мүше болып ену қажеттілігін түсіне отырып, ұлттық ұйым – Қазақ комитеті арқылы оған мүшелікке өтуде басқа да ұйым өкілдерімен саяси таласқа түсті.

– Алашордашылар туралы аз айтылып келе жатқан жоқ. Бірақ 90 жылдығында да көңіл толмайтын жайттар орын алып жатты. Бұл  мәселе Алаш арыстарының интеллектуалды орталығы болған Семей өңірінде қалай шешімін табуда? Ғалымдар, зиялы қауым өкілдері жергілікті билікке талап қоя ала ма?

– 2007 жылы Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай мемлекеттік деңгейде қаулы қабылданып, соған орай нақты іс-шаралар атқарылады деген үміттің болғаны рас. Жасыратын несі бар, зерттеуші ғалымдар ойлағандай ауқымды шаралар атқарылған жоқ. Бұл жерде айта кету керек, «Алашқа» қатысты барлық іс-шараларды жергілікті жоғары оқу орындары өз күштерімен атқарып шықты. Үкімет қаулысы 2008 жылы шықты. Жобалық нұсқасын оқып шығып, қатты қуандық. Қаулыда Алаш қозғалысының мерейтойын тойдың деңгейінде ғана атап өту емес, Алаш арыстарының қыруар еңбектерін кеңінен насихаттау, оларға республиканың барлық қалаларында ескерткіш орнату, көше аттарын беру мәселелері қамтылған болатын. Сонымен қатар алашордашылар қоғамның әр саласынан болғандықтан, салалар бойынша стипендиялар тағайындау туралы да айтылған еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл айтылғандардың барлығы жүзеге асқан жоқ. Оны біреуден талап етіп қана қол қусырып отырмай, Шығыстағы ғалымдар өздері ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырды.

Халықаралық жиынға шетелден қаншама ғалымдар келді. «Алаш» орталығы құрылды. Семей педагогикалық институтының алдында Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш ашылды. Шыны керек, кеңестік кезеңде де Алаш арыстарының есімі ұмытылған жоқ. Әдеби-мәдени салада олардың еңбектерін оқымаған адам жоқ. Кеңестік кезеңдегі зиялы қауым өкілдері де сабақтастықты үзбей, бізге жеткізе білді. Егер Алаш рухы, қазір айтып жүргендей, кеңестік кезеңде өліп қалған болса, қазір біз Ресейдің құрамындағы ұсақ ұлттар сияқты болып қалатын едік. Ал қазіргі 90-жылдары дүниеге келген жастар «Алаш» қозғалысы туралы жақсы біледі деп айта алмаймын. Бізге осы насихат жағы жетіспей жатыр. «Алаш» қозғалысы өзінен-өзі пайда бола салған жоқ. Оның іргетасы мықты болды. Ал Алаш арыстарының іргетасы, темірқазығы – Ұлы Абай. Әлихан Бөкейхановтың «Абай идеясы – қазақтың идеясы» деген сөзі бар. Абай идеясы қазақ хандығынан, Керей мен Жәнібектің азаттық идеясынан бастау алып жатыр. Міне, осындай ұлттың мәңгілігін қамтамасыз ететін идеялар жалғасын тауып, сабақтасып жатуы тиіс қой.

Алашқа айтар датым...
Қазақстанның әрбір қаласында Алаш арыстарына арналған кемінде екі ескерткіштен болса деймін. Оның біреуі топтамалық сипатта, яғни алаштықтардың ұлт-азаттық рухын айқын бейнелейтіндей тастан қашалып салынса... Әлихан Бөкейханов – түркілік дәуірдегі, қазақ хандығы кезеңіндегі барлық ұлт-азаттық рухты тұла бойына жинай білген тұлға. Сондықтан екінші ескерткіш «Алаш» қозғалысының көсемі болған Әлихан Бөкейхановқа қойылса екен деймін.

– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста