«Думан» ойын-сауық орталығының океанариумы

  • 140
Тәуелсіздік туындысы

Еңселі елордамыздың төріндегі «Думан» ойын-сауық орталығы 2003 жылдың мамырында ашылды. Ол бірегей сауықтық кешеннен, ТМД көлемінде теңдесі жоқ океанариумнан, 5D кино­театрдан, күмбезасты кеңістіктен және басқа да бірнеше нысаннан тұрады. «Думанның» океана­риу­мы «мұхитарал» деп те аталады. Ол – мұхит атаулыдан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан бірден-бір океанариум. Бұл керемет мекенде теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі тіршілік етеді, олардың жалпы саны 2000-нан асады. Арқа төсіне көшіп келген теңіз тұрғындары үшін тіршілікке қажеттінің бәрі 11 шақырымдық құбыр арқылы беріледі. Мұндағы су бірегей жүйемен тазартылып, қажетті химиялық құрам­мен байытылып отырады. Сегіз жыл ішінде мұхи­та­ралдағы акулалардың ешқайсысы күйзеліске ұшыраған емес. Океанариумда әрқайсысы 11 аквариумнан тұратын екі ірі көрме аймағы бар. Алғашқысынан пиранья, паку, теңіз шаяны сияқ­ты Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азия тұщы суқоймаларының жәндіктерін тамашалауға болады. Ал екінші аймақта маржандар, теңіз инебалығы, сусиыр, түлкібалық сияқты мекендеушілер бар. Мұхиттың ірі жәндіктерін бас аквариумнан көруге болады. «Думан» мұхитара­лы көк теңізді көруге мүмкіндігі жоқ миллионда­ған адамның арманын ақиқатқа айналдырды.

Автор
Последние статьи автора
  • 334
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 479
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста