ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС: КӨРПЕНІ күнде «БҮЛКІЛДЕТЕТІНДЕР» БАҚЫТТЫ болады

Әйел мен еркекке ең жақсы әсер ететін - жыныстық қатынас. Ақша да, қызмет те, басқа да емес, тап осы төсектегі тәнні жақындығы. Ол көңіл-күйді көтеріп, артық салмақтан арылтады, денсаулықты нығайтып, өмірге деген құштарлықты арттырады деседі мамандар. Тәннің қалауын орындап, оргазмнің дәмін сезе алғандар басқаларға қарағанда көбірек бақытты болады екен, - деп жазды ERNUR.KZ.

ОЛ ҮШІН КҮН САЙЫН 10 МИНУТТЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА АРНАСАҢЫЗ ЖЕТКІЛІКТІ.

Жыныстық қатынас &ndash ӨМІР СҮРУДІ ОҢАЙЛАТАДЫ

Аз ғана уақытқа болса да жыныстық қатынасқа түскен адамның есінен тұрмыстық түйткілдер шыға тұрып, әлемнің әділетсіздігін ұмытады бір сәтке.

Күн сайын кемінде 10 минутқа қиындықтарды, уайым мен қайғыны ұмыта тұрсаңыз, өміріңіздің соңына дейін қанша сағат боларын есептеп көріңізші?! Өміріңізді әлдеқайда жеңілдетуге көмектесетін жыныстық қатынастан сондықтан да бас тартпаған дұрыс.

Жыныстық қатынас &ndash ЖАСАРТАДЫ

Осы жағын зерттегендер сексуалды белсенділік, анығын айтқанда, көрпені күнде «бүлкілдететіндер» өздерін күні бойына жақсы сезініп жүретінін алға тартады. Сонымен қатар, күн сайын құшағы айқасатындар басқаларға қарағанда 10 жылға жас көрінеді екен.

Жыныстық қатынас &ndash ИММУНИТЕТТІ ЖАҚСАРТАДЫ

Әсіресе, дәл қазір, күз мезгілінде ерлі-зайыптылар бір-біріне жақынырақ жатып, бір көрпе жамылғаны әрі құшақтарын жиі айқастырғаны дұрыс болады. Жыныстық қатынас кезінде ағзаның қорғаныс қабілеті 90%-ке жоғарылап, анау-мынау тұмауға бой бермейді.

ДӘЛ ҚАЗІРГІ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ ДЕП ДАБЫЛ ҚАҒЫЛЫП ЖАТҚАН КЕЗДЕ БҰЛ ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ТЕГІН ДЕ ЕҢ ОҢАЙ ӘДІСІ ЕМЕС ПЕ?!

Жыныстық қатынас &ndash ТӘНДІ ДЕМАЛДЫРАДЫ

Төсек ләззатынан соң дене балбырап, босаңсып, бірден ұйқыға тартатыны белгілі. Мұндайда ұйқы да тыныс, бесікке бөленген сәбидей қамсыз болатыны да бар. Ал бұл &ndash тәннің, ағзаның рахаттана демалуы деген сөз. Күн сайын осылай демалған тән жасармағанда қайтсін?!

Жыныстық қатынас &ndash БАҚЫТТЫ ЕТЕДІ

Тікелей мағынада осылай.

Жыныстық қатынас кезінде бөлінетін дофамин атты заттың жанама аты &ndash «бақыт гормоны». Сонымен қатар, «ләззат гормоны, тоят табу гормоны» деп те аталады. Ал ағзасынан мұндай гормондар күнде бөлінген адам күні бойы бал-бұл жанып, қуаттанып, энергиясы тасып жүреді емес пе? Күні бойына күлімсіреп жүрудің өзі неткен ғажап?!

Жыныстық қатынас &ndash МИҒА ПАЙДАЛЫ

Күн сайын жыныстық қатынаспен айналысатын адамдардың миының жұмыс істеуі де басқаларға қарағанда әлдеқайда белсенді болатын көрінеді.

Ол әрине, төсек шаруасын атқарғандағы қанайналымның жақсаруы, әдеттегіге қарағанда жылдамдауынан.

Жыныстық қатынас &ndash ҚАН ҚЫСЫМЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Қан қысымы жоғары болатын адамдар үшін де жыныстық қатынас керемет профилактика. Яғни, қын қысымының жоғарылауының алдын алуға жыныстық қатынастың қосар үлесі мол.

Оқымыстылар да мұндай дерті тым белсенді емес, бірқалыпты әрекеттегі жыныстық қатынастан ләззат алып тұруға кеңес береді.

Интернеттен жинақтап, аударған:

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста