1. Жүкті болу мүмкіншілігі қай кезде жоғары? Теория бойынша – овуляция күні, етеккір басталуына 14 күн қалған кез. Жетілген жұмыртқа жасушасы 12- ден 24 сағатқа дейін өмір сүреді, тек осы уақытта ұрықтану кезеңі жүреді. Бірақ әр ай сайын цикл өзгеріп тұрады, сондықтан ең қатерлі уақыт овуляция күні болып саналады, оған дейінгі 2 күн мен кейінгі екі күн – барлығы 5 күн. Қауіпті ретінде осы кезеңге дейінгі 3 күн – жатырға түскен аталық ұрықтың аналық жасуша пайда болғанша тірі болу мүмкіндігі бар.
2. Овуляцияны қалай білуге болады? Овуляцияға 2-3 күн қалғанда жатыр мойнынан бөлінді пайда болады: тұнық әрі созылмалы, шикі жұмыртқаның ақ сұйығына ұқсайды. Овуляцияның тағы бір белгісі – жұмыртқаның біріндегі ауырсыну сезімі. Жұмыртқа жасушасы өлген немесе ұрықтанған кезде бөлінді қою болып, сіз оны байқамайсыз.
3. Тұрақсыз цикл болса да жүкті болуыңыз мүмкін. Арықтығыңыз немесе цикл тұрақсыздығы себепті етеккіріңіз жиі келмесе де – бәрібір қорғануыңыз қажет. Дәрігерлер ескертеді: овуляция – бұл кез келген сәтте пайда болатын құбылыс. Мысалы, егер әйел арықтау болса, онда сәл ғана салмақ қосуы гормондық жағдайын өзгертеді.
4. Жүктілікке қарсы дәріні қашан және қалай арасын үзбей қабылдау керек. Гинекологтардың ойынша, ең қауіптісі – дәрінің алғашқысын және соңғысын қабылдамау. Осыны жіберіп алу арқылы «гормонсыздық» кезеңі ұлғайып, сіздің гормоналдық күйіңіз қалыпты жағдайға түсіп, овуляция пайда болады. Өкінішке орай, ең бірінші дәріні қабылдамау жиі кездеседі – мысалы, ұмытып, жаңа бумасын сатып алуыңыз мүмкін.
5. Контрацепция туралы ешқашан ұмытпаңыз. Біз қайталаудан жалықпаймыз: овуляцияның «қауіпті» және «қауіпсіз» кезеңдері мен нақты мерзімін білу сізді контрацепциядан босатпайды! Аталмыш әдістер сіздерге ертерек ата-ана атануға мүмкіндік беретіні рас. Дегенмен, өзіңіздің тәніңізді, ондағы болып жатқан құбылысты жақсы білу де өте маңызды. Бұл қандай қателік қауіпті әрі қандай нәтижеге алып келу мүмкін екендігін білуге көмектеседі. Сонымен бірге дереу контрацепция қабылдау керек пе екендігін нақты білесіз.