Жігіттің дегеніне көніп, тесік табақ құшақтап қалмаңдар!

Жігіттің дегеніне көніп, тесік табақ құшақтап қалмаңдар!

Менде сіздерге өз оқиғамды жазғалы отырмын.Айтайын дегенім өткен өмірімнен кішкене үзінді. 18 жасымда бір жігітпен жүргенмін. Озімнен 3 жас үлкен болатын. Ол өте келбетті, сұңғақ бойлы, қара көзді, сондай әдемі жігіт еді. Жүргенде жақсы көретінін,үйленетінін айтып, екеуміз талай жоспар да құрдық.

 

Мен оған сенетінмін, бірақ босаға аттағанша арыма берік болуым керек деп, онымен жақындаспауға тырыстым. Ол маған өлердегісін айтып, төсектес болуды өтінді. Бірақ мен, олқанша жалынса да, сүйісуден арыға барған емеспіз.

 

Жігітім қасымда болғанда өзімді сондай бақытты сезінетінмін. Бірақ артынша оның көшеде, кафеде қыздармен жүретінін еститінмін. Сосын озінен сұрасам мойындайды да, енді қайталамаймын деп құтылатын. Ғашық адам соқыр адам демекші кешіре беріппін.

 

Бір күні кешке телефон соқсам бір қыз алды. Кімсіз десем, қызымын, жүргенімізге 5 ай болды деді. Не күлерімді не жыларымды білмей үндемей тұрдым да калдым. Оны да артынша қарындасым ғой ойнаған деді. Содан бірнеше айдан кейін әлгі қыз қайта хабарласып әлі журіп жатқандығын айтты.Ол қызбен талай телефон арқылы ұрсысып, бір-бірімізді балағаттаған күндеріміз де болды. Қазір сол қызға алғысым шексіз. Себебі сол кезден бастап жігітіммен жүрмей қалғанмын. Өйткені қанша жақсы көрсем де оның өтірігінен тойып кеттім. Соңымнан қанша жүнірсе де қарамай, кешірмей қойдым.

 

Бес айдан кейін керемет бір жанмен таныстым. Ол нағыз жігіттің төресі. Көп ұзамай отбасын құрдық, қазір мың да бір шүкір, ұлымыз бар. Өте бақыттымын, отбасымды қалай сүйетінімді айтып жеткізе алмаймын.

 

Ал әлгі екеуі үйленгеннен кейін жарты жыл да болмай ажырасып кетіпті. Себебі: сол баяғы қыздарға бару дейді. Қыздар, жігіт үшін күресіп соңында әлгі қыз сияқты тесік табақ құшақтап қалмаңдар!!!

 

 

 

Ажар, Алматы облысы

Аlashainasy.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста