Араларыңызда салт-дәстүрді, жөн-жоралғыны жақсы білетіндеріңіз болса, мені жылдар бойы мазалап жүрген сұрағыма жауап берсеңіздер деймін. Сырға салушы жеңге қалай таңдалады?
Мен өзімнің басымнан өкен жағдайды бөліспекпін, Күйеуге шыққан кезде сондай бақытты едім. Қалаған адамыммен отбасын құрдық. Бірақ жанұя болар кезде бір нәрсені көңіліме алып қалдым. Маған сырға салуға жігітімнің туысары келді. Сол кезде маған жесір қалған жеңгесі сырға салған еді.
Бұрын соңды тұрмыста болып, одан жесір қалған, екінші рет қайта тұрмыс құрған жігіттің жеңгесіне сырға салуға бола ма? Қазақта ырым-тыйымдар бекерден-бекер айтылмаған, олардың философиялық мағынасы тереңде. Бірақ оларға біз - кейінгі ұрпақ мән бермейтін сияқтымыз. Өз басымнан өткен соң, отбасылық өмірімдегі сәтсіздіктерімнің бір себебі сол сырға салу әдебінен басталды ма деп те ойлаймын. Осы орайда еріксіз тағы бір сұрақ туындайды: жас ене емес, алпыстан асып, маған дейін бірнеше келін түсірген алтын алқалы ана, ардақты әже, адуынды абысындармен тату болған, ене мектебінен өзі де өткен - менің енем, қалайша осындай қателікке жол берді екен?
Менің отбасылық өмірім ұзаққа созылмады, күйеуімнен ерте айырылып қалдым.Ырымдарға сенгім келмейді, дегенмен мені осы ой мазалайды.
Маржан, Алматы