Жеңгетай жігітімнің кесірінен түрмеге түстім

Жеңгетай жігітімнің кесірінен түрмеге түстім

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым. Өткен өмірім туралы біреуге айтудың өзі қиын, өйткені екінің бірі түсіне бермейді. Бірақ іштен тынып жүре берсең де, іштей мүжіліп кетеді екенсің. Сондықтан мен бүгін өзімнің оқиғамды сіздермен бөлісуге бел будым.

 

Ауылда оқуды бітіріп, Алматыға келіп жоғары оқу орнына түсітм. Оқып жүргенде өзімнен он жас үлкен жігітпен таныстым. Ақымақтық па, әлде балалық па сол жігітпен жүрдім. Қасымдағы дос қыздарым оны жақтырмай, менің онымен жүргенімді қаламаса да, олардың сөздеріне құлақ аспадым.

 

Жүріп жүрген жігітімнің жеке қонақ үйі болатын. Студент кезде ақша жетпейді ғой. Өзімше жұмыс қарастырып жүрдім. Ол маған өзінің қонақ үйіне администратор болып жұмыс істеуді ұсынды. Мен келістім, өйткені жағдайымыз төмен болғандықтан, ата-анамнан еш көмек болмады.

 

Оның қонақ үйінде жеңіл жүрісті қыздар жұмыс істейтін. Олардың күнделікті қылығын көріп жүріп көзің де үйреніп кетеді екен. Ал мен болсам, өзімше тұрақты бір жігітпен жүріп жүрмін деп мәз болып жүрдім. Сөйтіп жүргенімде өзімнің жүкті екенімді білдім.

 

Бірде күтпеген жерден қонақ үйге полиция қызметкерлері келіп, біраз адамды тұтқындады. Олардың арасында мен де бармын. Маған жеңгетайлық жасады деген айып тағылып, алты жылға сотталып кете бардым. Әлгі жігітсымағым маған хабарласып "Мен туралы аузыңды ашпа, өзім сені шығарып аламын" деп құр уәдені берді де өзі тайып тұрды.

 

Сәбиімді түрмеде босандым. Менің көргенімді дұшпаныма да тілемеймін.Қамауда 5 жыл 2 ай отырып, былтыр босап шықтым. Енді ел қатарына қосыла алмай жүрмін. Жасым 28-де, тұрақты жұмысым жоқ, өйткені сотталған адамды ешкім жұмысқа алғысы келмейді. Өзім қатарлылардың толыққанды отбасы бар, ал мен болсам, баламды құшақтап жалғыз, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрмін.

 

Уақытша дәмханаға жұмысқа тұрдым. Өзімнің өткен өміріме өкінемін. Өмірімді қайта бастағым келеді.

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста