Желі арқылы танысқан жігітке ғашық болып қалдым. Күйеуімді қайтем...

Күйеуімнің тәп-тәуір жеке кәсібі болған. Бірақ доллардың күрт өсуінен кәсібі зиян шегіп, қолы жүрмей қалды. Ол сәтсіздігін шөлмекке батыруға тырысты.

Күйеуім ішеді
Онсыз да томаға-тұйық еді. Енді менімен көп сөйлеспейтін болды. Іштей күйіп, өз қайғысы өзімен. Екі рет кетіп қалдым, бірақ қайтып келдім.

Желідегі еркекті жақын тарттым
Осылайша сүреңсіз өміріміз жалғасып жатты. Бірде ғаламторды ақтарып отырып, танысу сайтына кірдім. Содан бастап жаңа таныстармен желіде араласу жиіледі. Бір күні Санжар есімді жігіт хат жазыпты. Сөзіне қарағанда, әйеліне жүкті болып қалғасын үйленген. Тұңғыштары өмірге келген, әйелі араға жыл салып тағы біреуін туып берген. Ол балалары үшін өмір сүріп жүргенін айтады. Тұрақты жұмысы, болашаққа сенімділігі, сүйкімді балалары болғанымен, көңілі тұрақтылық таба алмапты.

«Санжармен қатты достасып алдық. Күнде кешкісін бір бірімізді аңсап тұрамыз. Интернетте. Санжар күнделікті белгілі бір мезгілде кіреді, сол уақытты тағатсыздана күтемін»,

дейді есімін атамаған 30 жастағы жас әйел.

Ия, бір уақ еркелеткенді, жылы сөзді аңсап жүрген ол өзі сияқты сүйіспеншілікті қалап жүрген еркекті жақын тартып кетті. Екеуінің әңгімесі таусылмайды. Ойлары да әркез бір жерден шығады, тіпті әуестік, ермектері де бірдей. Түрлі әңгімелер айтып, күнелікті сырласып тұрды. Бар құпиясымен, жан сырларымен бөлісті.

– Ол адам маған күйеуім бере алмаған қолдауды, жан жылуын берді. Қарапайым түсіністік, жұбату кейде қатты көмектеседі. Күйеуім жанымда болғанымен, оның айтқан сөздерінің бәрі қысқа да құрғақ тұрмыстық сөздерден аспайды. Ойымыз, сезіміміз екі жақта,

дейді.

Санжар екеуміз жатқымыз келеді
Міне, Санжар тағы аса қымбат сөздер айтты, қуанышында шек жоқ. Санжар жақындасуға қадам жасады. Ия, ғаламтордағы ғашығы Санжар келе-келе ешқандай міндеттемесіз жыныстық қарым-қатынас жасайық деді. Жас келіншек ойланып жүр. Жабыраңқы, көңілсіз, түйіні жоқ мәселелері көп өмірден гөрі Интернет ішіндегі жарқын, тәтті өмірге белгісіз бір күш тарта берді.

– Санжар мені қатты түсінеді. Мені барлық жағынан қолдайды. Басқа еркекпен желіде сырласып жүргенім дұрыс па? Бұл күйеуімді алдау ма? Көзіне шөп салуға жата ма? Санжармен сөйлескім де, кездескім де келеді. Тіпті құшағына еніп, тән ләззатына батқым да келеді. Бірақ, күйеуімнен қорқамын.

Келіншектің сыры осы. Күйеуін де аяйды, желідегі ыстық махабаттың жібін де үзгісі жоқ. Сіз не ойлайсыз? 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста