Жасым 19-да. Ауылдың қарапайым қызымын. Қалада медицина колледжінде оқимын. Өзімнен 5 жас үлкен жігітпен жүрдім. Ауылдың баласы, менің жақсы қыз екенімді біледі деп ойлайтынмын. Маған ылғи жақсы қызсың, пысықсың, үйленейік деп айта беретін.
Кейін қашан бірге боламыз дейтінді шығарды. Мен үйленеміз, сосын деп жауап беретінмін. Бір күні сен маған сенбейсің, оданда жүрмей-ақ қояйық деді... Қасыма қон, тиіспеймін деп сендірді... Бірақ бәрі басқаша болды, тіпті оны танымай қалдым....
Сол күннен кейін тіпті бір хабарласқан емес, мен хабарлассам өшіріп тастайды... Менің алдағы өмірім не болады, маған неге бұлай жасайсың десем, ол сенің ғана басыңда барма бұл жағдай деп ұрысып береді....
Қазір тіпті хабарласпаймында. Танымайтын адамым болса екен, мені кішкене күнімнен біледі. Осылай болады деп ойламадым. Жылап жылап тіпті жасымда шықпай қалды.
Ауылға барсам мамам кызым тыныш жүрсің бе дегенде ішім алай-дүлей болып, өзегім өртеніп кетердей болады. Тамақ ішпей жүрген күндерім, ұйқысыз өткен түндерім аз емес. Өлгім келеді, бірақ жан тәтті екен.
Группалас кұрбыларым сен бұрын қандай едің, саған не болды, әдемі болып жүретін едің, күліп, көңілді едің қайда сол баяғы кезің, неге үнсіз жүрсің деп бәрі сұрайды. Құрбым біледі, оныңда жылап-жылап ығырын шығарған болармын деп ештеңе айтпауға тырысамын. Жігіттер көңіл білдіріп, хабарласып жатса енді хабарласпауын айтып өшіріп тастаймын.
Ойланбай жасаған осы қателігім үшін өмір бойы жылап, өкініп өтетінімді білемін. Бұдан әрі қарай не істерімді, қалай жүрерімді білмеймін...
surak.szh.kz
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz