Ерлі-зайыптылардың бірінің опасыздық жасап, отбасын ойран етуіне көп жағдайда тек бір тарап қана кінәлі емес. Білікті психологтар ер адам әйелінің көзіне шөп салса, оның қандай да бір себептері болуы мүмкін екенін алға тартады. Осы орайда басқа арумен бас қосып, некедегі әйеліне опасыздық жасаған ер-азаматтарды кешіруге бола ма деген заңды сауал туындайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. KAZ.NUR.KZ аталған сұраққа жауап іздеп көрді.
Өзекті сұрақтың жауабын белгілі психолог Михаил Лабковский мен жеке тәлімгер Павел Раков тауып көрді. Олардың айтуынша алдымен күйеуіңіздің сізге не себепті опасыздық жасағанын біліп әрі ондай жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз деген сұраққа жауап беру алу керек екен. Сол сияқты білгілі маман Марина Травкова "Опасыздық. Не себепті сүйікті жандар көзге шөп салады және оны кешіруге бола ма? Опасыздықтың алдын қалай аламыз" деген еңбегінде көзге шөп салудың басты себептерін көрсеткен:
*Төсек қатынасында жолдасыңыздың қанағаттанбауы. Ер адам ойындағыдай жыныстық қатынасқа қол жеткізе алмаған соң, ол оны басқалардан табуға тырысады, сөйтіп көзге шөп салады.
*Әйелінің үнемі күйеуіне көңілі толмауы. Мұндайда әйел адам төсек қатынасымен бірге күнделікті тұрмыста да оған көңілі толмайтынын үнемі айтуы мүмкін. Осылайша жұбайының "ызыңы", күйеуін кінәлі етуі, оған суық қарауы ер адамдың көңілін тез суытып, оның көңілінің басқа аруға аууына әсер етеді.
*Әйел адамның өзін-өзі күтпеуі. Көп жағдайда әйел адам үйлену тойына дейін өзіне көп көңіл бөлсе, кейін сыртқы келбетіне көп мән бермей кетеді. Сол себепті қыз-келіншектер үнемі өзін күтіп, косметикалық процедураларды жасап, макияжға мән беріп, тіпті үйдегі киетін киімін де назардан тыс қалдырмауы тиіс. Ер адамдар тіпті әйелінің шашы жуылған, іш киімінің жаңа болуын қалайды екен. Ал керісінше жағдайда, ерлер өзінің әйелінен көңілі тез суып, басқа сұлуларға көзін салатын болады.
*Баланың туылуы. Әйел адам тәулік бойы тек балаға көңіл бөліп, күйеуіне уақыт бөле алмай қалады.
*Өзіне деген сенімді арттыру. Кейде ер адамдардың өзін-өзі бағалау көрсеткіші тым төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда ол басқа бойжеткендерді өзіне қаратқысы келіп, өзін "супер мен" сезінгісі келеді, сөйтіп көзге шөп салады.
*Ортақ мақсаттар мен армандардың болмауы. Ерлі-зайыптылар 24 сағат тек бір-бірімен уақыт өткізуге міндетті емес. Алайда олар міндетті түрде бір-біріне көңіл бөлетін уақыт табуы керек. Мысалы ол үй шаруасы немесе спорт зал болуы мүмкін. Егер ер адам әйелімен ортақ тақырыпта тілдесе алмаса, ол әдетте өзімен мақсат-мүддесі бір келетін әйелдерді сырттан іздей бастады.
*Комплекстер мен қорқыныштар. Ер адамда кішкентай кезінен жалғыз қалу қорқынышы болса және ол ата-ананың махаббатын жеткілікті түрде ала алмаса, онда бұл сезім ересек болғанда тек арта түседі. Сол себепті ол осы қорқыныштан арылу үшін, бір немесе бірнеше нақсүйермен жүре бастайды.
*Кек алу. Ер адам әйелінің өзіне көзіне шөп салғанын білген кезде немесе оны қатты ренжіген жағдайда әйелінен кек алғысы келеді. Немесе бәлкім ер адам бұған дейін, әйеліне үйленбестен бұрын осындай сезімді бастан кешірген болар. Осы олқылықтың орнын толтыру әрі опасыздықтың не екенін сездіру үшін, ол еш кінәсі жоқ әйелінің көзіне шөп салып, өз жанын тыныштандыруы мүмкін.
Қандай жағдай болмасын, ер адамның әйелінің көзіне шөп салуы нәзік жандылар үшін үлкен соққы болатыны анық. Осындай жағдайды бастан өткерген кезде, не істеген жөн? Бұл ретте шок пен күйзелістен соң, асықпай мәселенің мән-жайын анықтаған абзал. Опасыздыққа екі тарап та кінәлі болуы мүмкін. Бұдан бөлек әйел адам одан ары не істейтінін де білуі тиіс. Яғни ол күйеуінің опасыздығын кешіре ала ма?
Танымал психолог Михаил Лабковский мұндай қарым-қатынастың болашағы жоқ екенін және сол себепті әйел адам күйеуінің көзге шөп салғанын кешірмеу керек деп айтады. Оның айтуынша ең дұрысы – бұл адаммен ажырасу. Ал тағы бір психолог Анна Иотко күйеуіңіздің опасыздығын кешіруге болады дейді.
Күйеуіңіздің көзге шөп салғанын қалай кешіруге болады
Жеке тәлімгер Павел Раков та жолдасыңыздың опасыздығын кешірудің жолдарын ұсынады:
-Болған жайтты қабылдау. Болған оқиғаны түзетуге немесе бұрығыны қайтара алмайтыныңыз анық. Сол себепті оны толығымен қабылдап, жолдасыңызбен қарым-қатынасты түзетіп көріңіз.
-Опасыздық жасаған жанмен ашық сөйлесіп көріңіз. Бәлкім оның мұндай әрекетке баруының белгілі бір себептері болған шығар. Десе де бұған дейін өзіңіз бен күйеуіңізге шамалы уақыт беріңіз. Яғни екі тарап та суыққанды, эмоцияға берілмей, мәселенің анық-қанығына жетуіне ниетті болуы тиіс.
-Назарыңызды өзіңізге аударуға тырысыңыз. Көзге шөп салу күйзеліске әкеледі. Сол себепті одан шығу үшін, өзіңізге көп көңіл бөлуге тура келеді. Бәрінен демалып, өзіңіз бен сүйікті ісіңізге уақыт бөліңіз. Жаңа адамдармен танысып, құрбыларыңызбен, достарыңызбен кездесіп, қыдыруға мән беріңіз.
-Болған жайт жайлы міндетті түрде біреуге айтыңыз. Себебі күйеуінің көзге шөп салғанын білген әйел адам, эмоционалды тұрғыда әлсіз болады. Оның жаны сыздап, іштегі көңіл-күйін міндетті түрде біреуге айтқысы келеді. Ол үшін психологтың көмегіне немесе жаныңызға жақын 1-2 адамға бөліскеніңіз жөн болады. Мұндай жағдай туралы енді танысқан адамға айтпаған абзал.
-Күйеуіңіздің көзге шөп салғаны туралы әлеуметтік желіде пост жазып, оны көпке жариялаудың қажеті жоқ.
-Осы оқиғаға байланысты көзқарасыңызды өзгерту. Егер жолдасыңызды шынымен кешіруге бел бусаңыз, онда оқиғаны жаһандық проблемадан гөрі, үйдегі кішігірім кикілжің деп қабылдаған жөн.
-Жолдасыңыздың опасыздығынан кейін ішіңіздегі ашу-ызаны басқалардан алмау. Сіздің достарыңыз, жұбайыңыздың туыстары мен балалар мұндай жағдайдың орын алуына еш кінәлі емес. Сол себепті оларға іштегі бар агрессиясыңызды көрсетпеген жөн. Егер ол қолыңыздан келмесе спорт залға баруға кеңес беріледі.
-Маманның кеңесіне жүгіну. Тәжірибелі психолог эмоционалды жағдайыңызды жақсартып, өзіңізге деген сенімнің артуына жол ашады.
Не десек те сүйген жардың көзге шөп салуы кез келген әйел адамға ауыр тиетіні анық. Сол себепті мұндай жағдай орын алған күннің өзінде, соңғы шешімді өзіңіз қабылдайтынын естен шығармаңыз.