Қиыншылық, пендешілік, білместіктің барлығы да әр пенденің басынан өткен. Кейде басқа түскен бір қиыншылықтан басқасына да тап болып жатамыз. Әйтеуір, қайда барсаң, сол Қорқыттың көрі. Бірақ, жауыннан кейін күн шығатынын да ұмытпаған жөн. Инстаграм желісіндегі Үшбу хат парақшасы көрермендер жіберген хаттарды жариялап, оқырмандармен бірге түрлі қиыншылықтардың басын ақтарып, шешімдерін бірге тауып жатады. Соның ішінен қазіргі қоғамда кең таралған проблемасы бар әйелдің өмірін алдарыңызға ұсынып отырмыз:
Күйеуім өте пысық
Аты-жөнім жасырын болсыншы. Тұрмыста болғаныма 2,5 жыл болды. Жұмыс істеймін. Жасым 23те. Ал, күйеуімнің жасы 27-ні алқымдап қалған.Əңгіме күйеуім жайлы болмақ. Ол менің алғашқы махаббатым. Екеуіміз сүйіп қосылдық. Күйеуім ,бір сөзбен айтқанда, өте пысық, талпынысы жақсы, алдыға қойған мақсатына жете білетін жан.Әйтеуір бір орында отырмайды.Қолы босаса болды, достарына көмектеседі.Автокөліктерді жақсы көргенмен қатар, оларды жақсы жөндей біледі. Достарының, я болмаса көршілерінің машинасы бұзылып қалса болды, бар уақытын сонда жұмсайды . Кейбіреуіне тегін емес əрине, бірақ, көбінде тегін, уақытының бəрі елдің жұмысына кетеді.
Бірақ…
Біз бір-бірімізді түсіне бермейміз. Жұлдыздарымыз да сәйкес келмейді. Таныстары көп болғанымен, іштегіні әркімге ақтара бермейтін адам. Ал мен ,керісінше, ішімдегіні айтып тастамасам шыдай алмаймын. Шынымды айтсам, күйеуімді əлі толық білемін деп айта алмаймын.
Ұзын сөздің қысқасы, күйеуім достарын бірінші орынға қояды.
Басынан солай. Жұмысын істейді, қосымша ақша да табады.
Өмірі-осы
Күн-түн демей. Таңертең кеткеннен, түнде шаршап келсе де, міндетті түрде «пиво» ішеді. Бірақ үйде емес,көршілердің үйінде я болмаса,гаражда немесе достарымен жиналып, кафеде ішеді.Әйтеуір, жұмыс кезінде ішпейді. Өмірі-осы. Отбасымен бірге отыру деген жоқ. Аяғым ауыр, кейін,
осылай жалғаса берсе, балалары танымай, суып кетеді ғой.
Телефонға маза жоқ
Отбасын бірінші орынға қойғанын қалаймын. Балаларға тəрбие беріп, уақытын дос, таныстарына емес, отбасысына бөлсе деймін. Осы тақырыпта онымен сөйлесіп те көрдім. Мен осылай жұмыс істемесем, «не жейміз, не ішеміз?»,- дейді. «Бастысы күнде ішпеймін,кейін балаларға уақытым болғанда ғана қараймын»,-дейді. Ал менің ойым басқаша. Ақша, ақша деп үй бетін көрмейді. Ақша керек ,əрине, бірақ балаларға ақша емес,оларға бөлген уақытың қымбат.
Алпивосын айына бір-екі рет ішсе сөйлемес едім, əр үш күн сайын, кейде, тіпті, күнде ішіп алтын болды. Түн болса болды, біресе ана досы, болмаса, көрші балалармен ішеді. Бірге жұмыс істейтін достары шақырады да тұрады,Әйтеуір телефонға да бір маза жоқ. Осы әрекеті дұрыс па әлде бұрыс па? Сіздер не дейсіздер?