Жалғыздықтан шаршадым, өзімнің теңімді іздеп жүрмін

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген шынында да тауып айтылған мақал екен. Сүйіп қосылған жарыммен тату-тәтті өмір сүрген едік.

Алайда арамызда бала болмаған соң ажырасып кеттік. Жалғыз қалған адамға ең ауыр соққы осы екенін енді түсініп жүрген жайым бар.

Менің жасым 35-те. Еліміз егемендік алғаннан кейін Ираннан көшіп келгенбіз. Өзім мүгедек болғандықтан үнемі үйдемін. Жұмыссызбын. Бұл қоғам бізді «мүгедек» деп мүсіркейді, бірақ сөзімізге құлақ түргілері келмейді. «Жарымжан» деп жандары ашығансиды, бірақ қол ұшын созып, көмек беруге келгенде, тасжүрек бола қалады. Сондықтан қым-қуыт тіршілікке бой алдырып, нарықтың заңына бағынып күн көріп жүрген жайымыз бар.

Жасырып-жауып қайтеміз, мүгедек жан тұрмақ, қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі сау адамға да бұл күнде өмір сүру қиын. Әйткенмен деніміз сау болғаны үшін Аллаға шүкіршілік айтып күн кешеміз. Кейде мүгедек болып қалғаным үшін ішім удай ашып, қан жылайды. Жұрт қатарлы сапқа тұрып, еңбек еткім-ақ келеді, бірақ мына заманда мүгедекті жұмысқа алатындарды шаммен іздеп таппайсыз.

Негізі менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалғыздықтан шаршадым, үйленгім келеді. Алла-тағала әлемдегі барша жан-затты жұп етіп жаратқан. Әрбір тіршілік иесі тек өзінің жұбымен ғана жарасымды. Жаратылыс атаулының ішінде ең асылы – адамзат. «Жалғыздық тек Жаратқанға жарасқан» дегендей, адам баласы да ержеткенде өз теңін іздейді. Өз отауын тігіп, өзінің шаңырағын көтеруді көксейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сөзінде: «Некелесіңдер, көбейіңдер, мен қияметте өзге үмбеттерге сендерді мақтан етемін», – дегендей әрбір пенде жерде Аллаға ізгі құл, пайғамбарға үлгілі үмбет болатын ұрпақ қалдыруды арман етеді. Менің де арманым – бала сүю. Сондықтан мен өзімнің теңімді іздеп, осы «Замана» газеті арқылы мұңымды айтып отырмын.

Келіңіз, танысып, шаңырақ көтеріп, мұңымызды бірге жеңейік! Мен Сарыағаш қаласы, Жаңатұрмыс көшесіндегі №4 үйде әке-шешеммен бірге тұрамын. Жаман әдеттерден аулақпын. Құдайға құлшылық етіп, бес уақыт намазымды үзген емеспін.

Хабарласамын деушілер үшін байланыс телефоным: 8(72537)-2-52-46, 8-778-384-22-35.

Абдуллатиф САМАТҰЛЫ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста