Жалғыз қызым жатқа кетпесін деп...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әртінде шет елге шығу бақыты некен-саяқ адамға ғана бұйырды. Еліміз тәуелсіздік алғалы «темір шымылдық» түріліп, алыс-жақын елдермен мидай араласа бастадық. Біреулер оқу іздеп не қызмет бабымен мұхит асса, енді біреулер саяхаттап қайтуды үрдіске айналдырды. Сыртқа шығушылар ғана емес, сырттан келушілер қарасы да мол. «Түсі игіден түңілме» дейтін қазақ атажұртымызға табаны тиген шетелдіктерді жатсынбай, есіктен төрге оздырып жатыр. Әйтсе де, әңгіме бұл жайында емес. Көңілге алаң кіргізіп, мазалап жүрген мәселе – қаракөз қыздарымыздың жат жұрттықтар етегінен ұстауының жиілеп кетуі.
Астанада қыз ұзату тойының қонағы болып қайттым. Қалыңдық түрік жігітімен көңіл жарастырған екен, жүзі қуаныштан бал-бұл жанады. Шешесі той үстіндегі әр нәрсенің тігісін жатқызып, іштегісін сыртқа сездірмей жүргенімен, әкесінің қабағы түсіп кеткен. Еркелетіп өсірген қызының таңдауына наразы екені байқалып тұр. Күйеу бала еліміздің бас шаһарында бизнеспен шұғылданатынын естідік. Түркиядан екі-үш құда келіпті. Не қазақша, не орысша білмейді. Түсінісу қиын болатынын білгендіктен, түрік тілін білетін асабаны қыруар ақшаға Алматыдан алдырыпты. Жас жұбайлардың кейінгі тағдыры қалай өрілетінін болжау қиын, қонақтар арасында гу-гу әңгіме, сан алуан пікір. Біреулер «Қазақ қызының ділі басқа, тілі басқа өзге ұлтқа тұрмысқа шығуы тегімізді бүлдіреді» деп күйінсе, енді біреулер «Мұндай үрдіс төрткүл дүниеге тән құбылыс, біз де соған көнеміз» деп, аралас некені өрескел санамайтынын білдірді. Шетелдіктің түтінін түтетіп, ұрпағын өсіруді қалаған қазақ қыздарының қылығына төрелік айту біздің ойымызда жоқ, әйтсе де неміс, ағылшын, араб, кәріс, тағы тағылармен құда болу қалыпты жайтқа айналуы әрбір ата-ананы «Осы біз қызымызға тәлімді тәрбие бере алдық па?» деп толғандыруы тиіс.
Оңтүстік Кореяға оқуға кеткен қызы кәріс жігітіне тиіп, екі жиен сүйген қазақ отбасында болғаным бар. Сүп-сүйкімді кішкентай ұл мен қыз нағашы атасына кезек-кезек жүгіріп келіп, әлденені кәрісше айтып әлек. Атасы жиендерінің айтқанын түсінбей бір аңырса, екінші жағынан бөтен көзден қысылып, қипақтады да отырды. Бір түрлі аянышты көрінді.
Айтпақшы, таяуда тағы да Астанаға жолым түсті. Концерттен шыққан соң такси ұстадым. Рөлдегі жас жігіт ашық екен. Діттеген жерге жеткенше біраз әңгіме айтылды. Үш жыл бұрын Қытайдың Шәуешек қаласынан қоныс аударыпты.
– Шәуешек – қазағы қалың қала. Қазақ мектептері көп еді, бірер жыл болды сабақ қытайшаға көшіріліп жатыр. Бір заманда осындағы қазақ баласын орысша оқытуға мәжбүр болғанын естуші едік, енді сол сұрқылтай Қытайдағы қазақтың басына туды. Қытай тілінде білім алған баланың тілі ғана емес, жан дүниесі, ойлауы, пайымдауы да өзгеріп, қазақы қалыптан айрылады. Жалғыз қызым бар. Ертеңгі күні қытайға тиіп сорым қайнап жүрмесіне кім кепіл? Есім барда, елімді табайын, қызымды үйіріне қосайын, әкелік парызым ғой деп атамекенге келдім.
Өзін Ғұбайдолла деп таныстырған жас жігіттің бұл сөзі белінен шыққан ұл-қызының келешегіне бей-жай қарап, жегеніне тоқ, ішкеніне мас болып, той қуып тойынған мұндағы қазақтың құлағына жетсін, санасына сіңсін деп осы мақаланы жаздық. Басқа алып-қосарымыз жоқ.

Ж. Сәдуақасов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста