Үлкен әйелдермен төсектес болуға кәдімгідей ұялатынмын

Бүгінде Қазақстанның жарнамалық басылымдарынан тәнін саудалағандардың ақылы қызметі туралы хабарландыруларды кезіктіруге болады. Бұндайды кәсіп еткендер арасында әйелдер де, ер адамдар да бар.

Тарихшылар ер адамдардың әйелдердің тән құмарлығына қызмет етуі бастауын ежелгі дәуірден алатынын айтады. Рим жазушыларының мәліметіне сүйенсек, ерте кездің өзінде қала жігіттері нәзік жыныстылардың тән құмарлығын басуға немесе бай әйелдердің әмиянын жеңілдету үшін барған. Совет одағы кезінде де ақша үшін жыныстық қатынасқа түскендер айтарлықтай заңмен қудаланбайтын, тек, сутенерлар сотталатын. Ал, бүгінде Қазақстанның жарнамалық басылымдарында "әйелдің де, еркектің де мауқын басамын" деген хабарламалар жиі берілетін болды.

«Көрікті, ақылды әрі әзілі жарасқан жігіт сізді бей-жай қалдырмайды. Кез келген уақытта көңілді отырысыңыздың сәнін келтіріп, жан-дүниеңіздің қалауын табуға көмектеседі». Қызмет түрінің ақылы екенін қоса ескерткен осындай жарнамалар газет беттерінде жиі кездеседі. Сондай хабарламалардың бірінде көрсетілген телефонға қоңырау соққанымызда телефон тұтқасын көтерген жігіт өзін таныстырды. Жасы 26-дағы сұңғақ бойлы, әдеміше келген ауыл жігіті Еркіннен бірінші кезекте мұндай кәсіпке қалай келгенін сұрадық:

- Қаржы жағынан қиындықтар көп болған соң амалсыздан көндім. Мұның алдында сән агенттігінде жұмыс істегенмін. Кейін жұмысымнан айырылып қалдым да таксист болдым. Бір күні кешкісін мейрамханадан шырттай боп киініп алған мас келіншек шығып, машинама отырды. Үйіне жеткен кезде ол маған «пәтеріме кіріп менің мауқымды бассаң 100 доллар беремін» деді. Содан бері осындай жұмысты кәсіп етіп алдым.

Еркіннің әке-шешесі, бауырлары ауылда тұратын көрінеді. Қалаға келгеніне 7 жыл болыпты. Ауқатты қыз-келіншектерге қызмет көрсете бастағанына 2 жылдан асқан. Анасы ауылда мұғалім. Әкесі көп жылдан бері төсек тартып жатыр екен.

«Анамның табысы мен әкемнің зейнетақысы және мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы күнделікті ішіп-жемдерінен артылмайды. Сондықтан, өзімнен артылған ақшаны ауылға салып тұрам» дейді Еркін. Бірінші кезде анаңмен жасты әйелдермен төсектес болуға кәдімгідей ұялатынмын дейді ол:

- Алғашқы кездері үлкен әйелдермен төсектес болуға батылым бармады. Бірақ, бойым тез үйренді. Оның үстіне ақшасы да тәуір. Бұрынғыдай қаржы жағынан қысылмайтын болдым.

Еркіннің айтуынша, сутенерлер ер адамдарға айтарлықтай талап қоймайды. Тек жігіттердің бойы 170-тен кем болмауы шарт. Қысқа бойлыларға сұраныс мүлде болмайды екен. Әдетте әйелдер ұзын бойлы, қай жағынан да келісті жігіттерді таңдап алады, дейді Еркін.

- Бай қыз-келіншектер саунаға шақырады. Кейде мейрамханаларға да барамыз, бірақ, ол өте сирек, біздің бет жүзімізді құрбыларына көрсеткісі келмейтін шығар деп ойлаймын, - дейді Еркін.

Оның айтуынша, кейбіреулер төсектес болу үшін емес, сырласу үшін шақырады екен. Олар мұңын айтады, ақыл-кеңес сұрайды. Еркіннің айтуынша, оны бұрынан бері шақыртып жүрген бірнеше әйелі бар:

- Әсіресе күйеуінен ажырасып кеткен қыз-келіншектер, тіпті елуден асқан әйелдер де біздің қызметімізді пайдаланады. Физиологиялық құбылыс деп ойлаймын, өйткені, күйеуімен күнделікті жыныстық қатынастарға түсіп тұрған әйелдердің ажырасқаннан кейін ағзасы бұрынғы әдетті талап етіп тұрады.

Кейбір сарапшылар жезөкшелік әлеуметтік проблема болғанымен, оны биологиялық тұрғыдан қарағанда орынды құбылысқа жатқызады. Ал, бір адамға өмір бойы тұрақты болу өркениеттіліктің немесе діни көзқарастардың нышаны деген пікір бар. Біздің кейіпкер Еркін болса, өз кәсібінен мүлде ұялмайтынын айтып отыр:

- Сағатына кейде 10-18 мың теңге береді. Ал егер екі жігіт болып гей-шоу көрсететін болсақ, одан да көбірек. Бірақ, ол үшін мен жолдас жігітімді шақыртып, онымен ауыз жаласуға мәжбүр боламын. Әлбетте, менің өз басым еркектерге құштарлығым жоқ, тек әйел сұраған соң оған сондай спектакль көрсетеміз. Ақша табудың оңай жолы. Қасқырлардың қоғамында қасқырша өмір сүру керек. Кім ақшаны қандай жолмен тапса да өз еркі деп санаймын.

Осы кәсіппен енді қанша айналысасың деген сұраққа Еркін бірнеше жылдан кейін мансапты қызметке ауысуды жоспарлап жүргенін айтты. Бірақ, жас кезде қалыптасып қалған әдеттен құтылу қиын болатын шығар деп мойындайды Еркін.

www.azattyq.org

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста