Қыздар, аналар декретте отырғаныма 1 жылдан асты,түндерім жылаумен өтуде. 2 жыл болды тұрмыска шыққаныма, жасым 24-те. Кейде шынымды айтсам, үйден қашып кеткім келеді, 2-3 күн ештене ойламай жалғыз қалғым келеді. Өзімді жалғыз сезінемін. Ешкім түсінбейтін сияқты. Ешкімге ештеңе айта да алмайсың.
Ауыр босандым, балам уақытынан ерте туылды,көп ауырды. Қазір шүкір. жақсы. Кейде өзіме өзім шүкір десеңші, отбасың бар, тамағың тоқ, не керек деп әштей айтамын. Бірақ жүрек жылап тұрады. Ата-анамды, құрбыларымды сағындым. Жаны жоқ адам сияқтымын. Ештенеге зауқым жоқ.Үлкен әулеттің келіні болғасын әр сөзім, ісім қадағалаулы. Бәрі сенен бірнарсе талап етеді, бірақ мен де адам емеспін бе? Ойым шашыранқы. Біз де де жүрек бар ғой неге адамдар келін десе бәрін соған арта салады. Үйдін тірлігінен емес жылудын жоқтығынан шаршадым. Өз-өзімді жоғалтып жатқандаймын. Қалай шығамын осы тығырықтан. Қалай сөз көтеріп үйренуге болады? Естімеген адамша жүр дейсіздер? Қалай ол?
Аноним