Тұрмысқа шыққым келеді...

Біраздан бері осы сайттың оқырманымын. Небір тағдырлар жайлы оқып, біліп жүрмін. 

Жасым 25-те. Жігітім тастап кеткен, оған өзім кінәлімін. Мәселе ол жігіт жайында емес.

Соңғы кездері туған-туыс, анам, таныстарымның бір ғана "қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрағы мазалайды.

Өзімнің де тұрмысқа шыққым келеді. Неге? Өйткені оқыдым, қыдырдым, жұмыс істеп жүрмін. Құрдастарым 2-3 балалы, солардың қызықтарын естігенде қатты қызығамын. Ана болғым келеді.

Осы уақытқа дейін тұрмыс құрмаған себебім: сұрап құда түсушілер, сырттай ұнататындар көп болды, алайда сол кезде жігітім болған соң барлығына жоқ дедім. Ал қазір "әттеген-ай" деп сан соғып отырған жәйім бар.

Жас келген соң қыдыру, көңіл көтеруге де зауқың болмайды екен. Интернетпен танысып жүргенім жоқ, бір рет танысқан жігіт отбасылы болып шыққаннан кейін интернетті қойдым. Аллаxтың бір құлы бұйырар дегенмен келе жатырмын.

Құр алақан отыра берсем де дұрыс емес, Құдай береді деп босқа отырғаннан түк шықпас. Алайда не істей аламын? Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой.

Мұнда жазып жатқан себебім, сіздерден өте үлкен нәрсе сұрамақшымын. Көп түкірсе - көл демекші, сіздерден мен үшін дұға тілегендеріңізді қалаймын, менің адал некем қиылып, ана бақытына ие болуыма, асыл жар болуыма.

Дұға – мұсылманның ең күшті қару екендігін білесіздер ғой. Үмітім үзілмейді, сіздерден көмек сұраймын...

Есімім Айгүл. Раxмет. 

alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста