ТӨСЕКТЕГІ «ойын» ОЙДАҒЫДАЙ шықпай жатыр ма? МӘСЕЛЕ мұнда...

Төсек үшін де керісіп қалатындарыңыз бар ғой, іштей мойындаңызшы... Әрине, оны айғайлап айтудың қажеті жоқ, дегенмен төсектегі «ойынның» ойдағыдай шықпауына керісіп қалатын жұптар жоқ емес. Тіпті, сол төсектің өзіне жұптардың бірінің ықыласы болмауы да көп кездесетін жағдай.

Әлбетте, жатын жайға некелі еркек пен әйелдің «от» болып кіріп, «су» болып шыққаны жақсы. Бірақ барлық уақытта солай берсе де болмас, арасында проблемалар да кездесіп тұрады. Әйелдің «демалыс» күндерінен бөлек, оның осы төсекке ықыласы болмауының көптүрлі себебі болады екен. Сол сияқты еркектердің де өз себебі бар. Оны психолог әрі сексолог мамандар айтады.

Себеп №1. Еркекке «кіммен болса да» БӘРІБІР емес!

Мамандар әйелдердің басым көпшілігінің төсек қатынасынан ләззат ала алмайтынын жиі айтады. Ал еркектер сергінің жыныстық қатынасқа немқұрайлы қарағаны үшін сезімі суып, төсек жылуын сырттан іздей бастайды. Түсіну керек – еркекке «кіммен болса да» БӘРІБІР емес! Олар да серігінің өзіне деген қалауы, ықыласы мен сезімі болғанын, төсекке «керегін алса болды» деп емес, «екеуміз де ләззат алсақ» деп жақындағанын қалайды.

Себеп №2. Төсекте ӨЗІМШІЛДІК жүрмейді!

Некелі жұптардың бірі (әсіресе, еркектер) көбіне жыныстық қатынас кезінде өзімшілдікке салынады. Яғни, өз қалағанын, өз қиялы мен еркін орындатқанды тәуір көреді. Осы себептен де әйелдің көп өтпей-ақ қалауы жоғалып кетуі ғажап емес. Оның да қалауымен есептескен жөн.

Себеп №3. Анатомиялық параметрлердің дұрыс келмеуі

Егер еркектің жыныс мүшесі әйелдің қынап тереңдігіне қарағанда анағұрлым ұзын болса, жыныстық қатынас кезінде проблемалар туындауы мүмкін екен, дәрігерлердің айтуынша. Әйел ауырсынып, көп өтпей-ақ физикалық тұрғыда жыныстық қатынасқа қарсы бола бастайды. Қынап тереңдігі әйелдің бойымен өлшенеді, әдетте. Әйелдің бойы ұзын болған сайын қынап та терең бола түседі. Осыған қатысты проблеманы шешу үшін сәйкесінше позаларды қолданған жөн.

Себеп №4. Білмеу...

Жыныстық қатынаспен қалай айналысуды білмеу өз алдына, ал адам тәнінің эрогенді аймақтарын білмеу де төсектен ләззат алуға кедергі келтіріп қана қоймай, серігін аз-ақ күнде жерітіп алуы әбден мүмкін.

Себеп №5. Сексуалды дисфункция

Әйелде де, еркекте де жыныстық қатынас кезінде болатын өздеріне тән пробламалар бар. Солар бірі, мәселен, еркектерде – эректильді дисфункция (немесе импотенция, жыныстық мүшенің қатаймауы) болса, әйелдерде – аноргазмия (жыныстық қатынастан ләззат ала алмау). Некелі жұптар көбіне мұндай проблемалары бар екендігін жасырып, үндемей қалады. Бір-біріне айтуға қорқады. Бұл – пробламаны шешуге емес, одан бетер шиеленістіруге бастайды. Дұрысы, ашық айту және шешімін бірге іздеп, емделу.

Себеп №6. Жастай жыныстық қатынасқа түсу

Некеге ерте жастан (16-17 жас) тұрғандардың көбінде алғашқы жыныстық қатынас сәтсіз шығып, өмір бойына психологиялық тұрғыда ізін қалдыруы мүмкін. Сондықтан жыныстық жетілу уақытын күткен дұрыс.

Себеп №7. Алғашқы сәтсіздік

Жастай жыныстық қатынасқа түскендер ғана емес, алғашқы түні сәтсіз өткендер де (қатты ауырсыну, психологиялық дискомфорт, ырықсыз, күштеп жыныстық қатынасқа түсу) қалған өмір бойына төсекке деген ықыласы жеткіліксіз болуы мүмкін.

Себеп №8. Қорқыныш, комплекс

Біреулерде жыныстық қатынастан қорқу, дене кемшілігі немесе артықшылығынан комплекс болуы да ықтимал. Ал оның шешімі – тек білікті психолог мамандармен байланыс орнату.

Себеп №9. «Болмай қалса?»

Еркектердің бойында болатын көп қорқыныштардың бірі – жыныстық қатынастың сәтсіз болуынан алдын ала қорқу. Нақты іске келгенде де сол ойдан арыла алмай, өзін алдын ала сәтсіздікке ойша дайындап қойған соң «дұрыс шықпайды».

Себеп №10. Жыныстық конститутцияның сәйкес болмауы

Жыныстық конститутция – жыныстық қатынасқа деген қажеттілік. Ол күшті, орташа және әлсіз болып бөлінеді. Егер некелі жұптардың жыныстық конститутциясы сәйкес келсе, өте жақсы. Ал ол біреуде күшті, екіншісінде әлсіз болса келіспеушілік туындайды. Мысалы, еркек аптасына бір рет болатын қатынасты місе тұтса, әйел күнде немесе күнара қалауы мүмкін. Бірақ, мұның шешімі бар. Гормонотерапия арқылы (тек қана дәрігердің бақылауымен!) сәйкестендіруге болады.

Себеп №11. Уақытша «олқылықтар»

Мәселен, әйелдердің етеккірі алдындағы көңіл-күйінің болмауы немесе ұзақ уақытқа созылған циклі. Сонымен қатар, созылмалы шаршау, күйзеліс немесе басқа да себептерден уақытша ықыласы болмай, төсекте теріс қарап, тіпті, мүлде бөлек жатуы да мүмкін.

Себеп №12. Психологиялық проблемалар

Егер некелі жұптар бір-бірімен ортақ келісімге келе алмай жиі керісетін болса, ол төсек қатынасына кедергі келмей қоймайды. Күндіз ұрысып, түнде жарасатын аз.

Себеп №13. Қатаң тәртіпте өскендер

Еркін өспеген, шектеумен ержетіп-бойжеткендердің көбінде психосексуалды даму кешеуілдейді. Соның әсерінен жыныстық еліту кезеңі қажетті межеге жетпей, ол келешектегі жыныстық қатынаста кедергі келтіреді.

Себеп №14. Биоритмнің сәйкес келмеуі

Еркек ерте ұйықтап, әйел ұйқыға кеш жатар болса да жыныстық қатынаста проблема кездеседі. Кеш жатқан әйелдің мойнынан ерте тұрған еркек иіскесе, ол майдай еріп оянудың орнына ұйқысы қанбағаннан жиырыла қалуы мүмкін. Бір-екі рет көнер, бірақ уақыт өте бәрібір қанбаған ұйқы өз дегенін істеткізеді.

Себеп №15. Жасырын жиіркену

Кейбіреулер ашық айта алмаса да әйелдерінен немесе күйеулерінен жиіркенеді. Мәселен, біреудің денесінен, енді бірінің аузынан немесе тынысынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Ол үйленген сәтте емес, кейін пайда болуы да ықтимал. Осындай жағдайларды ашық айта алмай іштей ғана жиіркену сезімі пайда болып, ол жыныстық қатынастың жоғары деңгейде өтпеуіне алып келеді. Тіпті, сол үшін бас тартатындар да бар. Оның соңы жақсы болмайды...

Себеп №16. Жәй ғана, қаламайды

Жыныстық қатынасты әйелдерге қараған еркектер көбірек қажет етеді. Сондай әйелдер көбіне қаламаса да ері болған соң келіседі, үнсіз көнеді. Бұл жиі қайталана берсе, әйелдерде мүлде ықылас қалмауы мүмкін. Сондықтан бір сәтке еркектер де әйел қалауына құлақ асып отырғаны артықтық етпейді.

Жоғарыда аталған себептердің барлығының да шешімі бар. Некелі жұп бір-бірінен жасырмай, бәрін де ашық айтып, шешуін бірге іздесе, тез-ақ шешілетін проблемалар. Ал дер кезінде шешілмеген түйін ертеңгі күні үлкен мәселеге айналып кетуі де ғажап емес.

Дереккөз: aif.ru

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста