Үйленіп жатқан екі жастың той үстінде сүйіскен сәті көптің ашуын туғызды. Олардың бір-бірімен сүлікше жабысқаны сонша, той қонақтарынан да қымсынар емес, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видео ғаламторда қызу талқыланып жатыр.
Онда ақ көйлек киген қалыңдық пен күйеу жігіттің той төрінде отырғанын көруге болады.
Олар жәй отырмай, бір-бірімен сүйісіп, аймаласып отыр. Жас жұбайлардың бұл қылығы көптің ашуын туғызды. Тойдың еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз.
"Масқара! Не деген сұмдық мынау?! Өліп қалыпты ғой", "Соншама жабысып не көрінді?! Тәрбиесіздер!", "Қонақтардан ұялмай ма сонда? Ата-анасы қайда қарап жүр?", "Қызда да, ұлда да ес жоқ екен. Жеткен жеріміз осы", "Ата-анасын жер қылды-ау мына ақымақтар", "Ұяттан безгендер!" — деп жазды желі қолданушылары.