Қазақ қыздарының арасында қара нәсілді жігітке шыққандардың қатары артып келеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Афроамерикалық жігіт қазақ қызына жар болды. Желіде тараған бейнежазбада олардың тойы елімізде дүркіреп тұрып өткен.
Желіде қазақ қызының афроамерикалық жігітке тұрмысқа шығып, елімізде дүркіретіп тұрып өткізген тойының бейнежазбасы тарады. Еңселі мейрамханада өткен тойда қонақтардың көп екені байқалады.
Желі қолданушыларының талқысына түскен той Алматыда өткен болуы мүмкін. Онда қазақ қызы төрде қара нәсілді жігітпен бірге тойдың қызығына кенелді.
Желіде жария болған бейнежазбаны көпшілік қызу талқылап, пікір қалдырды.
"Қара жігіттерге деген махаббат қатты болып тұр", "Осылай байсырап жүр ме?, "Бақытың қара жігітпен баянды болсын", "Қазақстаннан Африкаға алтын көпір орнады", "Туғанда атастырған соң тиіп жатыр", "Өз жігіттерімізе ешбір ұлттың жігіттері жетпейді" деген сынайда ашу-ызаға толы жазба қалдырған.
Бұл тойдың иелері туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Алайда тойдың керемет өткеніне қарағанда шетелдік күйеу бала елімізде тұратын секілді.