Сәлеметсіздер ме! Үйден алыс басқа қаладамын. Бұл жерде сырласатын ешкімім жоқ. Жасым 27-де. Тұрмысқа шығуға сөз байласқан жігітім бар. Басында ұнаттым. Оның жасы 29-да. Құда түсу, сырға салу әлі болмады. Мен демалыста үйге барған соң құдалар жіберетін (жігіт жақ) болып келіскенбіз. Қазір ол жұмыс бабымен басқа қалаға кетті. Міне, оны көрмегеніме 2 айдай болады. Мен арамыз алыстаған кезде оны мүлде сағынбайтынымды, сүймейтінімді түсіндім... Арамызда жақын ештеңе болған емес. Ол маған күнде телефон шалады, ал мен тіпті жауап бергім келмейді, той туралы әңгіме қозғаса жақтырмаймын. Үйдегілер жасың келді, тұрмысқа шығуың керек дей береді...Арамызды үзіп, сүймейтінімді айтайын десем, үйдегілердің менен көңілі қала ма деп ойлаймын. Жігітім қарапайым, иманды, жақсы жігіт. Бірақ неге екенін білмедім, оған деген сезімімі жоқ. Сүймей тұрмысқа шыққаным дұрыс па? Уақыт өте сезім оянатын шығар деп те ойлаймын. Әлде лған бәрін түсіндіріп, арамызды үзгенім дұрыс па?