Сол бір түн өмірімді талқан етті

 Бұл жағдайды жазуға оқталып жүргеніме 2 жылдан аса уақыт өтіпті қалай жазсам екен ішкі толғанысымды қалай жеткізсем екен деп көп ойланып бүгін жазуға бел будым...Менің бұл оқиғамды мүмкін біреуіңіз түсінерсіздер мүмкін жоқ бірақ жазбасам ішкі азабым өзімді жеп бара жатыр...

Бұл жағдай мен 2 ші курс оқып жүргенде қыста болған оқиға. Өмірімнің ең керемет кездері алаңсыз студенттік шақтар еді. Сол жылы класстастармен ауылға қыдырып барғанбыз, көптен көрмеген класстастарыммен кездесіп, жаңа жылды тойладық.

Мен мектеп кезінен өте ұяң жəне томаға тұйық сабырлы қыз едім, сол себепті бəрі мақтан тұтатын қызға лайықты мінез деп көп ұстаздарым жақсы көрді..Бірақ сол жылы яғни 2 курстағы қысқы демалыстан кейін өмірім мүлде қатты өзгерді. Мұны еске түсірудің өзі қиын. Менің класстасым деп сыйлап жүретін, мектепте бетке ұстар бала болатын. Сол мені кешкі отырыстан кейін шығарып салмақ болды. Өзі қызып алған екен, сол кезде ібәрі ішкендіктен мен үйге кіммен қайтарымды да білмежім.

Мектепте көбі "сен ашылмаған кітапсың сені кім оқыса да жолы болғаны" деп айтатын,  өйткені таза едім, 11 бітіргенше ешқайда шықпадым. Дәл сол отырыста  бір класстас қызым ішіп отырған сусына арақ араластырып қойыпты соны мен байқамай ішіп қойдым. Оны ойы менің абыройым төгілу мақсатында жасады ма, ол жағы беймəлім сонымен мені əлгі жігіт қоярда қоймай шығарып салам деді өйткені бəрі қызу еді мен қашып кете алмадым. Алдың шетіндегі кафеге барғанбыз, əлгі жігіт мені шығарып салам деп қоймады, ішім бір жамандықты сезгендей болды, жанымдағы құрбыларыма қарасам əрқайсысы өз жігіттерімен əуре, қалай қүтыларымды білмедім. Бір кезде əлгі жігіт мені ішпеген досына табыстап апарып таста деді. Мен ішпген жігітпен баратыныма қуандым, бірақ жолда кетіп үйге жақындап қалғанымда əлгі жігіт шыға келіп маған тиісе бастады ал досы болса кетіп қалды, нестерімді білмедім. Әлгі класстасымның сусынға қосқан арағының əсері ма басым ауыра бастады. Ал әлгі жігіт ақыры сол жерде  абыройымды төгіп кетті, менің шамам келмеді. Тек есімді жиғанда досымен бірге алыста кетіп бара жатты. 

Бұл оқиға осылай аяқталар деп ойламадым, əрине мені жақтар ешкім болмас, өйткені мен күнə жасадым. Менің сусыныма арақ қосқанын қайдан біліп отырсың десеңіздер, бір ай өткен соң бір құрбым айтты, сол кезде білдім, əйтпесе мен ешқашан ішімдік аузыма алған емеспін. Сол түні  үйге қара бет болып кірдім, ата-анама қалай қараймын деген ой миымды жеп қойды.  Сол күні тұрмай күндіз-түні жыладым, сосын қалаға қайтып кеттім. Өйткені бұл ауыр азаппен өмір сүру қиын болды, ол жігітке жылап жаздым да,айттым да, ал ол түк болмағандай сыңай танытты. Сол күннен кейін менің сабақ үлгерімім төмендеп кетті, жазғы оқуға қалдым. Өзегімді өртеген өкініштен арыла алмай күрестің ең ауыр түрі ар азабымен күрестім, ішімді жегідей жегені сонша сол күнді лағынет атсын дедім. 

Содан бері міне класстастармен бəрімен ара қатынасымды үздім, телефон нөмІрімді бəрін өзгерттім, арада 3 жыл уақыт өтті, ал мен сол баяғы өзімді жегідей жеген ар азабыммен арпалысып келемін. Мені қорлаған  жігіт осы жылы отбасын құрды, менің өмірімнің тас-талқанын шығарып кетті. Өзі ештеңе болмағандай жүргеніне таң қалам, класстас болған соң кейде қалада көріп қалғанда ештеңе болмағандай амандасуға тырысады, ал мен одан басымды алып қашам, болған оқиғадан тіптен хабары жоқ адамдай қалай маған ұялмай қарайтынына таң қалдым . Ал мендегі қорқыныш сол күнгі оқиға енді мен ешкімге тұрмысқа шыға алмайтынымды ойлаған сайын қатты күйзелем. өзімді керексіз зат сияқты сезінем.

Оқуымды аяқтадым, қазіргі уақытта жұмысым да бар, бірақ бір бармағымды тістеп өкінетін күн сол қара түн кейде неге мен деп өзімді қоярға жер таппаймын, болашақ жарым сұраса не деп жауап берем деген сұрақ ылғи санамда сайрап тұрады. Бұл оқиғамды сіздерге дұрыс жеткізе алмауым мүмкін, қатты сөкпеңіздерші. Егер де сол күнгі отырысқа класстастарым қинап апармағанда, сусынға арақ қоспағанда мүмкін басқалай болар еді, əлгі досы мені үйге əкеліп тастағанда бұлай болмас еді деп ойлаймын. Екеуінің бірігіп жасаған жоспарлары іске асты. Менің 11 жылда жақсы атқа ие болған кезім бір күнде шелектеп төгілгендей болды. Алдағы өмірім не болатыны белгісіз, бірақ осы жанымды жеген азаптан қалай құтылсам екен деп ойлаймын. Мен де ел сияқты бақытты болғым келеді,  өзіме қол жұмсайын десем ата- анамды ойлаймын. Не әстесем  екен?

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста