Сіңілімді қалай тәрбиелерімді білмеймін...

Өмірде адамдардың жаратылысы, мінезі әртүрлі болатыны белігілі. Бір-біріне ұқсамайтын адамның қасиеттерін ұғынып, түсіну қиын-ақ. Ұрлықшы, өтірікші деген жаман қылықтар адамдарға қалай берілетіні мені ойландырады. Туа біткен қасиет пе әлде жүре пайда болатын әдет пе? Өті­рікті айтудың әртүрлі себеп­тері және өтіріктің түрлері бар. Платонша айтқанда «Ізгі өтірік»яғни әр ал­уан адамдардың бір-бірімен түсі­ністігі үшін зиянсыз деп та­ны­лады. Ал, менің сіңілімнің өтірігі мүлдем бөлек. 

Менің бір туысқан ағайындарымның Әсия есімді қыздары бар. Түр десе түрі бар, мінезі де жайлы, сабақты да жақсы оқыды. Тек бір жаман қасиеті-өтірікті көп айтады. Жай атпайды ғой бейнебір фантастикалық кино-кітаптағыдай ақылға сыймайтын дүниелер. Әсияның ата-анасы үш бала тәрбиелеп отырған қарапайым жандар. Әсия үйдің кенжесі. Екі ағасы үйленген. Алматыда тұрады. Әсия менене он төрт жасқа кіші. Бұрын Әсияның сондай мінезі бар екенін байқаған емеспіз. Әлде шынымен мән бермедік пе әлде кіші болған соң көп араласпадық па білмеймін, Әсияның өтірікті шындай қылып айтатын қасиетін білген емеспіз. Мүмкін, достары, сыныптасыры білсе де біз туысы болғандықтан бізге айтуға ұялды ма екен деймін.
Әсия оқу бітірген соң Алматыға жоғарғы оқу орынына түсті. Ағаларының қолында тұрды. Екінші курсқа көшкенде оңтүстіктің дәрігер жігітіне тұрмысқа шықты. Құда келгенде енесі "Әсия анам есепші"- деп айтып еді дегені есімде. Бірақ ол сөзге сол уақытта көңіл аудармаған едік. Әсияның анасы өмір бойы үй шаруасындағы әйел еді. Қазір ойласам Әсиямыз сол кезден бастап өтірік әңгімесімен елдің миын ашытып жүрген қыз екен ғой.
Сонымен бір жылға жетпей Әсиямыз күйеуінен ажырасып қайтып келді. Күйеуі сыпайы, орнықты жігіт сияқты еді. Қызымыздан тоғыз жас үлкен болды. Не үшін ажырасқанын ашық айтпады, біз де қазбаламадық. Ауылда жарты жыл болған соң Әсия Балқашқа қайтып келді. Бір колледждің сырттай бөліміне оқуға түсті. Енді Әсияға жұмыс керек. Туысқаным болғандықтан үйіме тұрғыздым. Куйеуім де қарсы болмады. Өте сұлу екі тілді таза білетін Әсияны үлкен әпкем бір танысы арқылы хатшылық жұмысқа тұрғызды. Күндер өтіп жатты. Бұрын байқалмаған сіңілімнің ерекше мінезін байқадым. Жұмыстан келген соң шәй ішіп отырсақ өз әңгімесін бастайды. Ол әңгімеде Әсия басты "герой". Басында әр сөзін шын көріп, жолдасым екеуіміз ұйып тыңдап, Әсия "геройлық образына" таң қалатынбыз "не деген керемет!" деп. Әңгімесінің тігісін жатқызып, аузыңның суын ағызып тұрып тыңдайтындай қылып айтады. Тыңдамасқа қоймайды, тіпті артыңнан еріп жүріп айтады. Әңгіме желісі, мазмұны мынадай:

- Мен оқу оқып жүргенде ең мықты студент болдым. Оқудан өзім шығып кеттім. Сол кезде факультет деканы келіп "Сендей студенттер бізге қажет" деп, маған оқудан шықпауымды өтініп, жалынды.. (Кейін білдік, сабаққа бармай, оқудан шығарып тастаған екен).
- Менің киімдерім өте көп болған. Бөлмеде тізіліп ілініп тұратын. Мен келіп, ішінен өзім ұнатқан киімдерімді алып киемін. Алла Пугачевада ондай гардероб жоқ шығар. Ойлап қоямын ағасының үйінде тұрды. Ағасының айналдырған бір бөлмелі үйінде қай жерде гардероб, қай жеріне сыяды. Қараймын, сіңілімнің өзі айтқандай бағалы құндыз екі-үш тонын көріп тұрған жоқпын. "Ол кимідерің қайда деп қоямын" арасында. "Ой, Алматыдан кетер кезде барлық топ қыздарына таратып бердім",- деп қояды. Ол соншама елге тарататындай артық ақшасы да жоқ сияқты еді. Әсия "жомарт жан" образында.
- Кеше жұмыста үлкен бір басшы азамат келіп маған ғашық екенін айтып, аяғыма жығылып, үстелге бір машина мен пәтер кілтін қойды. Мен ештемең керек жоқ деп, кілтті бетіне лақтырып жібердім. Ішімнен басшы кілтті беретін жерді тапқан екен деп қоямын. Ол басшы да ақымақ емес шығар.
- Бір дискотекаға барғанда менен бір жігітті қызғанып мені итеріп жіберді, мен сальтомен айналып барып алдына тұрдым да каратэ қимылдарымен қызды айналып келдім ұрдым"- дейді. Қытай киносындағы Брус Ли дерсің. Қыз кешірім сұрады. Бүкіл дискотекда жүрген халық риза болып шапалақ ұрыпты-мыс. Әсия хикаяларын тыңдап отырып, өзімнен өзім ұялып кеттім кірерге жер таппай.
- Алматыда жүргенде мен лотерядан машина ұтып алдым ғой деп қояды. Ол машинаң қайда деп қоямын. "Машинаны бір құрбыма сыйлап жібердім" дейді. Не деген жомарт едің, Әсия деп қоямын.
Әсияның әңгімесін тыңдасаң құтты әмбебап адам дерсің. Ең мықты студент, ең мықты спортшы, бүкіл Қазақстанда бар жігіт ғашық болған жалғыз бикеш. Не жыларыңды не күлеріңді білмейсің. Кейіннен әңгімесін тыңдамайтын болдым, ол сөйлеп айтып отырса да өз ойым өзімде арасында "иә, ия" деп басымды изеп отыра беремін. Кейде тіпті шыдамай дастарханнан тез тұрып кетіп, "қашан аузын жабады екен" дейтін кездерім де болды. Үйдегі жолдасымнан да ұялатын болдым. Ол да сезетін сияқты. Үнсіз маған қарап қояды. Үйге құрбыларым келсе оларға да осылай майын тамызып әңгімелерін айтып есі шығады. Артынан "сіңілің қандай мықты қыз еді, жігіттер неге байқамай жүр" деп қояды. Обалы нешік, үй шаруасына епті, адам көңіліне де қарап тұрады, өте сауатты бір кінәсі-өтірікті көп айтады. "Қырық өтірік" ертегісіндегідей таңнан кешке дейін өтірік әңгіме айтуға бар. Тек, тыңдаушы болсын. Бір байқағаным, әңгімесін ұйып тыңдаған кейіп көрсетсең, қуанып, есі-шығып шабыттанып кетеді. Мюнхаузеннің хикаяларындай Әсияның да хикаялары күннен күнге түрленіп шығып жатады. Бір күні ауылдан анасы келді. Ана байғұс баласын жаман деп ойламайды да әр сөзіне сенеді ғой, сөз арасында өткенде "Музарттың" кезекті бір концертінен соң Сәкен мен Мейрамбек Әсияны ресторанға шақырып, 120 раушан гүлін сыйлапты деп қояды. "Музарт" қайда Әсия қайда? Күлкім келіп кетті. Бір жағынан анасына жаным да ашып кетті. Анасына қалай балаң өтірікші деп айтасың? Ата-анасы қарапайым біреудің ала жібін аттамаған адамдар. Ағалары да оқыған, бір-бір отбасын ұстап отырған азаматтар. Психологиялық тұрғыдан қарасам, айтатын әңгімесі түгел арман-қиялдан туған сияқты. Тіпті бастауыш сынып оқушысы осындай өтірік қияли әңгіме айтпайтын шығар. Кейде тіпті өзі сатып алған затын біреу сыйлады деп айта салатынын да ұқтым. Өз айтуы бойынша бүкіл ұжымы Әсияға қарыз. Үнемі қарызға ақша береді, бірақ қарыз беретіндей ақшасын көрген емеспін. Өзі бір айлық жалақыдан екінші айлық жалақыға әрең жетеді.
Осылайша өтірік әңгімесінің майын тамызып жүргенде Әсия жұмыстан шығып кетті. Шығып кеткен жоқ-ау, шығарып тастады. Не үшін ұқпадым, шынын айтсам орналастырған танысымыздан сұрауға ұялдым. Сол өтірік айтатын қасиетін байқаған сияқты. Жұмыстағылардың да миын ашытып, құлақтарының құрышын қандырған болар. Қазір енді әп-әдемі жұмысынан айырылып, наубайханада түнгі ауысымда жұмыс істеп жүр. Түнгі ауысымға шыққалы менің де күйеуімнің де құлағымыз тыныш. Біз жұмыста болғанда ол- үйде, біз үйде болғанда ол-жұмыста. Бір жылдан асты Әсияны іздеп, хабарласып жатқан құрбыларын көрген емеспін. Бәрі қашатын сияқты. Тіпті Әсиямен шамалас бір ағайындарымның қыздарына "қыдырғанда өздерінмен бірге ертіп жүрсеңдерші" десем, мұрындарын тыржитып, күледі. Соған қарағанда олар да білетін сияқты.
Кейде Әсияға өтірік айтпа деп ақылмен айтқым келеді. Жаным да ашиды, көңіліне қараймын. Ажырасып келгені де осы өтірікшіліктің кесірі ме деп ойлаймын. Басында байқамаған күйеуі кейіннен көзі ашылып мезі болды ма екен. Ен бастысы- сенімнен кеткен соң болды ғой. Өзім де қазір Әсияға бір іс тапсырудан қорқамын, өйткені сенбеймін. Бір іс тапсырсам үнемі артынан тексеріп отырамын. Клептомания - ұрлауды жаны қалап тұратын, бір демде пайда болатын дертті құмарлық туралы естігенім бар. Бұрын біздің ауылда бір ұрлықшы жігіт болыпты. Тіпті бүкіл ауыл біледі екен. Жоқтарын іздеп сол жігіттің үйіне барады екен. Күйеуінің қылығына қанық әйелі "танығандарыңды ала беріңдер" деп жайбарақат отыра береді екен. Сол сияқты өтірік айту деген жаман әдеттің арты жақсы болмайтыны белгілі. "Судыргүл", "Судырахмет" ,«Мюнхаузен» деп бала кезде өтірік айтқан баланы мазақтаушы едік. Енді міне, туысқан сіңілім Әсияның болашағы мені алаңдатады. Осылай өмір бойы өтірік айтумен күн кеше ме? Әлде бір емі бар ма? «Өтірік өрге жүз­бес», «Өтірікшінің куәсі қа­сын­да», «Өтірікті шындай, шын­­ды құдай ұрғандай...», «Өті­ріктің құйрығы бір тұтам» демекші ертең қалай отбасын құрып, бала қалай тәрбиелейді? Достан, отбасы бақытынан, сыйластықтан жұрдай болып жалғыз қалмасына кім кепіл? 

Автор: Дина Шегебаева, Балқаш қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста