Сіңілім екеуміз әркімнің босағасында өстік

Амансыздар ма, қымбатты оқырман!  Мен өзімнің өмірімнен үзінді жазсам ба деп едім.
Біз бақытты отбасы едік. Әкем анамды алып қашып,содан шаңырақта екі қыз дүниеге келіппіз. Сөйтіп,күндер зулап өтіп жатады. Әкемнің анасы әжем анамның әр ісінен ілік іздеуді шығарады. Иә, жасы келген адам. Бірақ анам әр ісіне мұқият,өте таза,қолынан келмейтіні жоқ пысық келін болып шығыпты.  Бірақ әкем анасының айтқанынан шыға алмай ақыр соңында анаммен ажырасып тыныпты. Сөйтіп мен,сіңлім,анам үшеуіміз мамамның туысқандарын паналадық. Солай жаңа өмір басталды да кетті. Мамам, сіңлім екеумізді ағасы мен абысынының қолына тастап, өзі жұмыс жасау үшін таяу маңдағы қалаға кетті. Ал бұл жерде сіңілім екеуміздің жағдайымыз да ауыр болды. Жеңгеміз іші тар,залым әйел болып шықты. Ағамыз бар кезде бізге жақсы қарап, ал ол жоқ кезде бізге тамақ бермей жүретін. Қақаған қыстың күні ауыр шелекпен малдарына су тасытқызып қоятын. Ал өзі рахат,жүретін. Ал сол шелектегі судан сәл жерге төгіп алсақ аямай ұратын.. Ехх қатты қиналдық. Сосын анам бұны біліп сіңлімді басқа әпкесінің қолына,ал мені басқа әпкесінің қолына жіберді. Бірақ,бөтеннің аты әрқашан бөтен болып қалады екен. Сіңліме ана жақта әпкесінің қызы күн бермейді екен,анам апарып берген азын аулақ ақшасын ұрлап алып,киімдерін ортасынан қиып жыртып тастайды екен. Байқұс сіңлім ол кезде бар жоғы 3 сыныпта оқитын,күнде жылайды екен. Менің де мына жерде жағдайым мәз емес еді,мамамның әпкесінің күйеуі өте іші тар адам болып шықты. Мені ылғи кемсітіп жүретін  ,бетіме айтпаса да мені жетім деп атайды екен. Бір күні олардың үйінде ақша жоғалды. Осы үйде бір адам жалданып жұмыс жасайтын,мал қарасып. Сөйтіп сол жоғалған ақшаны менен көрді,ал мен ол кезде бар жоғы 5 сыныпта оқитын бала едім,сосын құмалақ аштырып ол ақшаны басқа біреу алғанын біледі.. Иә,жалпы бала кезде қуанғанымыздан қиналғанымыз көп болды..
Солай біз ер жеттік үй сатып алдық. Сіңлім екеуміз мектеп бітіріп, ҰБТдан жоғары балл алдық! Екеуміз де жоғарғы оқу орнына түстік. Мен Т.Жүргенов атындағы оқу орнына түсіп,оны үздік бітіріп шығып,актриса мамандығын алдым. Солай мен түрлі шағын фильмдерге түстім,Алла тағалаға сансыз шүкір. Бала кезімізден қатты  қиналып едік, тынбай еңбек еткеннің арқасында қазір жағдайымыз өте жақсы. Анашымды шет елдерге шығарып,екі қабатты  үй де соғып, сіңлім екеуміз қуантып жүрміз. Аллам анашыма ұзаақ ғұмыр берсін деп тілеймін. 
Сөздің соңында айтарым қиындыққа ешқашан мойымаңыздар! Алла Тағалам сынайды екен ғой пендесін. 

Ләззат Алматы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста