Шетелдік күйеу баладан неге шошимыз?

Жасым 60-тан асты. Шүкір үш ұл, төрт қызым бар. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере сүйіп, құда-жегжатым көбейіп келеді. Осы жасқа келгенімде бір түсінгенім, шынайы махаббат, пәк сезімде шекара болмайды екен. Егер екі жас бірін-бірі шын сүйсе, ол ұлтқа да, нәсілге де, басқаға да қарамайтынына көзім жетті.
Өйткені балалардың ішінде өзім ерекше жақсы көретін ортаншы қызым осыдан біраз уақыт бұрын қытай азаматына тұрмысқа шықты. Алғашында бұған үзілді-кесілді қарсы болғаным рас. Бірақ отыздан асқан қызымның енді бағын байламайын деп шештім. Дегенмен ағайын-туыс, дос-жаран, көршілеріме дейін бәрі менің бұл әрекетіме әлі күнге дейін ренжіп, «қызыңды қара қытайдың қойнына салып бердің, сол үшін қыз өсірдің бе?» деп менімен араласпай, ат құйрығын кесісіп кетті. Сыртымнан сыпсыңдататынын да естимін.
Жақында теледидарды қосып қалсам, көк жәшіктің ішінде зиялы қауымның қатарынан саналатын бір үлкен кісі: «Қызым Арабияға тұрмысқа шықты. Күйеу балам Дубайда тұрады. Екі-үш пәтері бар. Тұрмысы жақсы. Жылда бізді алып кетіп, әр қаланы қыдыртып, аралатып тұрады. Қызымның ерінің нәсілі басқа болғанымен, мұсылман. Күйеу балам пәленбай тіл біледі» деп мақтанып отыр. Енді ел алдында жүрген зиялы азаматтарымыздың өзі осылай үлгі көрсетіп жатқанда, біз секілді қарапайым адамды кінәлаудың керегі не? Демек, жүрекке әмір жүрмейді, пешенеге жазғаннан ешқашан қашып құтыла алмайсың деген – осы. Жә, кім кімге тұрмысқа шығады, әркім өзі біледі. Біз әркім өзі білетін демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз.
Шыны керек, кезінде қазақ зиялылары өмірде өз орындарын ойып тұрып алу үшін орыс, еврей немесе татар қыздарын алып, жар еткен. Оның үстіне ел арасындағы дипломатиялық қатынасты нығайту мақсатында ежелден бері қолданылып келе жатқан бұл үрдіс қазақ жерінде сонау үш жүздің басын қосқан Абылай ханның заманынан бермен қарай келе жатқаны, яғни қазақ жері мен елін жау қолынан аман сақтап қалу үшін Абылай ханның өзі бастап қытай мен жоңғардың қыздарын қалың малын төлеп, әйел еткені тарихтан аян. Содан бері өзге ұлтпен құда болып қыз алып, қыз берісу, сөйтіп қан араластыру, құйрық-бауыр жеу дәстүрге айналып кеткен. Сондықтан оның еш сөкеттігі жоқ деп есептеймін. Әрі-беріден соң, қазір қазақ қыздарының дені орыс-орманға тиіп жатыр. Сонда орысқа тиген қыз халал да, ал қытайға тиген қыз харам болғаны ма? Өйтіп жалған патриотизмге салынудың керегі жоқ деп есептеймін.
Біріншіден, менің қызым сабақты жақсы оқыды. Республикалық әлеуметтік бағдарламаларға құжат тапсырып, шетелде білім алатын грантты жеңіп алды. Мемлекет қаржысына Қытайдың Бейжің қаласындағы ірі ЖОО-лардың бірінді білім алды. Оқу төлемі, жатақханасы, ас-суы тегін болды. Оқуын бітірген соң, Алматыда қытай компанияларының бірінде жұмыс істеді. Айлық-жалақысы жақсы болды. Бұл өмірде неше түрлі жайлар болады, кесіп-пішіп бірдеме айту қиын. Өз қалауымен қазақ жігітіне тұрмысқа шықты. Үш-төрт жыл бала көтермеді, күйеуінен таяқ жеп, ақыры ажырасып тынды. Кейін дәм-тұзы жарасып, Алматыда қытай жігітіне тұрмысқа шықты. Бірінші неке сәтсіз болған соң, оның үстіне қытай жігіті ештеңеге қарамай алам деп тұрғасын, әкесі де мен де қарсы болмадым. Мына қызықты қараңыз, қызым бірден бала көтерді. Өте сұлу ұл баланы дүниеге әкелді. Күйеуі жақсы қызметте, қазақша біледі. Тек мұсылман еместігі болмаса... Алдымызды қия өтпейді. Бірақ ең бастысы, қызым бірінші күйеуінен көрген қорлығын бүгінде ұмытты, оны алақанына әлпештеп отырған адамы бар. Алматыда жеке пәтерлері бар, бізге де жәрдемдесіп тұрады. Оның үстіне, ең қажеттісі, қызымның жаны тыныш, қарны тоқ, аяқ-қолы түзу, дені сау, күйеуі ұрып-соқпайды, киімі бүтін, балалары бақытты, енді одан артық не керек? Құдалар да бір-біріміздің тілімізді түсінбесек те, ризамыз. Балалар бақытты. Айтыңыздаршы, ағайын, енді неге мен сүттей ұйып отырған қызымның жанұясын бұзуым керек? Қай ұлттың өкілі болса да, егер жақсы адам болса, ең бастысы, кез келген ата-анаға қызының жыламай жүргені абзал емес пе? Сондықтан мен қызымның бақыты үшін осындай қадамға бардым және өкінбеймін. Сіздер де осыны түсініңіздер!
Тағы да қайталап айтамын, неге менің қызым бөтен ұлтқа тұрмысқа шыққаны үшін кінәлі болуым керек? Осындай жасқа келген шағында біреудің көңілдесі болып, бөтен отбасының бақытын ұрлап, некесіз бала туып күнәхар болғанша, өзге ұлттың болса да етегінен ұстап, заңды түрде үбірлі-шүбірлі болғаны жақсы емес пе? Талай қыздар қазір сол отырып қалмаудың амалын іздеп, шетелге кетіп жатыр. Неге біз олардың бағын байлауымыз керек? Отыз жастан асып, сәби сүйіп, ана болуды армандаған қыздар сонда не істеуі керек?
Бұрын біз біреулер шетелдікке тұрмысқа шықса, оны ішкі есептен, байлыққа қызығушылықтан туған іс деп ойлайтынмын. Бірақ қазір қарап тұрсам, оның астарында қаншама маңызды мәселелер жатқанын көруге болады. Біріншіден, демографиялық ахуал болса, екіншіден, әлеуметтік күнкөріс те қысып барады. Әсіресе жалғызбасты әйел адамға қиын, ол тіпті өзінің жалақысын пәтерақысына да жеткізе алмауы мүмкін. Бір өзі демесең, ол да бір отбасының жүгін арқалап, бір үйді ұстауға тиіс. Сондықтан қай жағына жеткізерін білмей, әбден шаршаған қыз балалардың бір ер адамға арқа сүйегісі келеді. Сөйтеді де әйелдер «мұндай ит тіршілігі құрысын» деп өзге нәсіл иесі болса да, етегінен ұстауға мәжбүр. Бір ашуың келетіні – кейде балаларға «Отанды сүй, патриот бол» дейміз, ал өз Отанында тамаққа, не киер киімге жарымай отырған бала оны қалай сүйсін?
Біз осы орайда ең басты бір нәрсені ұмытып бара жатырмыз: екі адамның арасында шынайы махаббат болса, әрине, ес тоқтатқан жаста, онда оған ештеңе де шектеу қоя алмайды. Ұлты, нәсілі, түрі, жасына да қарамай. Тіпті бүкіл халық жақтырмайтын адамның өзін бір адам жақсы көруі мүмкін. Біз оған заңдық тұрғыдан да, ешқандай жағынан да шектеу қойғанымыз дұрыс емес. Қазақтың жігітіне тұрмысқа шығып, екі жастың басы піспей, қазақтың келіншектері жасына жетпей қартайып кетіп жатқанын көз көріп жүр. Сондықтан жалған патриотизмге салынбай-ақ қояйық. Оның орнынан өзімнің үкілеп өсірген қызым сыйға, құрметке ие болып отырса, ол оның бақыты, пешенесіне жазылғаны емес пе? Қазақтың тағдыры, қазақтың саны, сапасы, болашағы тек менің қызыма тіреліп қалған жоқ қой. Артық кетсем, кешірім сұраймын.
Сондықтан татулықтың тұрағы, бейбітшіліктің мекені болып әлем елдеріне үлгі болған – қазақ елінің гүлдене беруіне түрлі ұлттар арасындағы неке ешқандай кедергі болмайды деп есептеймін. Өйткені махаббат бар жерде ешқандай да кедергі болуы тиіс емес. Пәк те, адал сезім, сүйіспеншілік болса, бәрі де жақсы болады. Сондықтан аралас неке мемлекеттің мүддесіне қайшы келеді деген пікірмен мүлдем келіспеймін.
Шынымды айтсам, несін жасырайын, кейде ағайындардан, дос-жараннан сөз естіп, ғаламтордан неше түрлі жағдайларды оқып отырып, осы қабылдаған шешімім дұрыс па, бұрыс па деп көп ойланамын. Төрелігін өздеріңіз беріңіздер, құрметті оқырман!.. Менің осы әрекетім дұрыс болды ма, әлде...

Сәлеммен Бақытгүл апаларың, Атырау облысы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста