Сәлеметсіздер ме,құрметті қауым! Өмірімнің қай жағдайымен бөлісерімді білмеймін. Өзім Бішкекте тұрамын. Өз ата-анам Қазақстанда. Қайын атам аузында сөзі тұрмайды, өз балаларын жамандайды. Туысқандарға қарауға бет жоқ. Қайын ағам мүгедек. Басы көп ауырады, өзі ынжықтау, бос.. Жасы 35-те, үйленбеген.
Куйеуім ішеді. Кейінгі кезде ішуі жиілетіп кетті. Алға қойған еш мақсаты жоқ. Шын айтам, қатты шаршап кеттім. Сырласар ешкімім жоқ. Екі балам бар. Солардың болашағын ойлаймын. Өзім жұмыс істесем кетіп қалар едім. Екінші балам кішкентай. Кейде өкінем, неге шет жаққа куйеуге шықтым екен деп. Тағдырым солай шыгар деп көніп келем. Қазірде жылап отырып жазып отрмын. Өз әке-шешеме баруға ұятым жібермейді. Баламен қабылдайтын бір қамкор баспана ма, сондай мұқтаж жандарға көмек мекемелер бар ма Алматыда.