Сексолог Анель Нұржаубаева қандай тағамдардың қоздыратынын айтты

Адамның денсаулығы мықты болуы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Танымал сексолог Анель Нұржаубаева дұрыс тамақтану арқылы, төсек қатынасында белсенді болуға болатынын айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Елімізге танымал сексолог Анель Нұржаубаева әлеуметтік желі арқылы оқырмандарға түрлі кеңес береді. Бұл жолы ол өзінің YouTube арнасында қандай тағамдардың адамды қоздыратынын айтты.

 

Сексологтан оқырмандар төсек қатынасында мықты болуы үшін қандай тағамдарды жеу керектігін сұрайды екен. Алайда сексолог бұндай тағамдарды жегенмен ол бірден әсерін бермейтінін айтады. Ол үшін күнделікті тұтынатын тамақ дұрыс болуы керек. Яғни ет, май, ақуыз, көкөніс секілді қажетті өнімдердің барлығы болуы қажет.

 

Егер сіздің барлық тамағыңыз фасфуд болса, бургер жеп, кола ішетін болсаңыз, онда қанша қоздыратын тағам жесеңіз де сізге пайдасы болмайды. Ең бірінші осыны реттеу керек, — дейді маман.

 

Егер адам дұрыс тамақтанса, денсаулығыңызда ешқандай кінәрат болмаса, қоздыратын тағамдарды жеген кезде төсек қатынасына қызығушылық артады екен.

 

Сексологтың айтуынша, еркектер мен әйелдердің тағамы әр түрлі.

 

Өйткені біздің жаратылысымыз мүлде бөлек, сондықтан да тамақтар да әр түрлі. Әйелдер төсек қатынасына қызығуы үшін миы тынық болуы керек. Егер бір нәрсені уайымдап, ренжісе ләззат ала алмайды, — дейді Анель Нұржаубаева.

 

Сондықтан нәзік жандар миды тыныштандыратын тағамдарды жеуі керек. Яғни әйелдерді қоздыратын тағамдардың ең кең тараған түрі — майсыз балық, шоколад. Ал ер адамдарды қоздыратын тағам түріне теңіз өнімдері жатады.

 

Еркектерге теңіз өнімдері, яғни асшаян, устрица сияқты тағамдар өте пайдалы. Сонымен бірге түрлі жемістер мен бал, алое өсімдігінің де пайдасы өте көп, — дейді маман.

 

 

Сексолог төсек қатынасында мықты энергия болуы үшін бұл тағамдарды жеу аздық ететінін айтады.

 

Ол үшін ұйқы дұрыс және белсенді дене қозғалысы болуы керек. Яғни спортпен шұғылданған жөн. Күні бойы бір жерде отырып жұмыс жасайтын адамның жыныс бұлшық еті әлсіз келеді. Қанайналым дұрыс болмаса, төсекте белсенді бола алмайды, — дейді ол.

 

Анель Нұржаубаева дұрыс тамақтану арқылы түрлі аурудан айығуға болатынын айтады. Алайда адамдардың көпшілігі бұған мән бермейді.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста