Сәбиімді өз қолыммен біреуге беруге мәжбүр болдым

  Амансыздар ма, құрметті оқырман. Осы сайтқа жазылған барлық оқиғаларды жібермей оқып отырамын. Енді өзім туралы қысқаша баяндап шығайын. Менің жасым 22-де. Осыдан 7 жыл бұрын мектеп жасымда бір жігітпен жүрдім. Бізде басында бәрі жақсы болатын. Мен мектеп бітіріп жатқанымда ол маған алып қашамын, үйленейік деп ұсыныс жасады. Мен келіспедім. Оқуымды оқимын деген болатынмын. Ол маған ерегесіп басқа қызға барып жүрген екен. Сол арада сол қызды екіқабат қылып үйленетін болып шешеді. Мен оның үйленетінін тойға 3 күн қалғанда дос баласынан естідім. Ешкімге сенбей өзінен тіке сұрадым. Ол барлығын түсіндіріп менен кешірім сұрады. Солай жолымыз екіге айырылды.Бірақ мен оны жанымнан артық жақсы көрдім. Жасырын кездесугеде келістім.

Оның тойы өтті, біз жасырын кездесіп жүрдік. Мен оны қатты жақсы көргенім сонша көзім ешкімді, ештеңені көрмеді. Солай жүргенде аяғым ауыр екенін білдім. Алдырайын десем Алладан қорықтым. Бір жағынан өзім де босанып алғым келді. Кішкене нәрестенің еш кінәсі жоқ қой деп босануға бел будым. Әке-шешем естіді. Келесі күні мені басқа қалаға ұшырып жіберді. Айлар өтті, мен босандым. Айдай сұлу қызды дүниеге әкелдім. Бірақ өкініштісі қасымда ұзақ болмады.

Алыс туыс әпкем болатын. Сол әпкем бала көтере алмай жүрген соң менен қоймай сұрады. Бауырыма басам өз анасындай боламын, ешқандай қиыншылық көрмейді деп қызымды етегіне ырымдап салды. Атына аударды. Бұл жағдайдың бәрі маған өте ауыр тиді. Тек сабыр шақырып күнімен-түнімен Алладан кешірім сұраумен болдым. Одан 2 ай өткен соң мені танымайтын бір жігіт алып қашты. Менің жағдайымның бірде біреуін білмейтін. Той өтті мен ақбосаға аттадым, бетім ашылды. Мен барлығын айтам деп шештім. Сол түні айтып тастадым. Мен күйеуімді жақсы көрмедім. Төсек қатынасына да бармадым. Солай жүргенде ер азамат қой ашуланады, көңілі толмайды. Мені соққыға жықты. Мен ауруxанадан бірақ шықтым. Әке шешемнен қатты қорықтым. Беттеріне қалай қараймын. Шешемнің сөзі құлағымнан кетпеді "өз адамың, ащысын да,  тұщысын да бірге көресің, бір шапалаққа бола үйге қайтып келме"деген. Содан барар жерім, басар тауым жоқ әпкемнің үйіне бардым. Ол xабар әкемнің құлағына жетіп. Әкем өз аяғымен келіп мені жетектеп үйге алып келді.

Ендігі жерде әке шешемді жерге қаратпаймын деп өзіме сөз бердім. Оқуымды аяқтадым. Екі мамандық иесімін. Содан бері 4 жыл өтті. Бәріне уақыт емші деген рас екен. Басқаларын ұмытсамда кіп-кішкентай қызым көз алдымда. Иісі іңгәләған дауысы бәрі бәрі есімде. Сағынып, бір көрсем ғой, бауырыма бір басып иіскесем ғой деп Алладан сұрап жылап та аламын. Енді...қәзіргі жағдайымды айтайын содан бері жігіттермен сөйлессемде бірақ бір салқындық бар ішімде. Ешкімге көңілім бұрмайды. Көңіл қалғандықтан болар. Бірақ әйел заты болған соң армандайсың,тілейсің жақсы жар нәсіп ете гөр,әйел бақытын сыйлай гөр деп. Қазір бір жігітпен араласып жүрмін. Ол бұрын сотталған екен. Мінезі де ауырлау. Ол тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүр. Алдағы айда тойға дайындалайық дейді. Менің жағдайымды бүге-шүгесіне дейін біледі. Түсіністікпен қарады. Бетіме әлі басып көрген жоқ. Мазалайтын сұрақ оның жұмысы жоқ кішігірім бизнесі бар. Бизнес деп бизнес емес клуб казино сяктылардың тыныштығына жауап береді. Сол үшін ақша алып отырады. Бір сөзбен адал ақша емес. Болашақта қандай жар болады қалай бағады білмеймін. Сіздерден көмек болсын? Ақыл кеңес айтасыздар деген үмітпен жазып отырмын. Сіздерден сөгіс есту үшін емес. Алдын ала раxмет!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста