Қыдырымпаз күйеуім маған жыныстық ауру жұқтырды

Осы уақытқа дейін жасым 50-ге келгенде жолдасыммен ажырасам деген ой мүлдем миыма кіріп шықпаған ой еді.

 

Жолдасыммен 25 жылдай бірге тұрдық. Екі бала тәрбилеп өсірдік. Басымызда үйіміз де, астымызда көлігіміз де бар. Былайша айтқанда жұрт қызығарлықтай өміріміз бар болатын. Өзім мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Жолдасым қаладағы институттардың бірінде ғылыми қызметкер болатын.

 

Әжептәуір қызметі бар күйеуімді көшедегі қыздарға барады, жеңіл жүрісті қыздардан ауру жұқтырып алады деп мүлдем ойламаппын.

 

Осыдан үш ай бұрын ауырып, гинекологқа көрінгенімде, ақылы медициналық орталыққа барып, анализ тапсыруға нұсқау берді. Жанұшырып барып сынама  тапсырып, қортындысын білгенде шалқамнан түсе жаздадым. Жолдасымнан жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру жұқтырыппын.

 

Енді қазір емделіп жүрмін. Естіген күні-ақ жолдасымды барып үйден қуып шыққанмын. Бірақ сол қылығымды ұлым мен қызым құптамай қазір сөйлеспей жүр. Айналып келгенде бәріне мен кінәлідей, отбасының шырқын мен бұзғандай болып отырмын.

 

Қызым тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген. «Баратын жеріме не бетімді айтам, ата-анам ажырасып жатқаны бетіме шіркеу емес пе» деп шыр пыр. Сондай менің жаралы жаным кімге керек? Менің абыройымды кім ойлайды? Осы жаныма батып жүр.

 

Алғашында қатты кетсем де, енді қызымнан аса алмай отырмын. Ағайындардың үйінде жүрген жолдасымды балам «бүгін үйге әкелем» дейді. Бір сәт «өзім үйден кетсем бе» деп ойлап та көрдім. Бірақ онда отбасымнан тіпті ажырап қалатын секілдімін, басым қатты. Айналып келгенде әркім өз абыройын, өз басын ойлайды екен. Соған көзім жетті.

 

 

Айханым, Шымкент қаласы.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста