Қуыршақ «қызды» әйел етіп алушылар бар

Осыдан біраз күн бұрын теледидардан Нұр-Сұлтан қаласының 34 жастағы тұрғыны Юрий Толочконың қуыршақ қызға үйленуге ұсыныс жасағаны туралы айтты. Онда ол Марго есімді қуыршақпен дос болғанына жарты жылдың жүзі болғанын, Маргомен бірге түнгі клубқа, киноға, мейрамханаларға барып тұратынын айтады. 

Иә, қызды қуыршақпен алмас­тыратын мұндай жандарды идоллаторлар деп атайды екен. Идоллаторлар жаны жалғыздықтан жапа шеккенде осындай «қыздар­ға» махаббатын арнайтын кө­рінеді. Ал олардың серік етіп жүргендері – манекен секілді адамның бойымен бірдей етіп, силиконнан ерлерге арнап жасал­ған қуыршақтар. Көбіне бұл «ойын­шақтарды» аяқ-қолын бүгуге, мойнын бұруға, басқа да қимыл-қозғалыстарға келтіруге болатындай етіп жасайды. 

Бір қызығы, мұндай жасанды «сұлулардың» бағасы да арзан тұрмайды екен. АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Маркос қаласында «RealDoll» компаниясы адамнан аумайтын қуыршақтарды әр тапсырыс берушіге арнайы дайындайды. Сатып алушы адам оның бойын, салмағын ғана емес, көзінің түсіне дейін өз қалауындағыдай етіп жасата алатын көрінеді. Бір қуыршақты айға жуық уақыт жасайды. Салмағы 30-40 кило болатын бұл қуыршақтардың интернет-дүкендегі бағасы 1-4 миллион теңгенің аралығын құрайды екен. 

Қуыршақты серік ететін ерлер әсіресе Жапонияда көбірек көрінеді. Солардың бірі – 45 жас­тағы Масаюки Озаки. Ол Мая есімді қуыршақ-қызы, әйелі және кішкентай қызы үшеуі бір шаңырақ астында тұрады. Дегенмен оның махаббаты әйеліне емес, Маяға ауған. Озаки көбіне-көп қуыршақ әйелін өз қалауындағыдай етіп киіндіріп, түрлі үлгідегі жасанды шаш кигізіп, тіпті әше­кейлеріне дейін тағып, көшеде өзімен бірге алып жүруді әдетке айналдырған. Мүгедектер арбасына отырғызып алып, бірге дүкен аралайды, серуендейді, сырласады, әңгімелеседі. Ұйықтарда қасына алып жатады. Шомылдырады, киіндіреді. Оған тірі адамдай қарайды. 

Озакидің әйелі болса, жолдасының бұл тосын мінезіне еріксіз көндіккен көрінеді. Озакидің өзі жапон әйелдерінің суық әрі өзім­шіл екенін алға тарта отырып, Маяның өз сөзін үн-түнсіз тыңдай алатынын, оны сол үшін де өте жақсы көретінін, өлгенде де өзімен бірге жерленгенін қалайтынын айтыпты. 

Озаки секілділер бұл елде аз емес екен. Жапонияда жылына екі мыңға жуық адам бағасы 6 мың доллардан жоғары тұратын қуыршақтарды сатып алатын көрінеді. Мұндай жандардың түсінігінде жасанды «қыздар» ешқашан шағым айтпайды және дауласып, жанжалдаспайды, не айтса да үнсіз тыңдайды және айтқанға көнеді. Содан да болар, қуыршақ-қыздармен «қарым-қатынаста» болатын жапониялық ерлердің саны жыл сайын өсіп келе жатыр екен. Бүгінде бұл елдегі туу көрсеткішінің төмен­деуінің бір себебі осы болып отырған көрінеді. 

Қуыршаққа құмарлық тек ерлерде ғана емес, ана болуды армандап жүрген әйелдерде де кездеседі екен. Кәдімгі баладан айнымайтындай етіп жасалаған сәби қуыршақтар ана атана алмайтын әйелдерге психологиялық тұрғыдан өз уайымын жеңуге септігін тигізетін көрінеді. Олар қуыршақ-сәбиге өз баласындай қамқорлық танытып, өзімен бірге серуенге алып шығады. Мұндай реборн-қуыршақтардың салмағы да, бойы да кәдімгі сәбидікіндей болады, тіпті оның кейбіріне баланың жүрек соғысын біл­ді­ретін құрылғылар да орнатылады. Бұл қуыршақтар балаларға арналмаған, оны тек әйелдерге ғана арнап жасайды, сондықтан мұндай реборндардың бағасы да арзан тұрмайды. 

...Иә, әлемде осындай да қызығушылықтар бар екен. Ал оның психологиялық ауытқушылық не қалыпты жағдай екені түсініксіз. Өзіңе жақын жанды қуыршақпен алмастыратын мұн­дай әрекет адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың жоғалып бара жатқанының бір белгісі емес пе екен? 

М. БИБОЛ.
www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста