ҚҰМАР ОЙЫНДЫ ҚОЯ АЛМАЙ ЖҮРМІН...

ҚҰМАР ОЙЫНДЫ ҚОЯ АЛМАЙ ЖҮРМІН...

«Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретіні» секілді казино да дәл солай, барсаң ұтыласың, ал бармасаң, қаншама ақшаны уыстап ұтып жатқаның түсіңе кіріп, дегбірің қашып ұйықтай алмайсың. Сосын ендігі жолы барсам жолым болады екен, ақшаға қарқ боламын деп, еріксіз тағы да казиноға бас сұғасың. Бұл әдеттің жақсылыққа апармайтынын ішің сезе тұра, өзіңе-өзің тоқтау сала алмайды екенсің. Бұның арты өкінішке толы түпсіз дүние екен. Жә, бәрін басынан бастайын, құрметті «Алаш айнасының» оқырмандары. Менің басыма түскен зобалаң былай басталған еді...
Жалпы мен казиноға ешқандай қызықпаушы едім. Жұмыста бірге істейтін сыйлас ағам осы ойынға құмар болған соң, мені өзімен бірге ертіп алатын. «Басында менің қолым жақсы жүреді, әжептеуір ақша ұтамын, бірақ дереу тұрып кете алмай сан соғып қаламын, сондықтан ақшаны екі-үш есе көбейткен соң, мені дереу тұрғызып алып кет», - деп айтып жүретін. Оның үстіне онда тамақ, сыра, темекі – бәрі-бәрі тегін болған соң, бір жағынан қарын тойғызып, екінші жағынан ойын көріп қайтамын деп барып жүрдім. Осылайша карта ойынын бірте-бірте үйрене бастадым. Кейде әлгі ағам «картаны сен ашшы, сенің қолың жеңіл» деп отыратын болды. Шынында да осындай кезде мен ашқан картадан ұтыс шығатын. Кейін ойынға деген құмарлығым артып, енді казиноға жалғыз баратынды шығардым. Басында 200 доллармен кіріп, ойынға екі мың теңге тігіп, қолыма үш тұз, бір кароль түсіп, бірден 500 доллар ұттым. Дереу казинодан шығып, ертесіне базарға барып киім алдым. Жарымды киноға, кафеге ертіп, серуендедік. Ақшаның оңай табылатын жолын тапқан соң, казиноға жиі баратынды шығардым. Кейде ұтасың, кейде ұтыласың. Айлығыңның бәрін беріп, қиналатын кездерің болады. Достарыңнан, туыс-таныстарыңнан ақша сұрап, қарызға батасың. Мені қойшы, бұл жерде небір дөкейлер жүретін көрінеді. Олар біз секілді 200-300 доллар емес, 25-30, тіпті 50 мың доллармен келіп, құмарын қандырып жатады.
Негізі құмар ойын түрлерін жақсы білсең, ішкі логикаң мықты болса, казинодан да үлкен пайда табуға болады. Мәселен рулетканы бұрып жібергенде ол қаншалықты қатты айналды, енді қай нөмірге түсетінін мұқият қадағалауың керек. Алдымен жіті зерттеп алып, ішкі интуиция арқылы кішкене шар осы нөмірге түседі-ау деген оймен жобалап бірнеше нөмірге фишка салсаң ұтуға мүмкіндік бар. Ойын автоматында да сол, алдымен ойыншылар қай автоматқа көберік ақша салды, соның бәрін қадағалап отырып, көп ақша түскен автоматта ойынды жалғастыруың керек. Егер ол автоматта 100 мыңнан аса қаржы жиналып қалса, көп жағдайда ол ұтқан табыстың 30-50 пайызын шығарып тұрады. Тек осы кезді сәтті пайдалануың керек. Бұл жерде білім, жіті зерттеу, ішкі түйсігің мықты болуы тиіс. Диллер карта таратқанда да солай, өте мұқият болсаң, одан да жақсы табыс табуыңа болады. Бірақ қанша дегенмен құмар ойын наша секілді елітіп тұрады. Мұны жақсылап меңгеремін дегенше, көлігің, үйіңнен айрылып, кредитке кіріп кетуің ғажап емес. Достарыңмен де қарыз үшін қарым-қатынасың үзіліп, жалқаулыққа салынып (егер казинодан ұтатын болсам, жұмыс істеп керегі не деген ой туады), үнемі стрессте, ұрлық жасап, өтірік айтып, арты қалай басыңды қауіп-қатерге тігіп алғаныңды аңғармай қаласың. Бұл ауру жазылмайтын дертке айналуы мүмкін. Сондықтан мен де осы құмарлықтан құтылуды ұйғардым. Өйткені осы құмарлықтың салдарынан отбасымды қарызға батырдым. Үйді де, көлікті де кредитке қойдым. Ең ақыр аяғы әйелімнің құлағындағы алтындарын сатып, казиноға бардым. Жарқыраған келіншегім, екі ұлым, әке-шешем, шүкір, бәрі бар, бірақ олар да менен әбден езі болды, шаршап кетті. Үйден де, күйден де айрылғаннан кейін, әйелім балаларын алып, төркініне кетті. Ажырасып тындық. Балаларыма уақытылы алимент төлей алмай, сотты болдым. Достарым да теріс айналды. Ең соңында жалғыз қалдым. Шешем де менің қылығымнан түңіліп кетті. Жалғыздық деген өте қиын екен. Әсіресе отбасылы болып жүріп, жалғыз қалып қалған өте ауыр. Өмірден баз кешіп кеткім келеді кейде. Үйдегілер енді маған көмектесе алмайды. Қарыздарым қатты мазалап жатыр, сотқа берді. Кейде ішіп кетіп, осының бәрін ұмытқым келеді. Бірақ құлындарымды ойлап, есімді жиып аламын. Қалайда құмар ойынды қойып, отбасыммен тату-тәтті өмір сүргім келеді... Қандай ақыл бересіздер!
Төлеген

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста