Құлай сүйген жігітім қарамай кетті

Мен тұрмыс құрғанға дейін бір жігітті құлай сүйдім. Бірақ біздің арамыздағы махаббат ұзаққа созылмады. Қазір ойлап отырсам, «қыздардың өзі сүю &ndash соры ғана» демекші, ол жігітті мен сүйгенмен ол мені бағаламаған екен. Өзім сүйген жаннан көңілім қалған соң көп ойланбай өзімді сүйген жанның етегінен ұстап кете бардым. Мен бүгін «Алаш айнасындағы» «Отбасы &ndash ошақ қасы» айдарына өзімнің отбасылық өмірім жайлы жазуға бел будым.

«Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, бірінші жігітімнен көңілім қалғаннан кейін екінші мәрте жігіт атаулыға сенбейтінмін. Жандос менің соңымнан көп жүгірді. Оған мен бұрылып қарамасам да, дөрекі сөйлесем де мені қашанда сыйлап, айтқанымды екі етпейтін. Бірақ мен оны ұната алмадым. Ол менің дегеніме көнген сайын мен оған ашуланатынмын. Жандос екеуміз бала кезден бірге өстік. Ол тіпті менің басқа жігітпен жүргенімді де біледі. Бірақ қандай жағдайда да ол менің жанымнан табылды.

Жасым 24-тен асып барады, құрбыларымның бәрі дерлік тұрмыс құрды. Ал мен болсам, өзімді тастап кеткен жігітті ойлап неменеге сонша қайғырамын деп бір күні ашуландым да, Жандосқа отбасын құру туралы ұсынысты өзім жасадым. Оның қуанышында шек болмады. Бірден ата-анамызға Жандос екеуміздің үйленетінімізді айтып, той қамына кірісіп кеттік.

Тойымыз өтіп, ыстық-суығымыз басылғаннан кейін нағыз отбасылық өмір басталды. Жандос екеуміз ауылда бір ай демалып алғаннан кейін қалаға келіп жұмысымызға кірістік. Күні бойы жұмыстан шаршаймыз, кешке жалдамалы пәтерімізге келеміз. Балалы болғанға дейін пәтер алуға талпыныс жасадық. Біздің жалдап тұрып жатқан пәтерімізге Жандостың ата-анасы жиі келіп тұратын. Әсіресе, мамасы екі күннің бірінде біздің үйде. Қайын сіңілімді ертіп алады да, біздің үйге келеді. Жай ғана келмейді, Жандос екеуміздің арамызға түседі. Маған «неге бала тумайсың, ақшаларыңды қайда жіберіп жатсыңдар» деп көп сөйлейді. Алғашында аса мән бермей сұрағына жауап беріп отыра беретінмін. Кейін үндемей құтылатын болдым. Бірде Жандоспен ренжісіп қалғанымызда ол маған: «Сен мені жақсы көрмейсің, мамамды да сыйламайсың, тіпті сөйлескің келмейді» деді. Соған қарағанда енем мен туралы баласымен сөйлесетін болып тұр ғой. Өзімнің Жандосқа бауыр баса қоймағаным бар, енемнің әлгіндей сөздері қатты жаныма тиді ме, одан сайын өзіммен өзім тығылып, ешкіммен сөйлеспей тұйықталып кеттім. Қит етсе бар ашуымды Жандостан аламын. Ол да менімен көп сөйлеспейді, сырласпаймыз. Сөйтіп жүргенде мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Шынымды айтсам, не қуанарымды, не қуанбасымды білмедім. Ал Жандос болса, баласы болатынын білгеннен кейін маған қамқорлық жасап, үнемі қабақ шытпауға тырысатын. Мен оны байқайтынмын, бірақ оған жан дүниеммен ашылып, оны шын жүрегіммен құшақтап, мойнына асылуға қысылам ба, өзімнен өзім тартыншақтап тұратынмын.

Көп ұзамай тұңғыш қызымыз дүниеге келді. Жандос сәбиіміз туылғаннан кейін біраз уақыт қуанышты болып жүрді де, уақыт өте келе маған деген көңілі суығандай болып көрінді. Үйге өте кеш келеді, келген соң бұрынғыдай мені құшақтап, аймаламайды да, төсегін салады да жатып қалады. Кейде тіпті тамақ та ішпейді. Оның мұндай іс-әрекетіне біраз уақытқа дейін үндемей жүрдім де, бір күні тағатым таусылып, Жандос екеуміз қатты ұрсысып қалдық. Ол маған: «Мен саған керек емеспін, сен маған тұрмыс құру керек деп қана шықтың, қазір құшағыңда бала бар, мен тіпті де саған керек емеспін» деп айтып салды. Ашумен екеуміз біраз жерге барыстық. Осы ұрыстан кейін мен заттарымды жинадым да ата-анамның үйіне кетіп қалдым. Анам менен мән-жайды сұрағанан кейін: «Қызым, сені дәл Жандостай ешкім сүйе алмайды, отбасын сақтау керексің. Менің айтар ақылым осы, өзің шеш» деді. Ал әкем болса тіпті менің көңіліме қарап бір ауыз сөз де айтпады. Бір-бірімізді үнсіз түсіндік. Мен тура бір ай ата-анамның үйінде болдым. Бір айдан кейін Жандос келді. Ол менің өзімен бірге үйге қайтуымды өтінді. Ал мен іштей онымен бірге үйге еріп кеткім келіп тұрса да, бармайтынымды айттым. Ол бұрылып кете барды. Жандостың үнсіз теріс бұрылып кетіп қалғаны менің жаныма қатты батты. Сол кезде ғана мен Жандосты қатты сағынғанымды, онсыз мен үшін өмірдің мәні жоқ екенін түсінгендей болдым. Оның үстіне кіп-кішкентай қызым әкесінің көшірмесіндей қатты ұқсайтын. Қызыма қараймын да, Жандосты сағынамын. Сосын біраз уақыт өткеннен кейін барынша батылданып, Жандосқа өзім хабарластым. Оны кездесуге шақырып, сөйлескім келетінін айттым. Екеуміз кездестік, сөйлестік. Мен оған жақсы отбасы болғанымызды қалайтынымды айттым. Сонда ол маған: «Жаным, сен үнемі күліп жүрші, әйтпесе қабағың бір ашылмайды. Әйел адамның қабағы қату болса, үйде де береке болмайды. Мен де өз кемшілігімді түзеуге тырысамын, маманың сөзін де аса көңілге ала бермеші, мен сені жақсы көремін» дегенде көзімнен аққан жасты әрең тоқтаттым. Расында да мен бұрын қатты қателесіппін. Өзімді бағлайтын, жақсы көретін адамға қыр көрсетемін деп өз бақытымнан айрылып қала жаздадым. Осы жағдайдан кейін Жандос екеуміз тату тәтті өмір сүруге бір-бірімізге ант бердік.

Қазір мен жолдасым келгенше дәмді тағам әзірлеп қоюға, қандай жағдай болса да ашуланбауға тырысамын. Міне, Аллаға шүкір бір жылдан асты шәй десіп ұрсысқан жоқпыз. Жақында баспаналы болатынымызға кәміл сенемін. Ал дәл қазір Жандос екеуміз екінші сәбиімізді күтіп жүрміз.

Назым, Семей

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста