Сәлеметсіздер ме, қыз-келіншектер. Мен осы жақында басымнан өткен оқиғамен бөліскім келіп тұр. Маусымның 19 жұлдызынан бастап бұрыннан танитын баламен жүре бастадым. Бұрыннан өзін білсем де, сезімін білмеген екенмін. Соңғы уақытта көп қиындық болып, менің жанымнан табылып қолдау көрсетіп жүрді. Көмегін қабыл алып жүріп, қалай ғашық болып қалғанымды білмей қалдым.
Содан 19 маусымда екеуміз бір боламыз деп сөз байласып, қыз-жігіт болып жүруге келістік. Өмірімнің қуанышты сəттерінің бірі еді. Ендігіде біздің бақытты сәттер басталды. Күнделікті кездесіп, оқуға да, базарға да бірге барып, күнде кешке бірге қыдырып, бір-бірімізден ажырап кетсек, сағынып, қайта-қайта телефонмен сөйлесіп жүрдік. Бірақ осы бақыт та, қуаныш та ұзаққа созылмады. Бақытым тек 10 күнге созылды.
Маусымның 29 күні тез арада жолығуымыз керек, есік алдына шықшы деген сөздері мені елең еткізді. Шықсам менен жасырған қандай сырын бар деп айтпасы бар ма? Оған өмірімнің əрбір тұсын айтып берген болатынмын. Жасырғаным жоқ, кімнен не естіп келдің, - десем. Бұрын тұрмыста болғанын рас па?- дейді. Еріксіз көзіме жас келіп, біреуден естіген өтірігін үшін мені тергеуге келіп тұрсын ба деп қатты ренжідім. Содан кейін əр күнім жылаумен өтті.
Оның сенімсіздігін кешіре алмайтынымды білсем де, шындыққа көзін жеткізгім келді. Өмірімнің əр кезеңін айтып келіп, өз өтірігін қосқан ғой əлгі адам. Жігітім оның сөзіне иланып, күнде мені сұрақтың астына алады. Мен де кім мені қаралап жүрген деп сұрап қоймаймын. 2 шілде күні келіп, кешірім сұрады. Енді маған сенесін бе? - десем. Мен ешкімге де сеніп отырған жоқпын, - дейді. Сенбейді бірақ жоғалтқысы келмейді. Осы күні ақыры ол адамға ештеңе де айтпаймын, кім екенін айтшы деп жалынып сұрап алдым. Сөйтсем, бəрін бүлдіріп жүрген құдашам екен.
Отбасы, бала-шағасы бар əйел менің өмірімде не ақысы қалғанын, неге олай өтірік айтқанын.
Келесі күні ертемен қояр да қоймай құдашамның нөмерін тауып алып сөйлестім, "мен сені тұрмысқа шықты деп естігенмін" деп ақталып жатыр. Шындыққа көзіңізді жеткізіп, жігітімнің отбасына айтыңыз, - дедім. Ол жігітімнің өзіне емес, анасына айтқан ғой мен туралы, екеуі бірге жұмыс істейді екен. Сомен ол шындықты біліп, əлгі отбасыға айтқан. Менен кешірім де сұрады.
Бірақ енді одан не пайда, сенім болмаған жерде болашақ жоқ деп жігітіммен татуласпай отырмын. Енді бəрібір бірге бола алмаймыз, мен бұл жайтты ұмыта алмаймын, - десем. Маған енді сенсіз өмір керек емес, - деп, жүрегіме одан бетер жара салады. Енді не істесем болады.
Татуласқан күннің өзінде бұрынғыдай бақытты бола алмаймыз. Əрі енді қосылуымызға отбасыларымыз да қарсы. Бəрін құртқан ойланбастан айтылған құдашамның сөзі. Не үшін, оған не жаздым екен деген сұрақ əлі мазалайды.
Өтінемін қыз-келіншектер ойланбай сөйлемейікші. Біреудің ойланбай, білмей айтқан бір ауыз сөзі басқа біреудің тағдырын шешуі мүмкін.
Аноним
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz