Құда баламмен бірге болғанда ғана өзімді нағыз әйел сезінемін

 Ерланмен қайнымның тойында таныстық. Қалыңдық жағынан жекжаттардың бірі. Жанында толықша келген, қысқа шашты әйелі болды. Тойда билеп жүріп, ара-арасында сөйлесіп үлгеріп, арамыздан бір ұшқын шарпып өтті.

Бір аптадан соң күндіз кездестік. Пәтерді жалға алып, аптасына бір рет кездесетін болдық. Бірде бұл жүрісімді күйеуім біліп қала жаздады. Ерлан хабарлама жазған еді, соны оқып отыр едім, күйеуім біреумен «смс» жазысып жүрсің бе, деп бас салғаны. Ауа-райы туралы кепті деп зорға құтылдым.

Ал Ерлан маған төсекте жалынды, ыстық екенімді айтады. Күйеуіммен ешқашан жасамаған түрлі дүниелерді тәжірибелеп, барынша ләззәт алуға берілемін. Ерланның да қиялында шек жоқ екен. Бұрын мен көрмеген, білмеген қызық нәрселер жасайды. Әйел адамға жыныстық қатынастың тигізер пайдасының көп екенін түсіндім. Жалпы әйел затының құлазыған көңілін көтеретін де, жасартатын да төсек қатынасы екен.

Ерланмен кездескелі бері жадырап, жүзіме күлкі үйіріліп, бейне бір керемет сезімде, ұшып жүргендей сезімдемін. Қыз бен жігіт болып жаңа танысып, жүріп жүрген кездегі балғын сезімдер қайтадан оянып, бақыттан басымның айналып жүргенін кімге айтарымды білмедім. Ерланмен кездескенде ғана өзімді нағыз әйел ретінде сезіне аламын.

Осылайша үш айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім…

Қуанарымды, не жыларымды білмедім, бірақ қуаныш басып кетті… Негізі күйеуіммен арада бір қызымыз бар. Екінші құрсақты да босанатын болып шештім. Сөйтіп, ұл туып алдым. Бірақ, баламның кімнен екенін нақты білмеймін. Кейде өз-өзімнен жиіркенемін, бірақ баламды көріп, жиіркенішім басылады…

Күйеуім мұның бәрінен бейхабар, әрине. Оның көзіне қарасам, кейде қуыстанамын. Жүктілік кезінде, босанғасын Ерланмен қарым-қатынасты үзуге тура келді. Бірақ, оны жадымнан шығарған емеспін. Балам алты айға толғанда өмірімде Ерлан қайтадан пайда болды. Өзімнің ішкі сезімдерімді өзім түсінбей әлекпін.

Мен күйеуімді де сүйемін, Ерланды да сүйемін. Екеуінсіз де өмір сүре алмаймын. Ерланмен болған сәтте күйеуімді ойлаймын, күйеуіммен болған кезде Ерлан ойымнан шықпайды. Әрине, күйеуім төсекте Ерлан тәрізді емес, дегенмен өзімді сыйлайды, жақсы көреді.

Мені жазғыратын шығарсыздар, енді біреулеріңіз ұрысатын шығарсыздар… Менің жасаған әрекетім қате екенін білемін. Бірақ жүрегімнің қалауынан аса алмадым…

Әбден шатастым. Кеңес беріңіздерші!
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста