Сәлеметсіздер мен, құрметті оқырман! Мен кешегі жағдайымды айтайын деп осында жазып отырмын. Кеше күйеуімнің туған күні болды. Дастарханға ақша бер деп едім, қолыма үш мың теңге тастап өзі тойлап, сыра ішіп кетті. Мен үйдегі бар нарсемен дастархан жасадым, жоқтан бар жасап, дастарханды жайнатып қойдым. Кеш батып бара жатқан соң телефонына звондап, ақшаң болса, дастарханға жеміс-жидек, торт ала кел деп едім, жарайды деді. Ол кезде қонақтың басы келіп қойған.
Мен қолымдағы бар ақшаға сусын анау-мынау алып келгем. Дүкен алыста болғандықтан әрең көтеріп келдім. Қонақтардың бəрі келді өзінің достары айелдерімен, қайын апкелерім күйеулерімен, өзімнің дос қызым да келді
Бәріміз дастарханға отырдық, ол әлі жоқ .Бір кезде мен звондап қайдасың,сусын бітіп қалды, ала кел дедім. Ол біраздан соң үйгер кіріп келіп, бүкіл қонақтың көзінше шешемнен түк қоймай боқтап, өзімді түн ортасында жаяу дүкенге қуып жіберді.Мен одан қатты қорқам өйткені ол ашуланса тепкілегенде өлгенше ұрады. Жүгіріп отырып арақ, сусын алып өтрік күліп кіріп келгенім сол еді əкелген өзіме лақтырып жіберді. Жүгіріп ас үйге кіріп кетіп едім астындағы орындықты лақтырды.
Сондағысы неге сусынды алдын ала әкеп қоймайсың дейді. Әкелгем, бітіп қалды десем ұқпайды. Қонақтар шошып кеткен . ешқайсысы дастарханнан ауыз да тиген жоқ. Содан маған қонақтар кеткен соң сені өлтіремін деді. Қонақтар кетті, қайын әпкелерімді жібермей әңгімелесіп ол ұйықтап қалғанша отырыңыздаршы деп ұстап отырдым. Ол ұйықтап қалған соң өзім енемнің үйіне қашып кеттім.Таңертең қайын атамды ертіп келдім. Ол кісі баласына ұрсып кетіп қалды. Атам кеткен соң қайта басталды сол әңгіме. Мен қателік жасадым деп отырған жоқ, тағы да боқтап-боқтап кетіп қалды. Жаңа келіп үйдегі бар арақты алып кетті. Мен қорқамын өз күйеуімнен. Ажыраса да алмаймын, үш ұлым бар, қайда сиямын. Осы қылықтарының бірін төркініме айтқан емеспін, сыйын кетірмесінші деп. Менің төркін жағым ауыздарынан суы құрып айтады сенің күйеуің алтын ғой деп. Алдап ұстағанға да келмейді, көнбейді. Дəл казір өмірден түңіліп, жылап жатырмын.
Аноним