Сəлеметсіздер ме көпшілік оқырман. Менің үлкен проблемаммен бөліскім келеді.Төрт баланың анасымын.Үлкенім қыз бала.Неге екенін білмеймін, қызыма көңілім суық. Ол төсекке жіберіп қояды.соған ренжігеннен бе, əйтеуір ұрса беремін.Басқа балаларыма олай емеспін.Оңаша калғанымда қызымды ойласам, жүрегім ауырады.Өзіне салқындығымды қызым сезе ме?!Ертеңгі күні мені жек көріп кете ме деген сұрақтар миымды жейді. Жолдасыммен де кейде қызым үшін ренжісіп қаламыз.Өзім туған қызыма неге солай екенімді еш түсіне алар емеспін.Жеке психологпен сөйлескім келеді, шынайы ақыл қосатын адам керек болып жүр.Қызымды жақсы көремін негізі.Махаббатымды көрсете алмаймын айтеуір. Жылы сөз айтып еркелеткім де келеді. Бірак бірдеңе тоқтатып калады. Ой қоссаңыздар екен.Өзім мұғаліммін.Бірақ осы нəрсеге миым жетпеді.
Аноним