Өзбек қызы басымды айналдырып алды...

Өзбек қызы басымды айналдырып алды...

Құдай Тағала менен мейірімін аяған емес. Ерте үйленсем де, ел қатарлы тұрмысымды тез түзедім. Педагогикалық институттың бірінші курсында бас қосқан жарым Айнагүл айналасы 6 жылда 3 ұл, бір қызды дүниеге әкелді. Институтты бітіргенше пәтер жалдап тұрдық, ал қолымызға дипломымызды алған күні екі құда қосылып, ақша біріктіріп, Алматының қақ ортасынан 3 бөлмелі үй сатып әперді бізге. Қуанышымызда шек болмады.

 

Өзім институт қабырғасында жүріп-ақ қалалық кітапханаға жұмысқа тұрып алғам. Қарын тоқ, көйлек көк. Еш уайым-қайғысыз едік. Балаларымыз да шетінен мектеп табалдырығын аттап, мен қызметім жоғарылады. Келіншегім үйде балалардың жайын жасап отырды.

 

Жалпы біз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Мен Жамбылдан, ол оңтүстіктен еді. Бір-бірімізге ғашық болғанымыз сонша, тіпті бір күн көрмей қалсақ алаңдап, іздеп тұратын ек. Құдайдан арамыздағы махаббат пен сыйластықты жоғалтпауды тілеуші едім.

 

Бірақ, тағдыр сызығы біз ойлағанбай сызылмайды екен. Бірде біздің кітапханаға өзбек қыз жұмысқа тұрды. Техникалық қызметкер болып. Ашаң жүзді, топ-томпақ, өзі әзілқой жан екен. Жұмыстағы ер адамдар тіпті оның дене бітіміне қызығып, ауыздарының суы құрып жүрді. Ол қыз мені көргенде ерекше жымиып, сәл ұялғандай төмен қарай қалатын. Сыпайы, тәрбие көрген қыз екен ойлайтынмын. Бөтен ойым болған емес.

 

Арада біраз уақыт өткен. кітапхана ішінде әлгі өзбек қыз кітапхана басшысының орынбасарымен әуейі екен деген әңгіме шыға бастады. Екеуін кеш бата кабинеттен көріп қалғандар қатары да көп болып шықты. Не керек, біздің жас жігіттер әлгі қызға шетінен қырындай бастады. Тіпті айдарларынан жел есіп, көңілдері марқайып қайтқандар жауды жапырып келгендей болып жүрді.

 

Бір күні осы қалай екен деген желік кірсін көңілге. Құдай ақы, осыған дейін әйелімнің, адал жарымның көзіне шөп салмақ түгілі, басқа әйелге тіктеп қарап, сәп салып көрмеппін. Енді кеп бойымды желік билеп, өзбек қызбен бір тілдесіп көрер ме едім деген ойға құладым. Өз-өзімді түсінбейтін хәлге жеттім. Әйеліме қарасам болды қарадай қысылып, өзімнен жиіркенем. Әйелім де бірдеңені сезіп, күдікпен қарайтын секілді.

 

Бір күні каинетімде кештетіп отырып қалсам, Михрибан кіріп келді. Әрнені бір түрткен болып, айналшықтап жүрді. Сайтаным азғырып, орнымнан тұрдым да, сөренің шаңын сүртіп жатқан Михрибанды белінен құшақтай алдым. Тұла бойы дір еткендей болып, ол артына бұрыла бергенде ернінен бас салдым...

 

Сол түні біз менің кабинетімде қонып қалдық. Өзбек қызы қылықты болып шықты. Түнімен бойымды балқытып, жанымды баурап, әйелім екеуміз білмейтін тың тәсілдермен есімді шығарсын...

 

Ертесі мен Михрибанға ғашық болғанымды ұқтым. Санам сансырап, ойым мыңға бөлінді. Үйге қоңырау шалып, іссапармен сыртқа кетіп бара жатқанымды ескерттім де, телефон тұтқасын тез қоя салдым.

 

Сол түні Михрибан екеуміз қонақ үйде қайта табыстық. Таңға дейін ыстық шарпысулар мен, тәтті өбісулерден ес жия алмай, бір-бірімізге ғашықтығымызды, сезімімізді ақтарып салдық. Ол тіпті сізсіз өмір сүре алмаймын деп егіліп жылады. Менің де ендігі өмірім сенімен жалғасса екен тілегім бар дедім. Сонымен таңға жуық екеуміз қос ұстасып қашып кетуді ойластырдық. Мен банкіге жиып қойған қомақты ақшамның бар екенін айттым. Ол ақша сол кездегі Алматыдан 1-2 бөлмелі пәтер сатып алуға еркін жететін еді.

 

Біз екі күннен соң Өзбекстанның Г. қаласына тұрақтадық. Бірден сол қаладан 4 бөлмелі үй сатып алып, оны Михрибанның атына жаздырдық. Бақыттан басымыз айналып, күндеріміз шуақты өтіп жатты. Михрибан екеуміз қалған ақшаға үйге қажетті заттар мен мебельдер алып, сықатып қойдық.

 

Өтірігі не керек, есіме анда-санда әйелім мен балаларым түседі. Бірақ бойымда бір жеккөрініш пе, әлде бұрқ еткен ашу-ыза ма, өзіме түсініксіз бір сезімдер пайда болады. Сосын өз өзімді әзер басам. Ондай сәтті Михрибан да сезетіндей, дереу келіп ақ білегін мойныма орап, еркелей аймалап, төсекке тарта жөнелетін. Ізінше барлығы ұмытылып, өзімді жұмақтың төрінде жүргендей сезіне бастайтынмын.

 

Михрибан туыстарым Сайрамда тұратын деп көп айтатын. Бірақ мына қалада да оның таныстары мен туыстары көп болып шықты. Күнде үйге бір-екі жақыны кеп кетеді. Құтты болсын айтып жатады.

 

Осылай өң мен түстің арасында бір жыл өте шығыпты. Шыны керек қазір ойлап қарасам мен сол аралықта не шала ес болдым, не миым мүлде істемеді. Өйткені өзімді бір бұлттардың ішінде қалықтап жүргендей өте жеңіл сезінетінмін. Тіпті уақыт тоқтап қалғандай көрінетін маған.

 

Менің қалтамдағы ақша бітіп, біз енді тұрмыстан қысыла бастадық. Тоқсаныншы жылдардың басындағы тоқырау Өзбекстанда тіптен қатты сезілді. Елде жұмыс жоқ. Босып кеткен еркектер. Мен көрші тұратын өзбек, кәріс ағайындармен ішімдікке құмар бола бастадым. Бәрібір жұмыс жоқ. Құры қиялдау мен ми ауыртудан ештеңе өнбейтін еді. Ол орта мені тез қабылдағандай. Сыра көтерген ер азаматтар менімен танысуға құмар. Біразын үйге ертіп келіп жүрдім. Михрибаным оларды танитын болып шығады бұрыннан. Қуанып қалам мен байқұс.

 

Бірде қатты шөліркеп оянып кеттім. Төргі бөлмеден ыңырсыған әйел дауысы мен ырсылған еркек үні естіледі. Басында мән бермей туалетке өтіп бара жатқам, артынша мынау Михроштың даусы ғой деген ой келе қалды. Қалт тұра қалдым. Ақырын басып, есікті ашып қалсам, менің әйелім Шухраттың үстіне шығып алып, қиқаңдап отыр. Екеуі де тыр жалаңаш. Шухрат... Бағана үйге ертіп кеп, екі бөтелке арақты бөліп ішкен Шухрат. Базарда ет сататын. Досым деп менімен қаша рет келді осы үйге. Ары қарай не болып, не қойғаны есімде жоқ. Ертесі басымда сулық, шекем жарылған, қолым, кеудем бәрі әйнекпен сырылған, төсек тартып жаттым. Михрош аяғының ұшымен жүгіріп жүр.

 

Сол күннен бастап мен өмірге басқаша қарай бастадым. Баяғы әп-әдемі Михрошыма зер салып қарасам, түрі ұсқынсыз біреу көлбеп тұрады. Мынаның жанында қыздай алған қосағым Айнагүл мың есе әдемі емес пе?! О, Құдай, мен не істедім, мен бүлдірдім?!

 

Бізден бір қабат төмен тұратын Адалят ақсақалмен аулада көп шүйіркелесіп отыратын ек. Бір күні ол кісіге басымнан өткен жайтты жасырмай айттым. Адалят ақсақал күрсініп алды да маған ұзақ қарады. Сосын, "балам, бұл қыз осы өңірге атақты жезөкше ғой. Анасы да қара магиямен қатты айналысатын. Қалай сенің басыңды айналдырып алған деп елдің бәрі таңырқап жүр" деп айтып қалды.

 

Ертесі мен Адалят ақсақалдан қарызға ақша алып, Михрибанға ештеңе айтпай Шымкентке, одан Алматыға тартып кеттім.

 

Үйіме келдім... Балаларым өсіп қалыпты. Әкелеп кеп мойныма асылғанда... Құдай-ай, мына кеудедегі жүрегім қалай жарылып кетпеді деші. Айнагүл айым дым демеді. Жақ ашпады. Ваннаға кіргізіп, әбден жуындырды. Тамақтарын беріп, балаларды жатқызып тастады да, жаныма келіп отырды.

 

Ол мені еш кіналаған жоқ. Сол бір жылдары Алматыға жан-жақтан келімсектер қаптап, қалталы, сымбатты, болашағы бар деген ер азаматтардың басын оқытып алып жатқан кез екен. Мен жоқ боп кеткен 1,5 жылда балаларды жылатпай, жетімсіретпей, әкелерің ұзаққа іссапарға кетті деп сендіріп келіпті. Өзі мені іздеп, жан-жаққа сұрау салған. Ақыры өзбек қызбен кеткенімді біліп, бақсы-балгерлерге жол аштырыпты. Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент бақсыларының көбі менің басымдағы дуаны қайтара алмапты. Түркістанға дейін барып тәуап еттім дейді Айнагүл. Ақыры болмағасын үмітім үзіле бастады дейді. Содан бір күні көкбазардан азық-түлік алып, шығып келе жатсам есік аузында бір сыған әйелі маған алыстан тесіле қарап отырғанын сезіп қалдым да, жанына жеткенде тоқтай қалды. "Қызым, - деді сыған кемпір. - Басыңда ауыр жағдай, мұң бар екен. 5 минут уақытыңды бөлші. Саған бәрін айтып берем" деді. Содан сыған кемпір сенің басыңды өзбек қыздың оқытып алғанын. Оны анау-мынау емес, сығанның ең мықты бақсысына оқытқанын, оны сығандардың өзінен басқа ешкім қайтара алмайтынын айтты. Содан мен ол кісіге жат та кеп жабыстым. Ертесі мен сенің суретіңді алып әлгі сыған әйелге тағы да келдім. Ол мені базар шетіндегі контейнерга әкеліп, сенің суретіңе қарап ұзақ күбірледі. Жарты сағаттан соң барып, "енді шамамен 1 жылдан соң күйеуіңнің дуасы қайтады. Сол сәтте әлгі өзбек әйел екеуінің арасында бір оқыс оқиға болады. Күйеуің сол сәтте ес жиып, өз өзін қолға ала алса, онда саған қайта оралады" деді. Мен есім шығып жылап, Құдайға мың жалбарынумен болдым. Берген ақшамды қалтасына салған сыған әйел қолымдағы алтын сақинаға телміре қарап тұрды да, сақинаңды маған тастап кет, отбасыңдағы бар пәлекет осымен кетсін деп оқимын деді. Айтқанын орындадым.

 

Расымен содан бері уақыт санап жүрмін. Тура 1 жыл 4 күн өтті, - деді Айнагүл. Мен таңға дейін оған өз басымнан өткен оқиғаны айтып бердім. Тіпті мына 1,5 жыл уақыттың 2-3 күн сияқты тез өтіп кеткенін, қалған күндердің мүлдем есімде жоқ екенін айттым. Содан екеуміз біраз уақыт жылап алдық. Ол мені кешті. Мен кешірім өтіндім. Енді бір бірімізден ажырап қалмауға сөз еттік.

 

Ия, Алла, содан бері қаншама уақыт өтті. 20 жылдан астам. Сол оқиғадан бері бес уақыт намазымды қаза қылмаймын. Жақында немерелі болдым. Айналам толған туыс, жақын. Бәрі маған кешіріммен қарады. Мен бақыттымын. Өз отбасымды таптым, өз ортама оралдым. Бақытыңызды бағалаңыз әрдайым.

 

 

Есенбек Таубай

Алматы

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста