Қатты қиналып кеттім, өлгім келеді. Өлуге көптеген əрекеттер жасадым. Бірде тамырымды кеспекші болғанымда əпкем көріп қалып маған сөгіп ұрысып тастады, енді қайталама деп жылады. Əпкемді қатты жақсы көремін. Өйткені ол менде қалған жалғыз жақын адамым.
Əке-шешем мен 8-де болғанымда қайтыс болды. Ағам, əпкем үшеуміз қалдық. Бізді əкемнің бастығы өз қамқорлығына алды. Ол кісінің балалары жоқ еді. Жақсы адам болды. Ал əйелі бізді мүлде жақтыртпады. Жетімек, жетімсіңдер деп жылататын. Ағам 16 жасында машина қағып кетіп, қайтыс болды. Сол қайғыдан кейін есімізді жия алмай көп жыладық, өмірден түңіліп кеттік.
Бауырымыздың қайтыс болғанын көре тұрып бастықтың əйелі үшеу болып еді екеуге азайды, Құдайға шүкір деп жараның орнын тырнаумен болды. Ол үйде тап бір малайдай өмір сүрдік. Ашуланса, бар ашуын бізден алады. Үйге қонақ келсе, бізді өз қызындай көріп, мақтайды. Оған қатты жыным келетін, қылғындырып өлтіре салғым келетін. Ұйықтап жатқан жерінен жастықпен тұншықтыра салғымда келетін, бірде солай жасаймын деп өлтіріп тұрып таяқ жедім. Үстімнің бəрі көкала болды. Оны қоймай бастыққа айтты. Бастық өзінің əйелінің қандай екенін білді ме, ештеңе айта қоймады, қайта өзіне ұрысып, тіпті қол көтерді. Сол кезде бастық өз əйелін бірінші рет ұрған екен. Бастықтың əйелі бəрі үшін бізді кінəлап күн көрсетпеді. Осылай уақыт зырлап өтіп жатты. 4 жылдан кейін бастық қайтыс болды. Содан кейін əйелі бізді үйден қуып шықты.
Əпкем екеуміздің баратын жеріміз болмады. Ол кезде менің жасым 14-те, əпкемнің жасы 18-де болды. Əпкем өз күшімен универге түскен болатын, степендиясымен күнелтіп, таң ертең сабағына барып, түстен кейін жұмыс естеді. Мен де əпкемнің қасында жүріп ақша таптым. Біз əпкемнің универінде оқитын 2 қызбен төртеу болып, квартираның ақшасын бөліп төлеп тұрдық. Қыздарға жігіттері келетінді шығарды. Өздері емес, қастарына достарын ертіп келетін. Бірде əпкем жұмысқа кеткенде жігіттер келді. Қыздармен ішіп, шегіп отырды. Мен төргі бөлмеге барып ұйқтап қалдым. Екі қыз жігіттерімен кетіп қалған. Бір жігіт мас болып қалып қойған екен. Сол түні мені ол зорлап тастады. Пәктігімнен айырды. Сосын қашып кетті. Менің сол кездегі жағдайымды ешкім түсінбес. Əпкем үйге келіп менің жағдайымды көріп, менімен қосылып жылады, кешірім сұрады. Келесі күні біз ол жерден кетіп қалдық. Басқа пәтерге барып тұрдық. Қиындықтар көп болды.
Əпкем 21 жасында жақсы көрген жігітне күйеуге шықты. Балалы болды. Бəрі жақсы болып келе жатқанында жездем бір оқиғадан кейін мүгедек болып қалды. Жүре алмайды. Бірақ əпкем оны тастамады. Қазір үйіне, ата-енесіне, баласына бір өзі қарап отыр жəне мен бармын. Мен қазіргі уақытта колледжде 2 курс оқимын. 1 курста бір жігітпен танысып оқу бітіргеннен кейін үйленеміз деп келіскенбіз. Ол менің жағдайымның бәрін білді. Басында жасырмай айттым, қанша қиын болса да. Ол ештеңеге қарамастан сені аламын деді. Солай жүргенімізге 8 ай болғанда ол мені ата-анасымен таныстырды, барлық жағдайды түсіндірді. Мені жақсы қабылдағандай болды. Ол мені туысқан ағаммен таныстырам деп қоймады. Танысуға барғанда ол жерден менің өмірімді тас-талқан қылған жігіттің тұрғанын көрдім. Жігітімнің ағасы болып шықты. Оны көріп кетуім керек деп кетіп қалдым. Содан кейін жігітімді ұмытуға тура келді. Қатты қиналдым. Ол мені тез ұмытып кетті. Менің группамда оқитын бір қызбен жүріп кетті. Менің көзімше сол қызды қушақтап сүйеді.
Аноним