"Өлтіріп кетем деп қорқытты" - Араб жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы Динара Мұсабаева өміріне қауіп төндіріп, қоқан-лоққы жасағандармен соттаспақ. Ал күйеуі Сауд Арабиясының Елшілігінен көмек сұраймын деп бекініп отыр. Бұл туралы қазақ қызы Экспресс К тілшісіне айтып берді.

 

Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны Динара Мұсабаеваның тұрмысқа шыққаны туралы ақпараттан соң оның ар-намысына тиіп, тіпті "өлтіріп кетемін" деп қорқытатындар пайда болған. Олар әлеуметтік желі арқылы қазақ қызының жекесіне шығып, аудиожазбалар жолдаған. Солардың бірі — өзін Тараз қаласының тұрғынымын деген жас жігіт.

 

"Әлеуметтік желілерде мен туралы түрлі пікірлер жазылып жатты. Әркім өз ойларын жазуға құқылы ғой, аса мән бермедім. Бірақ осы бір жігіт өзімнің жекеме шығып, үздіксіз аудиожазбалар жолдады. Әлі де ойына келгенін жазып жатыр. Шынымды айтсам, ар-намысыма тиген боқ ауыз сөздерді айтуға аузым бармайды. Сонымен қатар, "Өле қал", "Өзіңді де, ағаңды да, күйеуіңді де өлтіріп кетемін" деп кәдімгідей қорқытып отыр. Ең қатты көңіліме тигені марқұм әкеме тіл тигізді. Мен ата-анама тіл тигіздіріп, қарап отыратын қыз емеспін. Сол үшін полицияға арыз жаздым, соңына дейін барамын. Полицейлер табылатынын айтты. Тіпті адвокат жалдап, тиісті жазасын алуын талап етемін", — деді қазақ қызы.

 

Динара Мұсабаеваның айтуынша, күйеуі Сұлтан Әзиз Сауд Арабиясының Қазақстандағы консулдығынан көмек сұрамақ ниетте екен.

 

Жас жұбайлардың жеке мұрағаты

 

"Ол жазбаларды оқыған жолдасым да қатты ашуланды. "Сен менің әйелімсің, демек сені маған анаң, туыстарың маған аманат етіп тапсырып отыр. Мен сені қорғай алмасам несіне күйеу болмақпын? Сол үшін Сауд Арабияның Алматыдағы консулдығына барып, араша сұраймын" деп отыр. Өздеріңіз де білесіздер, оның соңы үлкен дауға айналып кетуі мүмкін. Себебі, Тайланд елімен осыған ұқсас бір жағдай болған ол жақта. Содан кейін Сауд Арабиясы ол елмен байланысты үзіп, тіпті азаматтарының елге кіруіне тыйым салды. Күйеуіме әзірге басу айтып, полицияға арыз тастап, өзіміз шешейік деп отырмын", — деді Динара Мұсабаева.

 

Экспресс К тілшісі адвокат Гүлжан Әбдіхалықовадан әлеуметтік желі арқылы ар-намысқа тию, өміріне қауіп төндіргендерге қандай жаза қаралғанын сұрап білді.

 

"Бұл қылмыстық іс. Қылмыстық кодекстің 131-бабы (Қорлау) бар. Сол баптың екінші бөлігінде көпшілік алдында немесе БАҚ, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған әрекеттер деп аталады. Бұл бойынша 200 айлық-есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары мен 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған. Ал "өлтіріп кетемін" деп қорқыту — өмірге қауіп төндіру деп аталады. Бірақ ол жалпылама солай. Себебі, ол қорқыту қалай жасалынды, қандай жағдайда? Оның бәрі тиісті заңға сәйкес қаралады", — деді адвокат.

 

Еске салсақ, апта басында әлеуметтік желілерде қалыңмалына 10 миллион теңге берілген қазақ қызы туралы видеолар пайда болды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста