Амансыздар ма, құрметті қауым! Өмір көрген апа, жеңге,əпкелер, маған ақыл қосыңыздаршы.
Осыдан екі ай бұрын отбасын құрдым. Бір көрген жігіт алып қашты. "Қайтып келген қыз жаман" деген атқа қалмау үшін қалдым.Түскен жерім жаман емес. Дегенмен қаржы жағынан өте төмен екен.Б арлықтарының басында кредит бар
.Жолдасым отыздан асып қалған соң үйленуге мəжбүр болыпты. Мен 22 жастамын. Қалың мал деген болмады.Бір халаттан басқа ештеңе алып бермеді. Беташарымды бір ай өткізіп, туған-туыстары міндет қылып жасап берді.Ата-анам басында алып кетпекші болды...Бірақ ол кезде некем қиылып қойған еді...Содан қалдырды...
Ендігі мәселе, өзің қандай болсаң, қайын жұртың сондай болады деген рас екен. Яғни,кредит деген нəрсе менде де бар... Жылдам ақша дегеннен осыдан тоғыз ай бұрын қырық мың теңге алған едім.Сол компаниядан бүгін смс келді. Ісіңіз коллектор компаниясына өтіп кетті деп... Одан бөлек Каспий банктен екі жүз мың кредітім тағы бар.Жолдасыма айтқаннан пайда жоқ сияқты...Өз ата-анам кредитім жайлы мүлдем білмейді. Өзім жұмыс жасап жауып жүргенмін...
Бүгін жолдасымнан мені қалаға жіберуін сұрадым. Жіберуге келісіп отыр.Кредитке былтыр жеке кəсіп ашып ұтылып минусқа кіріп кеткен жайым бар. Қалаға кету керек пе, білмеймін, бірақ жүрегім тыныш емес...Не істесем болады...Басым жетер емес...Жолдасым да жұмыссыз...Кетпейін десем тағы болмайды...Кетейін десем қазірдің өзінде менде оған деген сезім жоқ.. Ажырасып кетем бе деп тағы қорқамын. Өтініш, дұрыс жол көрсетіңіздерші...Ойлана, ойлана ой түбіне жете алар емеспін...Банктермен қандай да бір келісімге келуге болама...Бөліп төлеу деген сияқты...Əбден шаршадым...Не істерімді білмеймін...Сіздерде сөз жəрдемін күтемін.
Аноним