Нағашысы жиеніне үйленіп еді...

Нағашысы жиеніне үйленіп еді...

Бұл өмірде неше түрліні көреді екенсің. Нағашы ағасы өзінің жиен қарындасына үйленгенін де көзіміз көрді. Жылдардың қатпарында қалған сол оқиғаны бүгін «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жолдап отырмын. Кейінгіге сабақ болсын. Негізі, өмірде кездесуі ықтимал жайттардың ашық айтылғаны дұрыс деп ойлаймын.
...Берік екеуміз – ағалы-інілі адамдардың балаларымыз. Беріктің әкесі – менің әкемнің туған ағасы.
Ол кезде мен кішкентаймын. 1-сыныптарда оқитын кезім шығар. Берік әкелеріміздің туған қарындасының қызына, яғни, өзінің туған жиен қарындасына үйленді. Берік фермада тұрады. Нұргүл фермаға сақманға барып жүріп, екеуі көңіл қосып, Нұргүл жүкті болып қалады.
Екі жақ бір-бірімен қырқысып, талай айғай-шу болған да шығар, бала болғандықтан, оларды біле бермеймін. Дегенмен, арада құдалық болып, Берік Гүлнұрға үйленіп, екеуі фермада бөлек отау болып біраз жылдар тұрды. Екеуі екі балалы болды. Бір қыз, бір ұл. Туыс адамдар үйленсе, балалары кем туады деп жатады ғой. Абырой болғанда, бұлардың балаларының дені сау болды.
Кейін Берік пен Нұргүл ажырасып кетті. Ажырасуларына екеуінің де мінездерінің нашарлығы себеп болған болар. Нұргүлдің мінезі әу бастан адуынды. Берік болса тұрақсыздау, бөспелігі бар.
Нағашы әжесі кейін Берік жайлы әңгіме айтып отырғанда, «Берік әскерде жүргенде бір орыстың қызымен жүрген екен. Сол қыз мұны дұғалап тастапты. Бір жерде тұрақтамайды» дегенін құлағым шалған. Кім білсін, дұғаласа дұғалаған шығар. Өйткені сол Берік бірнеше рет үйленді. Не бір жерде тұрақтап жұмыс істемей, не бір адаммен дұрыс тұрмай, ұшарын жел, қонарын сай білетін. Сөзге шешендігінен бе, әйтеуір өзі үйі бар, күйі бар келіншектердің қолына кіріп алуға шебер еді.
Нұргүл болса кейін бірнеше жыл бойы ішімдікке салынды. Беріктен соң да тұрмысқа шығып балалы болды.
Олардан туған екі баланың да өмірлері оңып кете қоймады. Қыздары Анар орысқа тұрмысқа шығып, ажырасып, тағы да күйеуге тиді. Шылым шегіп, қалай болса солай жүреді. Ұлдары Арман жаман емес, дегенмен, ол да келіншегінен ажырасып, қазір бөгде дін жетегінде жүр.
Жалпы, өз басым өз ауылымда немесе басқа жақта осылайша жақын туысына үйленіпті дегенді бұдан кейін естіп-білген емеспін. Және мені сол кездегі үлкендердің әрекеттері таңғалдырады.
Олар нағашылы-жиенді қалайша жайбарақат үйлендіріп, қарап отырды? Бәлкім, мұндайда қыздың баласын алдыртып тастау керек пе еді? Әлде басқаша жаза қолданулары керек пе еді? Қалай болғанда да, нағашы мен жиеннің бір-біріне жақындасуы, отбасын құруы дұрыс емес қой.
Алайда үлкендер мен ойлағандай ойламаған сияқты... Оларға тіпті Берік пен Нұргүлдің үйленуі қалыпты жағдай сияқты көрінген де шығар.
Олай дейтінім, сол Нұргүлдің туған әпкесі Жәния жасөспірім шағында бір жылдай уақыт біздің үйде тұрыпты. Ол менің ағам Саятпен бір сыныпта оқыды. Сонда әжем (бізге туған әже, ал Жәнияға нағашы әже ғой) менің анама: «Мына Жәнияны бауырыңа тарта бер. Саятқа алып беруіміз керек», - дейтін көрінеді. Қара жер хабар айтпасын, әжеміз иманды болсын, ал енді, өзіңіз ойлаңызшы, осы есі дұрыс адам айтатын сөз бе? Сонда әжеміз өзі итермелеп тұр ғой ағамды туған жиенін алуға. Бірақ Саят Жәнияны алған жоқ.
Өсе келе осы жайттар мені қатты жирендіріп, өзімнің немере және жиен ағаларыма аға деп қарай алмайтын болдым. Туыс ер адамдардың бәріне көңілімде біртүрлі күдік, сақтық пайда болды. Кім білсін, туысына құмарту олардың қанында бар шығар? Көңілімде ылғи осындай ойлар.
Киноларға қарасақ, шетелде нағашы-жиендер үйлене беретін жайттар кездеседі ғой. Мәселен, «Сүлеймен сұлтан» фильмінде Сүлейменнің баласы оның туған жиеніне үйленеді. Десе де, өз басым мұндайға қарсымын. Келер ұрпаққа тигізетін генетикалық зиянын айтпағанда, мұның тәрбиеге әсері кері деп ойлаймын. Бұл, тіпті, антитәрбие, меніңше!
Енді бір қызық айтайын, жаңағы Жәния, Нұргүл деген жиендеріміздің туған бауыры бар Тілек деген. Өзі өте бұзық, тіпті отырып та шыққан. Бірнеше рет үйленген. Ішіп алса есін білмей қалады деп еститінмін. Енді бірде әпкелерінің бірі «Ойбай, Тілек туған апасының қызын зорлап тастай жаздады, ол – маньяк!» дейді. Содан бері Тілекпен тіпті телефон арқылы сөйлесуден қашқақтайтын болдым.
Енді бірде жеңіл көлігімен кездесіп қалды көшеде. «Жүр, барар жеріңе апарып тастайын!» - деді. «Әлде кафеге барасың ба? Қай кафеге апарайын өзіңді?» деп қояды маған. Құрдасым емес, кластасым емес, жігітім емес, жиен ағаммен кафеге барып жын шалып па? Өмір бойы бойымды билеп келе жатқан сақтық инстинкісі бар ғой. «Ой, рахмет, келесі жолы барармын кафеңе. Асығып барамын!» - деп құтылдым. Берік пен Нұргүлдің масқара қылығы өмір бойғы сабақ маған. Оларды азғырған шайтан мүмкін Тілектің бойында жүрген шығар?
Қысқасы, мен туысқан ағаларыммен көп араласқым келмейді. Арам ойлары бардай көрінеді де тұрады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста