Мысықтың туған күнін атап өткен отбасы қызу талқыға түсті

Мысықтың туған күнін атап өткен отбасы қызу талқыға түсті

Мысықтың 1 жасқа толған туған күнін ерекше атап өткен отбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Мерекелік отырыстың видеосын ТікТок қолданушысы жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазба Джэссика есімді мысықтың 1 жасқа толған туған күнінде түсірілген. Отбасы мүшелері бұл күнге ерекше дйындалғаны көрініп тұр. Барлығы мерекелік қалпақ киіп, дастархан жайылған бөлмеге келген мысықты  «Туған күніңменен» (Happy Birthday to you) әнін шырқап қарсы алады. Тіпті туған күнге келгендердің бірі скрипкада ойнайды.

 

Отбасы мүшелері мерекелік торттың орнына  мысықтарға арналған тағамдар алыпты.

 

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары мысықтың туған күнін атап өткен отбасыны қызу талқылап жатыр. Бірі сынның астына алса, енді бірі мысыққа ұзақ ғұмыр тіледі.

 

«Өмірің ұзақ болып, әрқашан тойып жүр. Джэссика, туған күніңмен», «Күлейін бе, жылайын ба? Өмір не боп барады?», «Мысықтың өмірі менікінен жақсы ма дедім ғой», «Көз тимесін…», «Менің туған күнім бұлай өтпеген. Сонда мысық құрлы болмадым ба?»,   «Шығармайтындары жоқ», «Қыздарының қалауын орындап берген ата-анасы  жарайсыздар», «Еріккендер», «Джэссикада арман жоқ» деп жазды желі қолданушылары.

 

Айта кетейік, видео қашан және еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Бір күн бұрын желіде жарияланған бейнежазбаны 900 мыңға жуық қолданушы қарап үлгерген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста