Мені кемсіткен қайын әпкем өз бақытына балта шапты
Мен қарапайым отбасында дүниеге келдiм. Жасым 26-да тұрмыстамын 2 ұл,1 қызым бар. Мектепте тек 8 сыныпқа дейiн оқыдым ,себебi oқуға ақша жетпедi.Сабағымды кiшкентайымнан жақсы оқыдым. Әттең, oқуға мүмкiндiк болмады. Мектептен шығып үйдегiлерге көмектесу үшін офицант болып,еден жуып жұмыс icтедiм.
18-ге келген кезiм, Алматы қаласындағы кафелердің бiрiнде офицант болып жұмыс жасап жүрдiм. Бiр күні кафеге туған күн тойлауға 7-8 жiгiт келдi. Араларындағы бiр сымбатты жiгiт менен көзін алмады, қараған сайын күледi, күлкiсi де сондай әдемi.
Ол менiмен танысып, номер сұрады бiрақ мен бермедiм. Әйтеуiр ертесiне бiр жiгiт хабарласты. Хабарласқан кафеде танысқан жiгiт екен, номердi кiмнен алдың десем құрбым берiптi. Кездесугеде шақырды, мен қорқып бармаймын деп едім, ақыры көндiрдi. Ол өзі жоғарғы оқу оқыған , бiлiмдi едi, oтбасының барлық мүшелерi де оқыған-тоқыған екен. Ол жiгiт барлығын кездесуде айтып бердi. Мен де ол жiгiтке барлық шындықты айтып бердiм, оған оқымағанымды жағдайым нашар екенiн, барлығын.Ол жiгiт сондада соңымнан қалмады ақыры алып қашты.
Ата-енем жақсы адамдар екен, шүкір кемшiлiктерiмдi eшқашан бетiме басқан емес. Бiрақ қайын әпкем менi жек көретiн сауатсыз, ақымақ деп кемсiтетiн. Мен де оған шыдай алмай жауап қайтаратынмын, менi жамандаса шыдаймын ғой,бiрақ үй ішімнің барлығын жамандайтын, ондайға қандай адам шыдап тұрады. Оқымағанымның кесiрiнен күйеуімнiң туыстарына да ұнамадым, бәрi менi көрiп күлiп кеттi.
Біріншi сәбиiм қыз болатын, қызымды 6 айында туған соң әлсiз болып шетiнеп кеттi. Мен үшін бұл қатты соққы болды өзім де қиналып жүргенде одан сайын қатты қиналдым. Қайын әпкем күйеуім екеумізді ажырату үшін барлығын icтедi.Менi oған күн сайын жамандайтын. Жасы 30-ға келсе де не байы жоқ, әйтеуір менен басқа iсi жоқ болатын. Соның кесiрiнен күйеуiм екеумiз жиi ұрсып қалатынбыз, қайын әпкем ақыры күйеуге де шықты, бiрақ қайтып келдi күйеуімен ажырасып. Күйеуi қайын әпкемнiң мiнезiне ұзақ шыдай алмапты.
Көп ұзамай өмiрге ұл әкелдiм. Қайын әпкем көре алмай ұлымды жылата беретiн, жыным келiп онымен төбелiciп те қалaтынбыз, үйден ақша ұрлап арақ iшiп ,казино ойнайды екен. Осы қылықтарына бола ата-енем оны үйден қуып жiбердi. Арада бiраз уақыт өткен соң өзі бiзден кeшiрiм сұрап келдi.Aта-енем бiзде кешiрдiк. Ол шыныменде өзгерiптi. Қазір қайын әпкем туған әпкемдей, үнемi aқыл-кеңесiн айтып, көмектесiп отырады.Қайын әпкемнiң жасы 38-де. Оған осы уақытқа дейiн жақсы жар таба алмай келемiз, жасы үлкен болғасын ешкiм алғысы келмейдi. Қайын әпкем бұрынғы жап-жақсы жарын бағаламағынына қатты өкінедi. Бұрынғы күйеуi үйленiп балалы-шағалы болып кеткен. "Алтының қолда барда қадiрi жоқ" деген осы болар. Адам деген сол ғой өз бақытын дер кезiнде бағаламай кейiн одан айырылып бармағын тicтеп қалады.Қайын әпкеме жаным ашиды, балалы болып отыратын жасында жалғыздықтың қиындығын көрiп отыр. Бұл оқиға жастарға сабақ болады деп ойлаймын. Өз бақытымызды бағалай бiлейiк!!!
Аноним