Материалдық жағдайың болмаса жар табу да қиын екен

Ер адам болған соң проблемаңды біреуге жайып салған да ыңғайсыз. Бірақ шынымды айтсам сансырап кеттім. Айналама қараған сайын өмірден түңіле түсем. 34-тен астым. Бірақ әлі бойдақпын. Мен қатарлылардың баласының алды 3-4-еуге жетіп қалды. Ал өзім әлі күнге қара басымды асырай алмай жүрген тірлігіме қарным ашады. Бірдеңе істегім келеді, бірақ ештеңенің көзін таппай далмын. Апырап-жапырып бірдеңе бітіре қоятындай ақшам болмаса да қайратым бар ғой. Бірақ «жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» деген рас екен.
Әсіресе былтыр ауылға әке-шешеме ас беруге барғанда бір кластасымның баласының өзімен бірдей болып тұрғанын, 13 жаста екенін көріп қатты ойландым. Талай рет ойландым шаңырақ құру туралы. Бірақ не үйім жоқ, не көлігім жоқ. Бірнеше жыл бұрын әке-шешем қайтыс болып кетті. Ауылдағы үйде аға-жеңгем тұрады. Әке-шешем қайтыс болып кеткен соң, аға-жеңгем қолында тұра беруге ыңғайсызданып, қалаға келдім. Қазір қаладағы техникалық тауарлар құрастыратын зауыттардың бірінде оператормын. Бос кезімде қоймаларға барып жүк тиесіп, ақша табуға тырысамын. Бірақ қанша тырыссам да, тапқан қаражатымның берекеті кірер емес. Ауылдан келген балалармен бірге пәтер жалдап тұрамын. Тапқаным ішіп-жем мен пәтерақыдан ауыспайды. Қай бір жылы несие рәсімдеп, қаладан 70-шақырым жердегі ауылдардың бірінен 6 соттық жер сатып алып, оның несиесін былтыр ғана әзер төлеп біттім. Енді ол жерге екі бөлмелі болса да шатыр тұрғызайын десем «қысқа жіп күрмеуге» келер емес.
Баста екі бөлмелі болса да баспана тұрғызып алып барып, үйленейін деп ойлайтынмын. Байқаймын биыл да баспана тұрғызатындай шамам жоқ. Бұл көктемде де ештеңе бастай алмайтынымды біліп тұрмын. Жыл сайын кейін шегеріп, үйленетін де уақытым өтіп барады. Несие алып үй бастайын десем, үйленуге де ақша керек. Шынымды айтсам басым қатып жүр. Ағам мені үйлендірмек түгілі отбасын асырауға шамасы әзер жетіп жүр. Сондықтан сенетін де ешкімім жоқ. Бірақ үйленгім келеді. Арақ ішпеймін, темекі де шекпеймін. Тіке жұмысыма барып, бос уақытым болса еңбек етіп, бірді екі қылуға тырысып-ақ жүрмін. Бірақ тіршілігім де өнер емес.
Жолдастарым бірнеше рет қыздармен де таныстырып көрді. Бірақ танысуын танысқанмен, үй жайыма, материалдық жағдайыма қарай ма қыздардың қашқақтағанын байқап, өзім де көп қинамай қоя саламын. Кейбіреуі ашықтан ашық бас тартса, енді бірі телефонын көтермей қашады. Шынымды айтсам соңғы кездері үйленуім керек деген ойдан да бетім қайтып қалды. Өйткені әр қызбен танысқан сайын, бетімді қайтарғанда кәдімгідей енді қызбен таныспастай болып, бетім қайтып қалады. Осы уақытқа дейін не бітірдім, не қойдым деген ойлар жанымды қинайды. Не үйім, не жөні түзу қызметім жоқ. Бала шаға, отбасым тағы жоқ. Өзімше еңбек етіп жүргендей боламын. Бірақ сол қаржының берекеті кіріп, не үй салуға, не шаңырақ көтеруге жетер емес. Олар болмаса үйленіп үй де бола алмайды екенсің. Осы ойлардан шаршап та жүрмін. Ауылға қайтып баруға намыстанамын. Онымен қалада да тіршілігім жөнделіп кетер емес. Кейде осының бәрін ойлап түңіліп те кетемін. Кейде өмір сүруге деген ынтамды арттырса деп, бірдеңеге сенгім келіп намаз да оқығым келеді. Басым қатты. Шынымен өмір сүру қиын ба, әлде мен өзім қиындатып жүрмін ба?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста