"Мәйітті жасыруға тырысқан": Қызылордада күйеуі ұрып өлтірген әйелдің туыстары оқиғаны баяндап берді

Қызылордада үш баланың анасы Ажар Шадиеваны өз туған күнінен кейін күйеуі ұрып өлтірген болатын. Әйелдің анасының айтуынша қылмыскер мәйітті жасыруға тырысқан. Марқұмның жақындары оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Қайғылы оқиға күні Ажар күйеуімен, оның досымен және екі туысқанымен бірге кафеде туған күнін атап өткен. Әйел үйіне ертерек оралғысы келген. Бұл күйеуінің шамына тисе керек, ол сол жерде жарын ұрып соға бастаған. Сол арада куәгерлер полиция шақыртқан. 

“Кейін Ажардың телефонымен полицей анасына хабарласқан. Ол кезде Ажарды күйеуі үйіне алып кеткен. Ал оның телефоны кафеде қалған екен. Полицей анасына хабарласып болған жағдайды айтып, олардың шотты төлемей кеткенін жеткізген. Тіпті қызын ауруханаға апаруға кеңес берген екен. Өйткені күйеуі оны есінен танып жатқан жерінен алып кеткен. Ажардың анасы хабарды естіп бірден оның үйіне жүгірген. Барған кезде күйеу баласы, оның демалып жатқанын айтып, кірмеуін сұраған екен. Алайда анасы көрпешеде оранып жатқан қызын көру үшін ашып қалған кезде оның, жан тапсырғанын бірден ұққан. Күйеуі мәйтті жасыруға тырысса керек, оны жуындырып, жақсылап орап тастапты”,- деді марқұмның әпкесі Жұлдызай.
Жақындарының айтуынша Ажардың сау-тамтығы қалмаған. Күйеуі оны метал затпен ұрған. Құрбылары оның соққыға жығылғанын бұрындары да көргендерін және ажырасуға кеңес бергендерін айтады. 

Ажар бір күн бұрын 27 жасқа толып, қаза тапты. Оның артында үш баласы қалған. Ең кішісі екі жаста.

“Ол балаларын қатты жақсы көрді. Бір өзі жұмыс істеп отбасын өзі қамтамасыз етіп отырды. Балаларын ешкімнен кем қылмады”,- деді марқұмның құрбысы Белла Іңкәрбекова.

Ажардың құрбылары оның ашық, жарқын, мейірімді, жақсы адам болғанын айтады. 

Полиция күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғады. Ол кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал марқұмның туыстары полициядан бастап сол күні куә болған, бірақ араша түспеген барлық адамдардың жауапқа тартылуын талап етуде.

Еске салсақ, Қызылордада 3 тамыз күні күйеуінен таяқ жеген үш баланың анасы көз жұмған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста