Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?
Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін байқататын жеті ерекшелікті NUR.KZ порталы anews.com сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
1. Ол сіздің өзіңізді опасыздық жасады деп айытпайды
Егер сізді жарыңыз еш себепсіз опасыздық жасадың деп айыптай бастаса, бұл оның өзі талай нәрсені бүлдіріп үлгергенін аңдатуы мүмкін. Ұры құлыптарға сенбейді, алаяқ банктерге сенбейді, ал көзге шөп салуды ұнататын адам жарына сенбейді.
2. "Бұл жай досым, алаң болма"
Ер азаматтардың өзге әйелмен жай ғана жақсы дос болуы екіталай. Әсіресе ол әйелдің есімі отбасында жиі аталып, күйеуіңіз оған жиі хабарласатын болса. "Бұл жай ғана досым, алаң болма" десе бір гәп болуы әбден мүмкін.
3. Ол сізбен тым көп достар жиналатын ортада бірге болудан қашады
Егер ол сізбен көп достарының ортасында бірге болудан қашса, сол достарының арасында көңілдесі бар болуы ықтимал.
4. Оның барлық жағдайға сылтауы табылады
Ер азаматтың өз опасыздығын мойындай салуын күтсеңіз, оңбай қателескеніңіз. Егер оның сылтауы көбейіп, соңғы рет қайда болғанын дөп басып айта алмаса, дабыл қаға беріңіз.
5. Оның, туыстарының, достарының сізге деген қарым-қатынасы өзгеріп кетеді
Опасыздық жасалғанын біліп қойған достар, туыстар сіздің қасыңызда түк болмағандай жүре бермейтіні анық. Олар бұл туралы тіс жармаса да, сізге тіке қараудан ұялып, алшақтай бастайды.
6. Төсек қатынасындағы өзгерістер
Әйелдер ері өзгемен болса, төсек қатынасында суықтық болатынына сенімді. Алайда ер азаматтар керісінше, көңілдесі болған жағдайда әйелімен төсек қатынасында тым белсенді болатындарын жасырмады.
7. Ішкі түйсік
Сіздің ішкі түйсігіңіз жарыңыздың шөп салғанын айтып тұрса да, оның адалдығына күмән келтіргіңіз келмейді. Бірақ үнсіз жүре берсеңіз, жағдай, тіпті ушығып кетуі мүмкін.